Фото: agroalem.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - Топырақтың құнарлылығына мән бермеген фермерлерден жер телiмдерi мемлекет пайдасына мәжбүрлi түрде алынады. Бұл туралы "ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi агрохимиялық қызметiнiң республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Ерболат Бәзiлжанов мәлiм еттi.
"Жер құнарын тексеру әр 5-7 жыл сайын жүргiзiледi. Оның уақыты келгенде олар тексерiледi. Сондықтан осы жылы кейбiр аймақтарда зерттеу жүргiзiледi, оның нәтижесi бойынша жер телiмдерiн алу жөнiнде шешiм жасаймыз", - дедi ол.
Оның айтуынша, әлi жер телiмдерiн алу оқиғалары болған емес, дегенмен орын алуы бек мүмкiн. Себебi, зерттеп қарау нәтижелері бойынша соңғы 25 жылда гумус құрамы жоғары егістік жерлер топырағының ауданы 16,6 млн. гектардан 255,5 мың гектарға дейін төмендеген.
"Жер телiмдерiн алу процесi сот шешiмiнiң негiзiнде жүредi", - деп атап өттi мекеме директоры.
Тыңайтқыштарды жеткіліксіз қолдану, көпжылдық топырақтарды себу алқаптарының кемуі, егістік айналымының сақталмауы және бидай дақылының басым болуы топырақ құнарлығы мен ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің төмендеуіне әкелді.
"Егер қатаң шаралар қолданбасақ, ертең азық-түлiксiз қаламыз", - дейдi ол.
Осы орайда, жер ресурстарын ұтымды басқару үшін 2014 жылы ҚР Жер кодексіне пайдаланылмайтын және игерілмеген жерлерді немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді мәжбүрлеп алу жөніндегі нормаларды қатаңдататын өзгерістер енгізілді.
Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеуде, олар егістік айналымын сақтау, жайылымдарға оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету, топырақтың агрохимиялық құрамын күтіп ұстау, фитосанитариялық іс-шараларды орындау, өндірістік көрсеткіштердің сақталуы жөніндегі талаптарды қамтитын болады.
Биылғы жылы ҚР АШМ Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы топырақтарды зерттеп қарауды 3,2 млн. гектарда өткізеді, соның ішінде табиғи егіншілік аймағына жататын 2,9 млн. гектар алқап және 298 мың гектар суармалы жерлер қамтылды. Ақтөбе облысында 105 гектардан астам, Қостанай облысында 777,5 гектар егістік алқаптары зерттеліп қаралатын болады.
Дереккөз: inform.kz