Атырау, 26 қараша 19:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда қояншық ауруымен ауратындар үшін әлеуметтік желі іске қосылды

3 565 просмотра

Фото: КАЗИНФОРМФото: КАЗИНФОРМАлматы. 9 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстанда қояншық ауруымен ауратындар үшін NeuroWeb.life әлеуметтік желі іске қосылды, деп мәлім етті қояншыққа қарсы Қазақстан ұлттық лигасының атқарушы директоры Лейла Дайырбаева.

«Қоғамда қояншыққа қатысты толып жатқан алып-қашпа әңгіме бар. Олардың арасында қояншыққпен ауратын науқастар кемтар, ал аурудың өзі емделмейді деген сияқты әңгімелер айтылады. Бірақ қазіргі заманғы фармакология деңгейінде ол ауру емделеді. Біздің әлеуметтік желі қоғамдық сананы өзгертуге бастау боларлық нүкте болуы тиісті», - деді Л. Дайырбаева дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Пайдаланушыларда әлеуметтік желіге тән барлық стандарттық функциялар болады. Олар бір-бірімен пікір алмасып, бір-бірін қолдап, мәтіндермен, бейнероликтермен немесе суреттермен алмаса алады. Сондай-ақ тегін «онлайн-доктор» қызметі іске қосылады, және оның көмегімен пайдаланушылар дәрігерлермен тікелей пікір алмасып, әртүрлі мәліметтермен алмаса алады», - деді ол.

Сайтты дайындаушылардың айтуынша, әлеуметтік желіден басқа тегін мобильдік қосымша да істейді. Ол арқылы Android- және IOS-жүйелермен мобильді пайдалануға да болады.

Өз кезегінде «Сымағұл Қойшыбаев ат. неврология институты» ғылыми-практикалық орталық директоры Гүлнәз Қайшыбаева осындай әлеуметтік желілер әлемде барлығын атап кетті.

«Оларда пациенттерге, дәрігерлерге арналған бөлімдер мен сұхбаттарға арналған чаттар бар. NeuroWeb.life айырмашылығы оған модерация жасайтын эпилептолог болғандықтан ондағы пікір алмасулар «базардағы мәнсіз әңгіме» деңгейіне дейін түспейтін болады, ал дәрігерлердің көмегі шұғыл туындаған мәселелерді реттеуге бағытталады», - деп атап көрсетті ол.

Келешекте NeuroWeb.life әлеуметтік желіден интернет-порталға айналдыру жоспары бар. Онда адам өзіне қажет барлық ақпаратты алып, өз білімін толықтырып, неврологиялық науқас жақын адамымен сенімді сұхбатқа бара алады.

Әлеуметтік желі орыс тілділірге де, қазақ тілділерге де арналған. Келешекте жоба авторлары оны ТМД елдеріне енгізбекші. Ол үшін жобаны Астанада 2015 жылғы сәуір айында өтетін неврологтардың конфернциясында таныстырмақшы.

Жоба демеушілердің есебінен ашылып отыр.

2014 жыл соңына Қазақстанда 46 мыңнан астам «эпислепсия» диагнозы барлар тіркелсе, олардың 2,5 мыңы Алматыда екен. Оларды емдеу мемлекет есебінен жүргізіледі және жылына оған Т250 млн қаражат жаратылады. Пациенттердің 80%-ы дұрыс емдеу болған жағдайда науқасын бақылауда ұстап, кәсіби міндетін атқара алады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

9 ақпан 2015, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.