Атырау, 28 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда жазда коммуналдық базар болады

2 379 просмотра

Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ 2014 жылдың есебі барасында хабарлады. Оның құрылысы Нұрсаяда биылғы жылдың сәуірінде басталмақ.

Ол көрме залы мен 200 пәтерлік үйдің арасында орналасады. Құрылысқа 3-4 ай уақыт кетеді. Ол жерде тұрақтандыру қорындағы өнімдер, жергілікті өндірушілердің өнімдері сатылатын болады. Тоңазытқыштар орнатылып, барлық жағдай жасалады, - деп түсінік берді есептен кейін облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШАКИМОВ.

– Коммуналдық базар – сауда орны үшін ақы төлеу қажет болмайды дегенді білдіре ме?

Азғана сома болатын шығар, деп жауап берді Шакимов.

Залдан әкімге «Вайнах»шешен-ингуш орталығының төрағасыЗелимхан ЗУБАЛИЕВ шағымданды. Оның айтуынша, жергілікті мал өсірушілер ресейлік күмәнді ет жеткізушілер тарапынан баға демпингісімен бетпе бет келеді екен:

– 150-200 келі ет алу үшін бізге малды бордақылауға 2-3 жыл керек. Ал Ресей өңірлерінде малға не тықпалайтыны түсініксіз, осындай салмақты бір жыл ішінде «жинайды». Нәтижесінде олар біздің нарықты толтырып тастады. Малды әкелу кезінде ол үшін сол жақтан уақытша карантин орнатуға болмай ма? Ал осы уақыт ішінде жергілікті өндірушілер өз малдарын сатып үлгерер еді. Екінші проблема. Егер бізде жер көп болса, бұл оған арсыздықпен қарау керек деген сөз емес. Көкөністер өсіру үшін үлкен жер телімдерін алады, бірнеше жыл өңдейді, содан соң арттарына жалаңаш жер, үймектер мен шұңқырлар қалдырып, лақтырып кетеді. Біз малды қайда жаямыз? Бұл мал өсірушілердің барлығын алаңдатады.

Пайдаланғаннан кейін жерлерді міндетті түрде құнарландыру, бұрынғы арендаторлардың телімдерге көпжылдық шөптердің тұқымдарын себу талабын енгізуді ұсынамын. Бұл біз үшін жақсы болар еді.

Б. Ізмұхамбетов:

– Бұл мәселе мені де алаңдатады. Егер жерді алса, оны пайдалану керек. Әйтпесе, жерді алады да, оны қоршап, ештеңе жасамайды. «Собака на сене...»деген орыстың мақалындағыдай. Ал адамдарға мал жаятын жер жоқ. Аудан әкімдері жұмыс жасамайды. Адамдар пайдаланып, мал жаю үшін мұндай жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады. Топырақты құнарландыруға келетін болсақ, ұсынысыңызға рахмет, шаралар алатын боламыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 ақпан 2015, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.