1 сәуірде Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті (әрі қарай - ТҚҚК) тамақ өнімдерінің 272 сынамасынан (көбі ресейлік ет өнімдері) 74 санитарлық талаптарды бұзушылық анықталды, арасында ішек таяқшасы мен натрий нитриті табылу фактілері бар.
ЕАЭО техникалық регламенті талаптарына сәйкес келмейтін тағамдардың «қара» тізімі http://azpprk.kz сайтының «сәйкес емес өнімдер реестрі» бөліміне орналастырылады және ол тұрақты түрде толықтырылып отырады. Алайда, толық тізбемен таныса отырып, көп жағдайларда (54) тізімге ет өнімдерінің тұтынушы денсаулығына зияндығы тұрғысынан емес, ЕАОЖ нарығында өнімнің айналысқа шығару бірыңғай белгілерінің жоқтығы және мемлекеттік тілде жазбалары жоқ сияқты мәні аз себептермен енгізілгенін байқадық.
ТҚҚК баспасөз бетшесіне сәйкес, «сәйкес емес өнімдердің» бірқатар атаулары Атыраудағы белгілі супермаркеттерден алынған, алайда бұл жерлерде де болмашы бұзушылықтар тіркелген, алайда кейбір өнімдерде технологиялық өңдеу тәсілдері, құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі, жүдегісі келетін адамдар үшін бірқатар өнімдерде қуаттылығы көрсетілмегені туралы мәліметтер жоқтығы кездескен.
ЕСКЕРТУ КЕРЕК!
Баспасөз бетшесінде, сондай-ақ, «бірқатар ресейлік өнімдерде шошқаның ДНҚ-сы табылды» деп көрсетілген, алайда мұсылмандар мен иудейлерге жеуге болмайтын қоспалары бар екендігі ескертілмеген.
Міне, шошқа ДНҚ-сы бар өнімдерді өндірушілердің тізімі: «Курганский мясокомбинат» ЖШҚ, «Омский Бекон» ААҚ, «Калининградский мясоперерабатывающий завод «Дейма» ААҚ; «Орелпродукт» ЖАҚ, «РАПП Кавказ-мясо» ААҚ, Рязань облысындағы «Мясокомбинат Шиловский» ЖШҚ «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ және «Черкизовский МПЗ» ААҚ.
Кейіннен Астанада өткен баспасөз конференциясында ТҚҚК-нің тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әйгерім САДУБАЕВА мұны «тұтынушыны шатастыру» деп сипаттады, өйткені «Говядина тушеная», «Говядина богатырская», «Конина тушеная натуральная» қалбырдағы бұқтырылған еттерде, «Нежный из печени индейки», «Нежный из гусиной печени», «Нежный из говяжьей печени» паштеттерінде, «Русский фермер» және «Южные по-черкизовски» шұжығы мен «Триумф» ысталған-пісірілген шұжығында шошқа еті барын білу қиынға соғады.
Ал ТҚҚК 3 сәуірде 337 ресейлік сүт өнімінен алынған 82 сынамада сәйкессіздіктер орын алғаны туралы хабарлады. Мәселен, ірімшіктерден ішек таяқшасы тобына жататын бактериялар табылды, бірқатар қойытылған сүттерде мезофильді аэробты және факультативтіанаэробты микроағзалардың көптігі анықталды, өнімнің қышқылдығы, майлылығы бойынша талаптар болды.
Белгілі мәскеулік «Аленка» шоколадында қалыпты 50-дің орнына 470 КОЕ/г ашытқы табылғаны зертханалық зерттеулердің шарықтау шегі болды. Айтпақшы, бұзушылықтар Петр Порошенконың Ресейдегі жалғыз кондитерлік активі – «Рошен» Липецк кондитерлік фабрикасы» ААҚ тәттілерінен де табылды.
