Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Минскіде шекара қауіпсіздігін нығайту бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-мемлекеттері ынтымақтастық бағдарламасы жобасын келісу бойынша сараптамалық топтың отырысы өтеді, деп хабарлады ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.
«2015 жылдың 12-13 ақпанында Минскідегі ТМД атқарушы комитетінде 2016-2020 жылдарға арналған сыртқы шекарадағы шекара қауіпсіздігін нығайту туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-мемлекеттерінің ынтымақтастық бағдарламасы жобасын келісу және түзету бойынша сараптамалық топтың қосымша отырысы өтеді», - делінген атқарушы комитеттің сайтындағы хабарда.
Хабарда айтылғандай, шекара әскеріне қолбасшылық ететін Кеңес дайындаған бағдарлама ТМД қатысушы-мемлекеттерінің келісілген шекара саясатының тұжырымдамасын ары қарай жүзеге асыру бойынша елдер күшін шоғырландыруға және сыртқы шекарада шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бүтіндей жүйесін қалыптастыруға және әлеуетті және нақты қауіптерге қарсы тұруға бағытталған.
Құжат тоғыз бөлімнен тұрады, онда ұйымдастырушылық-құқықтық және ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар, сондай-ақ ақпараттық, әскери-техникалық, ғылыми-зерттеушілік, гуманитарлық салалардағы, кадрлар біліктілігін арттыру және дайындау, бағдарлама тармақтарын орындауды қаржыландыру және бақылау механизмдері салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шаралардан тұрады.
«Бағдарламаны жүзеге асыру шекара қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, соның ішінде шекара саласында ТМД қатысушы-мемлекеттер ынтымақтастығын жандандыруға, ортақ шекаралық арнайы операциялардың және Достастықтың сыртқы шекарасындағы трансшекаралық қылмысқа қарсы бағытталған іс-шаралардың нәтижелілігін арттыруға ықпал етеді деп жоспарлануда», - делінген хабарда.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, бағдарлама жобасының алдыңғы сараптамалық талдауы былтыр қараша айында Минскіде өткен. Сарапшылар негізінен құжатты әзірлеуді аяқтап, құжат келісілген, алайда ТМД атқарушы комитетіне бірқатар ескертулер мен ұсыныстар түсті, олар сараптамалық топтың қосымша отырысында қаралатын болады.
Дереккөз: ҚазТАГ