Атырау, 27 желтоқсан 23:56
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Шекарадағы кесене

3 253 просмотра

Таяу күндердегі жоспарланған Атырауға сапарында президент Н.Назарбаев Астрахан облысы  Красноярский  ауданындағы Кішкене  Арал  селосында салынып жатқан Бөкейхан кесенесінің  ашылу салтанатына қатысуы да мүмкін. Бөкейхан кесенесі (ұзындығы – 15 м, ені – 12 м, биіктігі – 22 м) Қазақстан-Ресей шекарасынан жүз метрдей жерде қызыл кірпіштен бой көтеріп келеді. Кесене жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырған жоқ, толығымен кәсіпкерлер мен депутаттардың – Амангелді БАРАҚАТОВ, Әбдібек БИСЕНОВ, Болат ҚОНАРБАЙ, Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ және басқа да азаматтардың  қаржысына салынып жатыр.

Уикипедиядан анықтама. XVIII ғасырдың аяғында  қазақ даласында сұлтандар арасында қатаң алауыздық туындайды. Нұралы сұлтанның кіші ұлдарының бірі, 1749 жылы Кіші жүздің ханы болып тағайындалған Бөкей ресейлік император Павел 1-шінің  рұқсатымен 5 000-дай киіз үймен және шамамен 22 775 адамы бар өзінің барлық ауылымен бірге Приволжск даласына көшеді. Бөкеймен бірге көшкен қазақтардың дені 12 ата Байұлынан, 3 рулы ел жетірудан және бір рулы ел әлім руынан болды. Кейін Бөкей ордасында тағы да төрт рулы ел тұрды. Бұдан басқа, ордада қарақалпақтар мен татарлар, бұқарлықтар мен хиуалықтар, орыстар мен армяндар да болды.

1812 жылы Бөкей Қырғыз-Қайсақ кіші ордасының ханы болып бекіді. Ол 1815 жылы қайтыс болды. Оның артында үш жас баласы қалды. Оның бірі Жәңгірхан  Орданы 1845 жылға дейін басқарды. 1828 жылы Бөкей ордасындағы хан сарайында 12 би кеңесі бекітілді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 қыркүйек 2011, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.