САДУБАЕВАНЫҢ ЖЕКЕ КРИТЕРИЛЕРІ
«АЖ»-ның әлеуметтік желілер мен бірқатар басылымдарда айтылып жүрген ЕАЭО елдері арасында «сауда соғысы» басталды деген әңгімеге негіз бар ма деген сұрағына Әйгерім Садубаева мемлекеттік органдар сауда соғысына тән тарифтік шаралар емес, жай ғана «халықтың денсаулығы мен өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын» ғана қабылдап жатыр деп жауап берді. Ол ЕАЭО құру туралы шартта қауіптіліктер анықталған жағдайда уақытша санитарлық шаралар енгізу қарастырылған.
Әйгерім Садубаева, өзінің айтуынша, азық-түлік сатып алғанда тауардың сыртқы орамасы түріне, иісі мен түсіне, сақтау мерзімі мен сауда нүктесіндегі сақтау жағдайына көңіл бөледі екен. Ол, сондай-ақ, затбелгісінде «Е» әрпі көп өнімді алмауға тырысады, өйткені бұл сақтау мерзімін арттыру үшін консерванттар қосылғанын білдіреді.
СӨЗГЕ БАТЫР
«АЖ» журналистері алғашқы «ет» тізімі жарияланғаннан кейін Атыраудағы екі үлкен өзара бәсекелес супермаркетке рейд жасады және мемлекеттік органдардың ашулы мәлімдемелері мен дүкен сөрелеріндегі шынайы жағдай еш сәйкес келмейтіндігін анықтады. Шошқа ДНҚ-сы бар есейлік «Говядина тушенная» қалбыры «Халял» белгісімен («Курганский мясокомбинат» ЖШҚ), «Говядина богатырская» («Омский Бекон» ААҚ), «сиыр еті» қалбырлары («РАПП Кавказ-мясо», Черкесск қ.), «Нежный» из печени индейки» паштеті («Орелпродукт» ЖАҚ), «Русский фермер» шұжығы («Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ) және «Южные по-черкизовски» шұжығы («Черкизовский МПЗ» ААҚ) еркін сатылымда тұр. Оқырмандардың естеріне салсақ, «санкциялық» тізімге іліккен өнімдерді сатқаны үшін, ҚР Әкімшілік кодексіне сәйкес, жеке тұлғаға 30 АЕК және заңды тұлға үшін аккредитация аттестатын тоқтатумен бірге 200 АЕК айыппұл белгіленген. Дегенмен, ТҚҚК өкілдерінің айтуынша, комитет сатушылар үшін ең үлкен жаза – сауда нүктесі қызметін сот тәртібімен тоқтатуды бірде-бір болса да қолданбапты.
ТОЙЛАҢЫЗДАР, БІРАҚ САҚ БОЛЫҢЫЗДАР
8 сәуірде ғаламдық Денсаулық күніне арналған баспасөз конференциясында БДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Мелита ВУНОВИЧ нақты сандарды «бірнеше» деп келтіре отырып, жыл сайын Қазақстанда адамдар ботулизммен өлетінін, дегенмен адам денсаулығына қауіптілік тек дүкен сөрелеріндегі азық-түліктерден ғана емес, үйде қолдан жасалатын тұздалған көкөністер, шырындар және басқа да тәттілерден де болатынын атап өтті. Сонымен қатар, салақ қызметкерлері бар жалпы тамақтану нүктелері мен үлкен тойларда тамақтан ұшыну көп болатынын айтып өткен жөн. Мәселен, 2014 жылы, статистикаға сәйкес, 19 улану оқиғасы тіркеліп, 480 адам зардап шеккен.
ТҚҚК төрағасы Әлиақпар МӘТІШЕВ Қазақстанда кез келген адам зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен танысып қана қоймай, тіркеліп, өз шағымын жазып, оның жүріс барысын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеп, енгізуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Жасұлан КӨЖЕКОВ, меншікті тілші, Астана қ.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА