Фото: topwar.ruАлматы. 11 ақпан. ҚазТАГ – Минскідегі отырыстың байланыс тобына қатысушылар ауыр қаруды ығыстыру схемасын келісіп алды, Украинада атысты тоқтату режімі және оның орындалуын бақылау туралы келісті, деп хабарлайды БЕЛТА.
Сондай-ақ байланыс тобының қатысушылары Донбасстың мемлекеттік құрылысы мен жергілікті сайлауды өткізу жайын талқылады.
Байланыс тобындағы келіссөздерде украин тарапынан гуманитарлық мәселелер жөніндегі арнайы өкіл, «Украинский выбор» қоғамдық ұйымының көшбасшысы Виктор Медведчук пен Украинаның экс-президенті Леонид Кучма қатысты. Оңтүстік-шығысты ДХР мен ЛХР-дың өкілетті өкілдері Денис Пушилин мен Владислав Дейнего таныстырды. Келіссөздерге сонымен қатар ЕҚЫҰ төрағасының арнайы өкілі Хайди Тальявини мен топтың келіссөздерінде дәнекерлік атқарып жүрген РФ-ның Киевтегі елшісі Михаил Зурабов қатысты.
Мұнымен бірге, ТАСС Минскілік келіссөздерде ЛХР өкілетті өкілі Владислав Дейнегоға сілтеме жасап хабарлағандай, Украина жөніндегі байланыс тобына қатысушылардың келіссөздері сәрсенбі, 11 ақпан күні Минскіде жалғасады.
Ол «Донбасста тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мәселені тек саяси жағынан шешкен жағдайда ғана мүмкін болмақ» екенін атап өтті. Сондықтан, В. Дейнегоның айтуынша, ЛХР мен ДХР өкілетті өкілдерінің байланыс топ қатысушыларына табыстаған жобасының негізінде «саяси және әскери сипаттағы амал-шаралар кешені жатыр».
«Біз (байланыс тобының қатысушыларына – ҚазТАГ) ахуалды бейбіт шешуге бағытталған әскеримен қатар, саяси сипаттағы амал-шаралар кешені баяндалған хаттама жобасын табыстадық. Байланыс тобы құжат жобасын қабылдады және кеңестемелерге арналған жұмысты тоқтатты. Жұмыс ертең жалғасын табады», - деді ЛХР өкілетті өкілі.
«Алайда (2014 жылдың – ҚазТАГ) желтоқсан айындағы тәжірибе түбегейлі әскери амал-шараларға негізделген құжаттардың, тіпті оны сақтаған күннің өзінде де, өкінішке қарай, уақытша сипатқа ие екенін көрсетті, ал оған шын мәнінде желтоқсанда қол жеткізілген. Тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мәселені саяси тұрғыдан шешкен жағдайда ғана мүмкін болады. Сол себепті де біздің жобаның негізінде тап сол саяси және әскери сипаттағы амал-шаралар кешені жатыр», - деп толықтырды В. Дейнего.
Дереккөз: ҚазТАГ