Солтүстік Каспий жобасында D аралы мен «Болашақ» зауыты арасындағы кәсіпшілік құбыр желілері учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, Консорциум Қазақстанға Қашағанды толық ауқымда игерудің жаңа тұжырымдасасын ұсынуға дайындалуда.
ҚҰБЫРЛАР БЕТОНДАРМЕН ҚАПТАЛЫП КЕЛЕДІ
Жаңа 28 дюймдік мұнай құбыры мен газ құбырларына арналған құбыр секциялары, күткеніміздей («Қашаған – бұл басы ғана...» мақаласын қараңыз), бетондалып келеді. Естеріңізге салсақ, осы жұмыстардың барлығын жоба операторы NCOC тәулігіне 370 мың баррель өндіру жоспарланған Қашаған кен орнының 1 Кезеңі – Сынақтық-өнеркәсіптік әзірлемені (СӨӘ) жүзеге асыру аясында жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Қашаған кен орнының 2015 жылға арналған жылдық жұмыс бағдарламасы және бюджеті (ЖЖБжБ) аясында да бір қатар жұмыстар жоспарланған. Алғашқы кезекте бұл – D аралы мен «Болашақ» мұнай және газ дайындау кешені қондырғысы арасындағы учаскеде кәсіпшілік мұнай және газ құбырларын ауыстыру, сондай-ақ коррозияға төзімді қоспа жалатылған Х60 маркалы құбыр сатып алу және монтаждау жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар, келесілерді қамтитын кешенді бағдарлама қарастырылған:
1. СӨӘ-нің аяқталмаған жұмыс көлемдерінің бәрін аяқтау;
2. Жабдықтарды сипаттамаларын жақсарту үшін жетілдіру;
3. Іске қосылған және жұмыс жасап тұрған жабдықтарға қызмет көрсету;
4. Кәсіпшілікті қайта іске қосуға арналған дайын қондырғыларды консервациялау;
5. Кері іске қосу.
Бұрын хабарлағанымыздай, биыл NCOC кезінде салынған газды тез буландыру компрессорларын ауыстыруды жоспарлап отыр. 2015 жылы осы мақсатқа $250 млн-нан астам қаржы жойылады деп болжануда.
СӨӘ кезеңін игеру бойынша жұмыстар, коллекторда бұрғылау, ұңғымаларды қолданысқа дайындау және аяқтау; ЕРС3, ЕРС2 және ЕРС4-тің жоғарғы құрылғыларын дайындау және монтаждау; сатып алуларды аяқтап, жоба аясында Батыс Ескенедегі темір жол кешені құрылысын жалғастыру (2015 жылғы $185 млн.), техникалық сулар қондырғысын жобалау, сатып алулар жүргізу және салу (жер асты суларын тазалау қондырғысы болса керек, «Қондырғы 560: кері жүктеу» мақаласын қараңыз) жұмыстары жүргізілмек.
Биыл А аралында ВК-06 ұңғымасындағы бұрғылау қондырғыларын қолданбай жұмыс жүргізу және 7 ұңғымада кері бағытты клапандарды монтаждау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Қосымша $118 млн қаржы инфрақұрылым нысандары; қазақстандық мамандарды оқыту бағдарламасы; халықаралық іссапарларға жіберу бағдарламасын жалғастыру; әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламаларды (ӘИБ) жүзеге асыру; БХК-мен(«Біріккен химиялық компания») талқылау нәтижелеріне байланысты сығылған көмірсутегі газы бойынша жоба алды зерттеулер жүргізу сияқты баптарды қаржыландыруға бөлінеді. Соңғы тармақ бойынша айта кетсек, NCOC пен БХК қашағандық шикізатты Қарабатанда салынып жатқан газ-химиялық кешенге пайдалану туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Ал алғашқы кезде кешен Теңіз шикізатымен жұмыс жасайтын болады.
Солтүстік Каспий жобасы операторының 2015 жылы екі Кезең аясындағы жұмыстарға аударылған шығындары $2,9 млрд.-тан аса қаржыны құрайды. Бұрын хабарлағанымыздай, Солтүстік Каспий жобасының жалпы бюджеті ағымдағы жылда $4,2 млрд-тан асады.
ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМА: БЕС ӨЗІН-ӨЗІ ҚАМТИТЫН АРАЛ
«АЖ»-ға өз ақпарат көздерінен белгілі болғандай, теңіз кешені жүйесінде СӨӘ аясында ЕРС 2 және ЕРС 3 аралдары арасында тағы бір бөлек, СС01 компрессиялау орталығы деп аталатын жасанды арал пайда болмақ. Жаңа аралда бұрын тәуекелдерді төмендету бағдарламасы бойынша D аралының қолданыс-технологиялық құрамынан шығарылған екі газ айдайтын компрессор қондырылады. Осының нәтижесінде D аралында газ айдайтын екі компрессор қалды және оның өндіру және алғашқы айыру (сеперация) бойынша нақты қуаттылығы қазір тәулігіне 370 мың баррель мұнай деңгейіне шектелген.
СС01 жобасын жүзеге асырғаннан кейін ғана D аралығында және СӨӘ-ның барлық бағдарламалары бойынша өнімділік деңгейі жобада көрсетілген тәулігіне 450 мың баррель мұнайға жетеді.
Консорциумның интеграцияланған кестесіне сәйкес, СС01 жобасын аяқтау 2024 жыдың басына белгіленген. СС01 аралында екі СӨӘ компрессорларымен қатар Қашағанды игерудің келесі 2-кезеңі аясында қолдану үшін үш қосымша газ айдайтын компрессор орнатылады деп жобаланған. Ал толық көлемде игеру кезеңінде осындай тағы екі компрессор аралдарын салу қарастырылған.
Толық көлемді игеруге қатысты айтсақ, бізге белгілі болғандай, NCOC қазақстандық тарапқа жаңа тұжырымдама ұсынуды дайындап жатыр. Оның мәні бойынша, Қашағанның барлық теңіз бөлігінде тағы да орташа қуатты, миди-ЭТК деп аталатын 5 жасанды аралдың құрылысы басталады. Олардың әр қайсысы тәулігіне 200 мың баррель мұнай өндіруге және дайындауға есептелген. Бұл жолы консерциум күкіртті өңдеп, сақтайтын жер үсті кешендерін салудан бас тартпақшы. Мұнайды жайындау бойынша барлық операцияларды осы миди-ЭТК-ларда жүргізіп, барлық ілеспе газдарды жер қыртысына кері айдап немесе теңіз нысандарында отын ретінде қолдану жоспарлануда.
«ҰҢҒЫМАЛАРДЫ ЖӨНДЕЙТІН КЕЗ КЕЛДІ»
NCOC өзінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын жүзеге асырып жатқан кезде, Консорциумның мердігер компаниялары қызметкерлері әлеуметтік желілерде осы мәселелер жөнінде өз пікірлерін білдіруде. Кейде асыра сілтеген ойлар айтылғанымен, ойланатын жағдайлар да бар. Мәселен, «Ұңғымаларды күрделі жөндеуді бастайтын кез келді. Аралдар консервация жағдайында 5-8 жылдан бері тұр. Күкірт сутегімен шіріген арматура мен қаптама құбырлар жоғары қысыммен спагеттише ұшатынын көресіздер. «Болашақ» зауытында бәрі шіріп кетті. Өздеріңіз ойлап қараңыздар, зауыт сегіз жыл бұрын салынды, содан бері жұмыссыз тұр. Құбырлар бойында циркуляция жоқ, оларды тот жеп жатыр. Бұл зауыттың барлық жабдықтарын ауыстыру қажет, құбыр қаптамалары бітті. Олар зауытты тәуекелге бел буып қоспақшы».
Экология бойынша: «Қазір, ескі құбыр желісін шығарғанда, теңіз түбінде канал пайда болды, бұл жерлерге балық қорғау кедергілерін салған жоқ, ал балықтар, атап айтсақ, сазан мұны өзен арнасы депкіріп, уылдырық шашып жатыр. Ащы теңіз суында жаратылған шабақтардың күйі не болмақ?». Алайда бұл экология министрлігіне қойылатын сұрақ.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА