Атырау, 23 желтоқсан 10:30
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сот алқабилер шешімін құп көрді

2 477 просмотра

Айыптаудың басты куәгері жалған айғақ бергені үшін өзін қылмыстық жауапкершілікке тартуды табанды түрде талап еткен күтпеген жәйт сот тәжірибесіндегі сирек кездесетін жағдай. Дегенмен, азаматтық күйеуін 12 жылға бас бостандығынан айырған қала тұрғыны Ольга КАЗАНЦЕВА осыны талап етуде. 

Тергеу болжамы бойынша істің желісі әдеттегідей. Сергей ТАРАСОВ (сотталушы) 29 тамыз 2010 жылы жатақханадағы (Бимағанов көшесі, 16) көршісі Мақсотпен бірге спирттік ішімдік ішіп отырып, төбелеске барған. Оған себеп – тұрғындардың мүлкіне қауіп төндіретін кірер есіктің ашық қалғандығы болды. Соққыдан қорғанған Мақсот балконға жүгіріп шыққан, тергеу болжамы бойынша оны Тарасов балконнан лақтырып жіберген. Бұл бесінші қабат еді. Мақсот аурухана төсегінде көз жұмды. Нәтижесінде алқабилер бұрын бұзақылығы үшін сотталған Тарасовты кісі өліміне кінәлі деп айыптап, 12 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын ерекше режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды. Айыптаудың басты куәгері Тарасовтың азаматтық әйелі Ольга Казанцева – бірінші сот инстанциясынан кейін өз айғақтарын өзгертіп, оларды полиция қызметкерлерінің қысымымен бергендігін мәлімдеді. Оның болжамы әлдекімдерге дәлелді бола қоймағанымен, бірақ, айтылуға құқылы. Оның сөзі:

«29 тамыз күні таңертең Сергей темекі тартуға секцияға (жатақхана дәлізі) шықты. Сол жерде ол Мақсоттың ағасын кездестіріп, оны спирттік ішімдік үшін дүкенге жұмсады. Олар ішуді бастады, бастапқыда бәрі тыныш, жақсы болды. Кейін күйеуім оған қашан көрсең де ашық қалатын есік туралы ескертулерін айта бастады. Олардың арасында ұрыс-керіс басталып, олар дәлізге шықты. 15 минуттан соң Мақсот менің жанымнан жүгіре өтіп, кір жаятын жіптерді үзе балконнан секіріп кетті. Бірнеше минуттардан соң Сергей ішке кірді де екеуміз бірге төменге жүгірдік. Ол кезде полиция да келіп үлгерді. Күйеуімді қалалық ІІБ алып кетті, артынша түсініктеме жаздыртып алып, қоя берген, ал мені, еш себепсіз анамның үйіне апарып тастады. Сергейді тек 4 қараша күні ғана қамауға алды. Егер полиция оның өлтіргеніне сенімді болса, сол кезде оны босатып жіберетін бе еді? Ал, сот алдында маған қысым көрсете бастады. Оларға маған күйеуімнің кінәлі екендігіне айғақ беруімді талап етті, өйтпеген жағдайда мен іске қатысушы ретінде қамауға алатындықтарын айтып, қорқытты. Мақсоттың балконнан өзі секіріп кеткендігіне ешкім сенбебі, алайда, мен оны өз көзіммен көрдім, оған сол сәтте не болғанын түсінбедім. Кейін мені полицейлер сотқа апарып, «қажетті» айғақтар беруімді бақылауға алды. Сол полицейлердің есімдерін мен білмеймін, бірақ, түр-түстерін тани аламын.  Иә, маған жалған айғақ беру жауапкершілігі туралы ескертілді. Бірақ, мен ол кезде полицейлердің қысымында болдым. Мен күйеуімді босатуды сұраймын, оған менің кінәмнен 12 жыл беріп отыр».

Тарасовтың адвокаты  Айдос ИБРАИМОВТЫҢ айтуынша, балконнан құлаған жігіт алты күн бойына ауруханада тірі болған. Одан шындықты сұрап білу мүмкіндігі бар еді. Бірақ, ол әрекет полицейлер тарапынан істелген жоқ. Ал, үкімде оны есін жимастан көз жұмды деп қате көрсетілген. Осының бәрі сол уақыт ішінде тағылған айыпты саралауға мүмкіндік беретін еді деп есептейді А.Ибраимов.

Іс бірнеше сот инстанцияларынан өтті, ақыр аяғында Жоғарғы сотта қаралды. Жоғарғы сот алғашқы алқабилердің үкімін бекітті. Үкім заңды күшіне енді. 

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз 2011, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.