Атырау, 26 қараша 21:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандықтар «сұйықты аз пайдаланып, құрғақ тамақ жегенді» артық көреді – диетологтар

8 970 просмотра

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстандықтар «сұйықты аз пайдаланып, құрғақ тамақ жегенді» артық көреді, деп мәлім етті Қазақ тағам тану академиясының вице-президенті Юрий Синявский.

«Қазақстандық қоғамда «құрғақ тамақ» жей салып, суды мейлінше аз пайдалануды артық көреді. Ал ДДҰ нормасы бойынша 2,2 литрден 2,9 литр аралығындағы сұйық пайдалану қарастырылған, ал біз бірінші тағамдағы көжелерді, су, шырындар, шәйді қоса есептелегенде тәулігіне 1-1,5 литр сұйық ішеміз», - деді Ю. Синявский сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол ағзаның дегидратациясы (сусыздануы) көптеген созылмалы ауруларға әкеліп, жүректің, бауырдың, бүйрек, ми жұмысының ауытқуына, қан қысымының артуына және басқа да сырқаттарға әкеледі дейді.

«Батыс диетологтарының зерттеулері көрсеткендей сұйықты аз пайдаланғанда мидың когнитивтік функциялары төмендейді. Сондайай-ақ суды жеткілікті пайдалану жүрек жұмысын темекі тастағаннан да және холестеринмен күрестен де жақсы қолдайды, себебі су өте қуатты детоксикант. Сондай-ақ суды молынан пайдалану дененің массасын төмендетуге көмектеседі», - деді Ю. Синявский.

Бұл ретте ол, сұйықты жеткілікті пайдалану дұрыс тамақтануды және белсенді өмір сүруді алмастырмайды, себебі «қазақстандықтар суды аз пайдалуымен қатар тамақты көп ішіп, аз қозғалады» дейді.

Өз кезегінде ҚазҰМУ жанындағы Диабет орталығының директоры Жанай Ақанов қазақстандық қоғам семіріп келеді деп мәлім етті.

«Тұңғыш президент қорының Экономика институтының әлеуметтік қызметінің жүргізген зерттеулеріне сай қазақстандықтардың 80%-нан астамы отырып істейтін жұмыспен айналысады, барлық жас топтарының тек 18%-ы ғана жеткілікті физикалық белсенділік деңгейін таныта алады екен. Біз ол цифрларға күмәнмен қарағанбыз, қазір оған дәлеліміз бар», - деді ол.

Зерттеулер негізінде ғалдымдар қазақстандық қоғамды сауықтырудың ұлттық бағдарламасын жасауды ұсынып отыр. Бұл ретте олар ол үшін қоғамдық ұйымдардың күш-жігері жеткілікті, ал мемлекет оған кедергі келтірмесе болды деп есептейді.

«Сіздердің барлықтарыңыз Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының (СӨСҚҰО) барлығын білесіздер. Оның бюджеті жылына 11 млрд теңге. Мен олардың әлеуметтік аурулармен күрестегі күш-жігерін сыйлаймын, бірақ сонымен қатар олардың мамандары тамақтану мәдениетін, сұйықты пайдалануды, белсенді өмір салтын насихаттамайды», - деді Жанай Ақанов. 

Дереккөз: ҚазТАГ

25 ақпан 2015, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.