Атырау, 28 қараша 08:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Голландықтар «Атыраудағы жер пайдалану ерекшеліктерін» білмеді (+прокуратура комментарийі))

3 188 просмотра

Атырауда жаңа жер «дауы» қызып келеді. Бұл жолы «мұнайлы астананың» бұрынғы әкімдері жер телімдерін заңсыз бергендіктен кәсіпкерлер, соның ішінде шетелдік инвестор зардап шегуі мүмкін.

«ҚАЗ МҮЛІК» ҚАЙДА ҰРЫНДЫ?

Жерге қатысты айла-шарғылар, соның ішінде бизнесті дамыту үшін деген желеумен «пайдалы» жер телімін алып, ал іс жүзінде кейін коммерциялық құны бойынша қайта сату – Атырауда дәстүрлі құбылысқа айналған. Прокуратура түсіндіргендей, олардың бір бөлігі 2005-2006 жылдары заңсыз берілген, сондықтан олар мемлекетке қайтарылуы тиіс. Алайда егер мұндай телімді оның қалай берілгеніне күмәнданбай, қомақты ақшаға жаңа қожайын сатып алған болса, не істеу керек?

Осы сұраққа Атырау өңірлік кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысында жауап табуға тырысты. Ол жерге «Қаз Мүлік» ЖШС – голландиялық құрылтайшылардың қатысуымен жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын қазақстандық компания хабарласқан. 2007-2008 жылдары бұл кәсіпорын әуежай трассасының бойынан әрі қарай біріктіріп, қонақ үй, көлік жөндеу орталығы және басқа нысандарды салу мақсатымен бір заңды және бір жеке тұлғадан жеке меншігіне бірнеше жер телімдерін сатып алған. Барлығын қосқанда 200 млн теңге төленген.

Содан бері «Қаз Мүлик», оның өкілдерінің айтуынша, бюджетке барлық қажетті төлемдерді уақытында төлеп тұрған. Бір уақыттары қаржылық қиындықтардың салдарынан құрылыс тоқтатылған, жақын арада оны қайта жалғастыру ұйғарылған. Алайда 2014 жылы прокуратура Атырау қаласы әкімінің 2006 жылғы осы жер телімдерін бөлу туралы шешімін заңсыз деп тану туралы талап арызбен шыққан. Тиісінше, осы шешімнен кейінгі сату-сатып алу туралы келісімдер де заңсыз болады.

Тек 2014 жылы прокуратура сотқа осындай 63 талап арызды жолдаған. Олардың барлығы мемлекет пайдасына шешілді.

Тексеру барысында, жер беру туралы шешім жер комиссиясының қорытындысы мен жерге орналастыру жобасынсыз шығарылғандығы анықталды. Аталмыш құжаттар жер-кадастр ісінде жоқ, ал Атыраудың бас жоспарында бір кездері бөлінген телімдерге нысандар салу (кеңсе және сауда ғимараттары, көлік жөндеу орталығы және т.б.) мүлдем қарастырылмаған. Сондықтан формальды түрде прокуратура бәрін дұрыс жасап отыр.

Бұл жағдайда прокуратура сотқа мемлекет пайдасы үшін талап-арыз енгізді.
ҚР Азаматтық кодексінің 180-бабының 1-тармағына сәйкес, талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.
Облыстық прокуратура жер телімдерінің заңсыз ұсынылу фактісін тек 2014 жылы ғана анықтады, осыған байланысты сот талап-арыз мерзімін қолданған жоқ.
Атырау қаласының прокуроры сотқа «Қаз Мүлік» ЖШС-не, “ЭСВ Лоджистикс” ЖШС-не, “Мирас” ЖШС-не, “Нұр-Сервис LTD” ЖШС-не, “Sana Build CO” ЖШС-не, Отарова Динаға қатысты талап-арыз берді.
Атырау облыстық прокуратурасы жүргізген тексеру барысында жер телімдерін ұсыну кезінде жіберілген заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҚР Жер кодексінің 43, 44-баптарының, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының талаптарына қарамастан, оларды беру кезінде жерге орналастыру жобасы, толық жобалау жоспары жасалып, бекітілмеген, комиссия қорытындысы болмаған.
14.07.2014 күнгі сот шешімімен прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылды. Апелляциялық және кассациялық инстанцияларда Атырау қаласы сотының жер телімдерін қайтару туралы шешімі күшінде қалды. Мемлекетке жалпы алаңы 3 га болатын жер телімдері қайтарылды. Оның үстіне, «Қаз Мүлік» ЖШС сот тәртібімен жер телімін адал сатып алушы болып танылған жоқ.
«Қаз Мүлік» ЖШС-нің 2008 жылдан бергі 7 жыл ішінде аталмыш жер телімін игермегенін, бұл ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу болып табылатынын атап өту керек.
Бұдан басқа, ҚР Азаматтық кодексінің 289-бабына сәйкес, басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап (регресс) қоюға құқылы. Үшiншi адамның әрекеттерi салдарынан мiндеттеменi орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын талап етуге құқылы.
Осыған байланысты, «Қаз Мүлік» ЖШС бастапқы меншік иелерінен кері талап қою тәртібімен сот арқылы жер телімдері үшін төленген ақшалай қаржыларын талап етуге құқылы».

 

«МҰНЫҢ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАТЫНЫН БӘРІМІЗ БІЛЕМІЗ»

Бұл қызу талқыға салынды. Кеңес мүшелері және облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағының жетекшісі Әлия БЕКҚОЖИЕВАНЫҢ айтуынша, үшінші тұлғадан жер сатып алған қаладағы танымал кәсіпкердің бірінің жер телімі мемлекет пайдасына осылайша алынған екен.
– Жерді бизнес үшін кез келген адам ала бермейді. Әкімдікпен байланысы барлар бірнеше телімнен алып, оларды оңды-солды сатқан болып тұр ғой. Біз мұның қалай жасалатынын жақсы білеміз.
Қалалық әкімдіктің жерді заңсыз беру фактісі неліктен прокуратураға тек өткен жылы ҚР Бас прокуратурасының бастамасы бойынша жүргізілген ауқымды тексеру барысында ғана белгілі болды деген сұрақ қойылды.   
– Сіз олардың қызметін жыл сайын тексеруге тиіссіздер. Ал енді 8-9 жыл өтті, телімдердің қожайындары ауысты, олардың көпшілігі – қаржыларын салып,  мемлекетке салықтар төлеп тұрған адал сатып алушылар. Ал, «Қаз Мүлікке» келер болсақ, әңгіме шетелдік инвестор туралы болып отыр. Бұл жағдай өңіріміздің инвестициялық имиджіне теріс әсер етеді, - деп пайымдады Кәсіпкерлер кеңесі.
Бұл ахуал ҰКП-ның әрекет ету мерзімі шектеулі болғандықтан қиындап отыр. 2 сәуірде апелляциялық сот инстанциясының тыңдауы өтеді. Бұл жерден түсіністік таба алмаса шетелдік инвестор өз тарапынан президент әкімшілігіне және ҚР Шетел инвесторлары кеңесіне шағымдануды жоспарлап отыр. Кеңес мүшелері бүкіл мүдделі тараптармен кеңес өткізіп, осы күрделі жағдайды шешуге тырысуды ұйғарды.
Ал біздің сайтымыздағы жарияланымнан кейін облыстық прокуратура «АЖ»-ға төмендегі мазмұнда хат жолдады: «ҚР Конституциясының 8-бабына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан заңдардың, Президент жарлықтары мен басқа нормативтік құқықтық актілердің нақты және біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Бұл жағдайда прокуратура сотқа мемлекет пайдасы үшін талап-арыз енгізді.
ҚР Азаматтық кодексінің 180-бабының 1-тармағына сәйкес, талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.
Облыстық прокуратура жер телімдерінің заңсыз ұсынылу фактісін тек 2014 жылы ғана анықтады, осыған байланысты сот талап-арыз мерзімін қолданған жоқ.
Атырау қаласының прокуроры сотқа «Қаз Мүлік» ЖШС-не, “ЭСВ Лоджистикс” ЖШС-не, “Мирас” ЖШС-не, “Нұр-Сервис LTD” ЖШС-не, “Sana Build CO” ЖШС-не, Отарова Динаға қатысты талап-арыз берді.
Атырау облыстық прокуратурасы жүргізген тексеру барысында жер телімдерін ұсыну кезінде жіберілген заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҚР Жер кодексінің 43, 44-баптарының, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының талаптарына қарамастан, оларды беру кезінде жерге орналастыру жобасы, толық жобалау жоспары жасалып, бекітілмеген, комиссия қорытындысы болмаған.
14.07.2014 күнгі сот шешімімен прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылды. Апелляциялық және кассациялық инстанцияларда Атырау қаласы сотының жер телімдерін қайтару туралы шешімі күшінде қалды. Мемлекетке жалпы алаңы 3 га болатын жер телімдері қайтарылды. Оның үстіне, «Қаз Мүлік» ЖШС сот тәртібімен жер телімін адал сатып алушы болып танылған жоқ.
«Қаз Мүлік» ЖШС-нің 2008 жылдан бергі 7 жыл ішінде аталмыш жер телімін игермегенін, бұл ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу болып табылатынын атап өту керек.
Бұдан басқа, ҚР Азаматтық кодексінің 289-бабына сәйкес, басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап (регресс) қоюға құқылы. Үшiншi адамның әрекеттерi салдарынан мiндеттеменi орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын талап етуге құқылы.
Осыған байланысты, «Қаз Мүлік» ЖШС бастапқы меншік иелерінен кері талап қою тәртібімен сот арқылы жер телімдері үшін төленген ақшалай қаржыларын талап етуге құқылы».

АРАСЫНДА ҒАНА ҚАЙТЫП КЕЛЕДІ

Күн тәртібіндегі екінші мәселе де өзекті. Кәсіпкерлердің өңірлік палатасына 2011-2014 жылдар аралығында жер телімдерін ұсыну туралы қала әкімінің шешімін күтіп жүрген бизнесмендер тобы хабарласты. Оларды әлі алынбаған телімдер үшін қандай базалық мөлшерлеме бойынша төлеу қажет болатындығы алаңдатады екен: барлық құжаттар мақұлданып, бірақ осы уақыт ішінде үш мәрте өзгерген әкімнің қолы болмағандықтан қозғалмай жатқан өткен жылдардың мөлшерлемесі бойынша ма? Әлде екі есеге көбейген биылғы жылдың мөлшерлемесімен бе?

Қалалық сәулет бөлімінің өкілі Анар ДӘУЛЕТЬЯРОВА жер телімдерін беру қалалық әкімдікте тежелетінін растады:

– Біз құжаттарды уақытында әзірлейміз, әкімдікке жібереміз, ал ол жақтан олар қайтып келмейді, соңғы уақыт ішінде 800 рұқсаттың тек 50-іне қол қойылды. Бізге әкімнің уақыты жоқ дейді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

31 наурыз 2015, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.