Атырау, 27 желтоқсан 23:57
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Алтын сападан» дәмеліміз!

3 072 просмотра

25 тамызда Атырауда  «Қазақстанның үздік тауарлары» деген алтыншы аймақтық байқау-көрме өткізілді. Оған облыстың 23 кәсіпорыны қатысты.

Біздің мұнайлы аймақтың құрылымы өндірістің дамуына бағытталған. Егер басқа бір қалаларда халық тұтынатын тауар өндіруші - бизнесмендер саны өсіп отырса, біздің аймақ, өкінішке қарай, мұндай жетістіктерімен қуана алмайды. Сондықтан да болар аймақтық байқауға қатысушыларының тізімі бізде өз қалағанымыздай аса белсенді емес. Негізінен оның құрамына бүгінгі күні аяқтарына нық тұрған, баршаға танымал өндірушілер: «Бірінші мамыр» АҚ, Махамбет ауданынан «Раушан», Индер ауданынан «Тұз», «Исигипс», Құрманғазы ауданынан «Каспий fish»,  «Жемчужина», «Альянс СК-окна», «Өнерпаз» ЖШС және басқалары кіреді. Біздің бизнесмендеріміздің қол жеткен жетістіктерімен ғана шектеліп қоймайтындығы қуантады. Олар алға ұмтылған сайын жаңа салалық шаруашылықтарды дамытуға ден қоюда. «Раушан» шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығымен айналысады. Өндірісті қалдықсыз ету үшін олар шаруа қожалығы жанынан шағын тігін цехын ашқан. Онда олар түйе және қой жүндерінен төсек көрпелер мен жамылғы көрпелер, көпшіктер дайындайды. Олардың өнімдері халықтың сұранысына ие. Мұндағы қас шеберлер өз өнімдерінің түрін көбейту барысында көне ұлттық үлгілерді қолдануды кәсіпке айналдырған. Қыз жасауының бар қажеттері, тіпті, жүк қаптары-шабадан да пайда болды, «тұсау кесу» және басқа да жөн-жоралғы бұйымдары тігіледі. 

Құрманғазы ауданында орналасқан «Құралай» корпорациясының  «Талап» кірпіш зауытының қуаттылығы жылына - 7 млн, тәулігіне  20 мың кірпіш шығаруға жетті. «Олардың осындай қуаттылығының арқасында батыс аймақты толығымен қамтуға мүмкіндік бар. Атырау қаласында біздің клиенттеріміз өте көп, ал, аудандарда сату баяу, селолық сатып алушылардың қаржылары жоқ,-деп әңгімелейді «Құралай» корпорациясының сату және өндіру жарнама бөлімінің менеджері Төлеп ШӘРІПОВ. – Біз селолық кәсіпорындарға құрылыс материалдарын сатып алу барысында билік тарапынан көмек болады деп сенеміз және сол арқылы жергілікті өндірушілерді қолдайды деген үміттеміз.  Мұндай байқау-көрмелерге қатысу біздің пікірімізше, бізге сату нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді». «Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстарында  халық тұтынатын тауар өндіру жақсы дамыған. Егер батыс аймақ туралы айтатын болсақ, Ақтөбе облысы алдыңғы қатарда,-дейді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі метрология және техникалық реттеу Комитеті облыстық департаментінің басшысы Лес БАЙМҰХАШЕВ. – Біздің облыстық байқауымызға келетін болсақ, жеңімпаздарымыз үш номинация бойынша марапатталатын болады. Олар: “Халыққа арналған үздік тауарлар”, “Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар” және “Үздік азық-түлік тауарлары”.  Жеңімпаздарды  10 баллдық жүйе бойынша облыстық комиссия анықтайтын болады. Одан әрі бұл компаниялар үстіміздегі жылы Астана қаласында қараша айында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады».

Бұдан басқа, Лес Баймұхашевтің айтуынша, Атыраудан  20 компания еліміздің тауар өндірушілерінің ең мәртебелі «Алтын сапа» байқауына қатысуға ниет білдірді. Өкінішке қарай,  бұл байқау өткізілгелі бері атыраулық компанияларға оның жеңімпазы атану бұйырмай келеді. Алайда, біз үмітімізді еш үзген емеспіз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2011, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.