Атырау, 28 қараша 06:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ескі құбырлар су түбінде қалады

3 303 просмотра

Солтүстік-Каспий жобасының операторы NCOC D аралынан «Болашақ» зауытына дейін құбыр салу жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Біздің ақпаратымыз бойынша, консорциумның жаңа құбырларға кететін шығындары 2015 жылы 1,4 млрд долларды құраса, Қашаған жобасының жалпы бюджеті биыл 4,2 млрд доллардан астамды құрайды.

КЕПІЛДІКТЕР МЕН КҮДІКТЕР

NCOC келесі жұмыстарды жоспарлап отыр: коррозияға берік қорытпалы Х60 көміртекті болаттардан жасалған жаңа құбырларды сатып алу, жеткізу және төлеу, құрлық кешені мен өтпелі аймақта құбырлар секциясын монтаждау, батпақтанған учаске мен теңіз кенішінде құбырлар секциясын монтаждау, тиісті әзірлік жұмыстары және т.б. қосымша жұмыстар.

Бұдан басқа, теңіз кенішінде лезде буланатын газ компрессоры толықтай ауыстырылатын болады. 2015 жылы инженерлік-техникалық жобаны талдау мен жабдықтарды сатып алу жоспарланған. Жұмысты жобалау, сатып алулар мен алдын ала құрастыруды орындау 2015 жылға қарастырылған. Ал, өндірістік алаңдардағы жұмыстар 2016 жылы басталады. Құбырларды салу жұмыстарының басталу мерзіміне келер болсақ, олар көп өзгеруі мүмкін. «АЖ»-ға белгілі болғандай, жобаға Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясынан (Ауыл шаруашылығы министрлігінің аттас комитетінің аумақтық бөлімшесі) талап туындаған. Атап айтқанда, инспекцияны NCOC-дың болашақта теңізде қалған бастапқы құбырларды әрі қарай пайдалану жоспары мазалаған. Естеріңізге салсақ, теңіз бөлігіндегі жаңа құбырлар бұрынғысымен қатарласа төселетін болады. Атап айтқанда, консорциумның жобалау құжаттарында «құбырларды тұмшалау қысыммен азот толтыру арқылы жүзеге асырылады», деп көрсетілген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта тұмшаланатын құбырлардың теңіз бөлігін баламалы пайдалану жөніндегі зерттеулер жүргізілуде.

Атырау инспекциясы атынан оның басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ NCOC-дан ақаулы құбырлардың мұнай мен газды қайта айдау үшін ешқашан қолданылмайтындығына кепілдік беруді талап етті. Рас, NCOC-дың10.02.2015 күнгі жолдама хатында NCOC мен қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасын әзірлеуші «КАПЭ» ЖШС мұндай кепілдік беріп отыр. Алайда «баламалы» қолдану деген нені білдіреді, су астында бұл тұрбалар қанша жыл болады және оларды теңіз түбінде сақтаудың қажеті не деген сұрақтарға жауап жоқ.

Бұдан басқа, инспекцияның болашақта құбырларды жүргізу барысында балық қорлары мен биотаға зиян келтіргені үшін төленетін өтемақы мөлшері мен консорциумның жауапкершілігі бойынша ескертулері туындады. Инспекция жобалау құжатта-масына итбалықтар анықталған жағдайда жұмыс өндірісіне тыйым салуды және бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашып өрістейтін кезінде тереңдету жұмыстарын тоқтату жөнінде белгілеуді талап етті.

 

САНАЛЫ ИТБАЛЫҚТАР

Соңғы ескертулерге жобалаушы мен NCOC-дың жауаптары қысқаша түрде былайша көрініс табады: «...Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясына көп жылдан бері бақылау жасау барысында (2001-2014 жж.) итбалықтардың қырылуы жөніндегі мәліметтерге талдау жүргізілді. Итбалықтардың көп бөлігінің браконьерлік ау-құралы мен аулау жабдықтарынан қырылатыны анықталды. Итбалықтар суда өте жылдам қозғалады. Қажет болған жағдайда жылдамдықтарын секундына 10 метрге дейін көбейте алады. Олар мазасыздық факторын сергек сезінеді және қауіпсіз қашықтыққа тез алыстап кетеді. Содан кейін әдеттегі тіршілігін жалғастырады. Сондықтан жылдың жылы мезгілінде жоспарланған жұмыстар ауданында пайда болуы мүмкін аз ғана түрлері техника мен адамдардың болуын, шуылды, жарықты ескере отырып,  құрылыс жұмыстарының аймағынан өздері кетіп қалады деп күтіледі».

Бекіре тұқымдастар бойынша: «Каспий теңізінің терең сулы оңтүстік және орталық бөлігінен уылдырық шашып өрістейтін бекіре тұқымдастардың ересек аналықтары Солтүстік Каспийдің тайыз сулы жағдайы-на біртіндеп бейімделуі тиіс. Су түбіндегі балықтар секілді, олар мүмкін болар тереңдіктерге өрістегенді жөн көреді. Өнеркәсіптік құбырлардың Солтүстік трассасына мониторингтік зерттеу жүргізілген көп жылдар ішінде 2 метрден аз болатын тереңдікте қамысты аймақта бекіре тұқымдастардың ересек аналығы ұсталған бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Мұнда, жобада 2 метрден аз болатын тереңдіктегі тереңдету жұмыстары қарастырылады».

Мақұлдау туралы мәселенің ақырғы шешімі тағы да Астанада, Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінде қабылданатын болады. Ондағылар бюджетті толтыруды көздеп отырған Ақ Орданың иек астында отырып, жұмыстардың басталу уақытын жарты жылға (уылдырық шашу мен күшіктеу кезеңін ескеріп) шегерер ме екен? 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.