Қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін қайта реформалау күтіп тұр. Атырау облыстық аймақтық институты педагогтардың біліктілігін арттыруда жаңа енгізулер басталып кеткенін хабарлады.
Бұл жаңалықтың маңызды тұстарына тоқтала кетелік. Қазақстанда 2012 жылдың басында педагогтардың біліктілігін арттырудың үш базалық кешені құрылады – бұл 2012-2013 жылдардағы 20 мың жоғары және бірінші санатты мұғалімдерді қамтитын «Назарбаев зияткерлік мектебі» жанындағы педагогикалық шеберлік орталықтары; 80 мың I және II санаттағы мұғалімдерді қамтитын «Педагогтардың біліктілігін арттыратын ұлттық орталық» АҚ; 20 мың бірінші және екінші санаттағы мұғалімдерді қамтитын педагогикалық жоғары оқу орындары жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары мен оларға бекітілген эксперименталды мектептер.
Атырау облыстық педагогтардың біліктілігін арттыру институтындағылардың түсіндіргеніндей, жаңа кешендер қызметінің басты қорытындысы педагогтардың біліктілігін арттыру бірыңғай тәсілмен қамтылуға тиісті. Ол үшін әлемдік тәжірибені және қазіргі заманғы мектептің талабын ескере отырып, Кембридж университетімен бірге, жеті модуль бойынша дәрежелі курстардың мазмұны мен әдістемесі жетілдірілуде. Осы модульдер бойынша педагогтарды күндізгі дайындық пен online режиміндегі оқуы кіретін үш айлық курстан өту күтіп тұр.
Курстарды аяқтаған соң мұғалімдер біліктілік емтиханын тапсырады. Және сәтті тапсырған кезде ғана жалақыны 30 пайыздан 100 пайызға дейін өсіруге құқық беретін жаңа біліктілік дәрежесін ала алады. Айтпақшы, реформалау барысында мұғалімдердің қазіргі үш санатына тағы үш санат қосылады. Нәтижесінде Қазақстан көптеген дамыған елдердегідей алты біліктілік үдемесіне көшеді.).
Педагогтардың жаңа үлгідегі біліктілігін қайта арттыру жүйесі 2012 жылдан 2016 жылға дейін жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта облыстағы барлық педагогтар электронды аймақтық мәліметтер банкінің құрылуына негіз болатын арнайы сауалнамаларға жауап беруде.
Тамара СУХОМЛИНОВА