Жайылым жерлердің тапшылығынан Махамбет поселкесі тұрғындарының малы егістік алқаптарына барып жайылатын көрінеді. Бәленің бәрі осыдан басталды, сиырлар мен жылқылар белгісіз себептерден өле бастады. Махамбеттіктер мал «Феликс» шаруа қожалығына тиесілі егін алқабындағы үсіп қалып, уақытында жиналмай қалған жуаларды жегеннен уланған деп есептейді. Бірақ оған нақты дәлел жоқ.
Сөз болып отырған егін алқабы Махамбет поселкесінен 12-13 шақырым жерде орналасқан. Шынымен, ол жерде өткен жылдан қалған жуалар жайрап жатыр әрі олар сиырлар мен жылқылардың азығына айналыпты (суретте).
- Мен «Көздіғара» деген жерде азын-аулақ малыммен отырмын, - дейді шаруа Әлібек ҚАБИЕВ. - Былтыр қуаңшылық болып, өрістегі мал тентіреп кетті ғой. Жерден ештеңе таппағасын мал енді егістегі үсіген жуаларды жеп жатыр. Содан ба, білмеймін, аяқтары ақсайды, іш тастайды, кейбірі өліп те жатыр. Менің төрт жылқым арам өлді.
«Мойнақ» учаскесінде отырған шаруа Төлеген АХМЕДИЯРОВТЫҢ үш жылқысы мен екі сиыры да белгісіз жағдайда арам өлген. Осындай фактілер Махамбет ауылында да орын алған. Нұржан Ахмедияровтың, Саламат Смадияровтың, Дүйсенбай Рысқалиевтың екі бастан жылқылары өлген.
Осылай өлген бір жылқыны лабораториялық зерттеуден өткізуге жіберіпті, оның нәтижесі бойынша малдың ағзасынан нитраттың мөлшерден артық екені анықталған. Бірақ «улану» диагнозы қойылмады.
- Мүмкін, шаруалар егіс өнімдеріне тыңайтқышты көп қосқан шығар? – дейді мал иелері. - Біз жергілікті әкімдікке шағымдандық, бірақ олар шара алуға асықпай отыр.
Ал, аудандық ветеринария стансасының басшысы Асхат ҚАБЕСОВ былай дейді:
- Мал уланудан өлді деген бірде-бір факті тіркелген жоқ. Сонымен бірге, мал арасында жұқпалы ауру да байқалып отырған жоқ. Ал, шаруалардың малы неден өліп жатқанын білмеймін. Оны тек лабораториялық зерттеу анықтайды.
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайреден НАУБАЕВТЫҢ айтуынша, күні бүгінде егін басында қарауыл бар. Сонымен бірге, мал иелеріне малын егін егілген аумақтан 25-30 шақырымға дейінгі қашықтықта бағуға тапсырма берілген екен.
- 2014 жылы қазан айының соңында ауа райының 10-12 градус күрт төмендеуінен бақша өнімдері үсіп кетті, - дейді Қ.Наубаев. - Сегіз шаруа қожалығына тиесілі
«Феликс» шаруа қожалығы-ның жетекшісі Енисей ЮН (суретте) мал үсіп қалған жуаны жеп өлген деген жергілікті тұрғындардың пайымымен мүлде келіспейді. Оның сөзі бойынша, сатылымға шығарған көкөністердың құрамында нитраттар жоқ.
- «Феликс» шаруа қожалығы 2012 жылдан бері облыстың 25 пайызын көкөніспен қамтиды. «Атырау» ӘКК облыстың тұрақтандыру қоры үшін бізден 1 500-2 000 тонна көкөніс өнімдерін сатып алады. «Феликс» шаруа қожалығының Махамбет ауданында
Ләззат ҚАРАЖАНОВА