Атыраудағы әкімшілік полицияның құрал-жабдықтары бейнежетондармен толықтырылды деген хабарлама 23 ақпанда әлеуметтік желілер арқылы таралып кетті.
Атырау қалалық ІІБ өздеріне бейнетіркегіштердің алғашқы партиясы түскендігін растады. Бұл 12 сағаттық бейнежазба жазып, суреттерге түсіріп, кіріктірме диктафон арқылы дыбыс жазуға қабілетті шағын құрылғы.
– Әзірге 25 құрылғы алынды, тоқсан аяғына дейін жеке құрам 80 пайызға дейін қамтамасыз етілетін болады, - деді ІІБ бастығының орынбасары міндетін атқарушы Ерлан БИҒАМБАЕВ.
Қаладағы жол-патрульдік полиция жеке батальонының құрамында 220 қызметкер бар. Бейсенбі күні, 26 ақпанда, инспекторлардың бейнетіркегіштері бар алғашқы тобы ауысымға шықты.
Биғамбаевтың айтуынша, бейнежетон бүкіл ауысым бойына бейнежазба жүргізеді. Ал оны қажет болған жағдайда инспектордың өзі фототүсірілім немесе диктафонға жазып алу режиміне ауыстыра алады.
– Ауысымнан кейін инспектор тіркегішті тапсырады, байланыс бөлімінің қызметкерлері оның жадындағы барлық мәліметтерді серверге құйып алады. Даулы жағдай туындаған кезде, шығарылған хаттамаға келіспейтін жүргізушілер, мәселен, ӘПБ-на немесе сот арқылы өтініш жазып, осы куәлікті сұрастыруы мүмкін. Сондай-ақ, заң бұзушылар, көбінесе, масаң күйде болғандар өз кінәларын және сәйкес келмейтін фактілерді мойындаудан бас тартып, жол-патрульдік қызметкерлерге бағынудан бас тартқан жағдайда осы дәлелді қолдана алады, - деп түсіндірді ол.
Әкімшілік полициядағылар инспекторлардың өздіктерінен бейнежазбаға өзгерістер енгізе немесе жоя алмайтындығын растады.
–Осы куәліктерге кіру коды тек бір қызметкерде ғана болады. Ол қызметкер бізде емес, облыстық ІІД жанындағы техникалық байланыс басқармасы орталығында жұмыс істейді. Заңды қажеттілік туындай қалған жағдайда тек сол ғана одан мәліметтер алып, ұсына алады.
Әлеуметтік желілерде осы жаңалықты таратуға бастамашы болған адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ екенін еске саламыз.
– Біз заңды, соның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзбауға, полиция қызметкеріне ақша ұсынбауға, жағдайды реттеу үшін өз таныстарына жүгінбеуге шақырамыз, алдын алудың мәнісі осында жатыр. Менің пікірімше, ІІМ құрылымдарына жаңалықтар туралы тұрғындарға өздері хабардар еткені жөн болар еді. Өйткені қалмыстық және әкімшілік заңнамалардың мақсаты жаза емес, құқық бұзушылықтың алдын алу ғой, - дейді заңгер. Ішкі істер министрлігінің ұсынымына сәйкес, инспектор жүргізушімен әңгіме жүргізіп, бейнетіркегіштің әрекет ету алаңында хаттама толтыруға тиіс екендігі белгілі. Бейнетіркегіш қандай мақсатта енгізілген? Дәлірек айтқанда, ЖПҚ қызметкері мен жүргізуші арасындағы «процесстен тыс әңгімені» болдырмау. Алайда бейнежазбаны қолдану тек ЖПҚ қызметкерінің ғана емес, жол ережесі бұзылған жағдайда хаттама толтырмау үшін ақша ұсынатын немесе полиция қызметкеріне қатысты өзін лайықсыз ұстайтын жүргізушілердің әрекеттеріне бақылау жасауға да арналған. Жалпы бейнежетондағы жазбалар инспектордың да, жүргізушілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге мүмкіндік береді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