Атырау, 28 қараша 11:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қоқысты қаладан келіп жинайды

4 239 просмотра

Image 0Атыраудан шамамен 280 шақырымдағы (Индер арқылы) шалғай жатқан Қызылқоға ауданына қарасты «Қаракөл» ауылына жету мұң болды.

Жөндеуден қалған грейдер жолы азып-тозып тұр. Жол-жөнекей тіршіліксіз қалған сүрең дала жетімсіреп, көңіл-күйді түсіреді. Ұшқан қарға жоқ, ұялы байланыс үзілген.

Жамбыл округінің әкімі Қанат ХАЙРУЛЛИННІҢ ақпары бойынша 1 670 тұрғынның 702-сі экономикалық белсенді топқа (яғни, еңбекке жарамды) жатады. Оның 307-сі ауыл шаруашылығымен, ұсақ кәсіпкерлікпен айналысып, ауылдан тыс жерде вахталық әдіспен жұмыс жасайды. 34 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 78 адам жұмыссыздар есебінде тіркеулі тұр.

Бұл ауылда мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, пошта бар. Ауыз су үй-үйге келіп тұр. Көгілдір отынның келгеніне де бірнеше жыл болған.

- Ауыл адамдары барды бағалауға үйренер емес, - дейді Қ.Хайруллин. - Ауылда ауыз су тегін десе де болады, бір тоннасы 40 теңге. Жасыл-желек өте аз. Адамдардың өз аулаларын абаттандыруға еш ықыласы жоқ. Көшелердегі Кеңес үкіметінен қалған ағаштардың біразы өліп қалған. Барының өзі саусақпен санарлық қана. Ал, ауылда бар жағдай жасалған. Мамырдың 15-інде тазалықтың екі айлығы бітеді. Бірақ кей ауыл тұрғындары өз ауласынан қоқыстарын да шығармаған. Атыраудан «КамАЗ» автокөлігімен қоқыс шығаратын ынталы топ келді. Өздері тиейді, өздері төгеді.

Қаракөлдіктер шынымен де өз айналасына бейжай қарай ма?

- О не дегеніңіз?! Су биыл ғана жүрді ғой, енді бау-бақша егуге болады, - дейді зейнеткер Шәмшиден ТІЛЕГЕНОВ.Бізге, қарттарға, шаруаны ыңғайлау бір өзімізге қиын болып жатады. Ауылда жастар жоқ. Себебі, бұл жерде жұмыс таба алмайсың. Амалсыз қалаға жұмыс іздеп кетеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.