22 сәуірде Атырауда мұнай және газ компаниялары, құбыр желілері мен инфрақұрылым нысандарын салу және жөндеуге арналған түрлі қызметтерді жеткізушілер мен мердігер ұйымдардың өкілдерін жинаған Pipeline-TECH екі күндік конференциясы өз жұмысын бастады.
Конференцияның ұйымдастырушысы – мұнай және газ жобаларына арналған өндірістік инфрақұрылымды жасауға маманданған және соңғы уақыттарда қазақстандық нарықты белсенді игере бастаған ресейлік INTRATOOL компаниялар тобы. Олар өткен жылы Атыраудан кеңсе ашып, американдық әріптестерімен бірге осы жерде композитті материалдарды өндіруді қолға алып жатыр.
INTRATOOL директорлар кеңесінің төрағасы Сергей ТЕРЕНТЬЕВ (суретте) журналистерге бүгінгі ресейлік инновациялық технологиялар еуропалық технологиялардан еш кем емес деп мәлімдеді:
- Иә, Еуропаның басымдығы өз әзірлемелерін экономиканың нақты секторларына енгізуді ерте бастап кеткендігінде болып отыр. Ал бұл кездері ТМД елдері орналасқан аумақтарда инновациялар негізінен қорғаныс өндірісіне ғана енгізіліп, нақты секторларға жетпеді. Алайда қазір сәтті қолданылып жүрген жақсы тәжірибелеріміз бар.
«АЖ»: Қазақстанда қандай компаниялармен жұмыс жасайсыз?
- Біз мемлекеттік, сондай-ақ, ТШО және «Қарашығанақ петролиум оперейтинг» сияқты шетелдік компаниялармен де жұмыс жасаймыз.
- Санкциялық соғыстар жүріп жатқан кезде шетелдік компаниялармен қарым-қатынастарыңыз қалай дамып жатыр?
- Бұл бізге көмектеседі.
- ?
- Өйткені, импорттың орнын басу, оқшаулану сияқты мәселелер көтеріледі, ал бұл біздің жұмысымыз!
- Қазақстандық тауарлар мен қызметтер жеткізушілері барлық тапсырыстар шетелде жарияланып, ірі құрылыс көлемдері де батыс компанияларына беріледі деп ірі жобалардағы шетелдік әріптестеріне шағым айтып жүр.
- Бізде жағдай басқаша. Бізде осындай Эксон Мобилдің қатысуымен Сахалинде бір-ақ жоба бар, ал сіздерде өте көп. Бізде де басында қиын болды, біздің компанияларымызды да көп кіргізеді. Алайда, қазір жағдай өзгеріп жатыр, сіздерде де солай. Ресейлік және қазақстандық компаниялардың өз басымдығы бар: біз ұсынып отырған инжинирингтік қызметтер сапасы өсіп жатыр, ал бастысы, бізбен жұмыс жасаған оңай, өйткені біз осы жердеміз.
- Топтарыңызға қазіргі экономикалық дағдарыс қалай әсер ететіндігі жөнінде болжамдарыңыз бар ма?
- Бізге көп әсер етпейді деп ойлаймыз. Дегенмен, мұнай бағасы құнының төмендеуімен компаниялардың бюджеті қысқарды. Мәселен, ТШО, ҚПО және ұлттық компаниялар бюджеттерін оңтайландырды. Ал біз қолданыстағы өндіріске қызмет көрсетуге қатысамыз. Сондықтан да көлемдер азаймайды, тіпті көбейеді деп ойлаймыз. Мысалы, Атыраудағы кеңсеміздің штат санын жыл аяғына дейін 100 адамға дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген автор