Атырау, 4 қазан 18:20
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Банкирлер Алматыда жабық форматта өткен жиналыста не талқылады

1 693 просмотра

Фото: Kapital.kzФото: Kapital.kzАлматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Кеше Алматыда екінші деңгейлі ірі банкілердің жетекшілері мен топ-менеджерлерінің жабық форматтағы жиналысы өтті. Теңгенің жеткіліксіз өтімділігіне, ресейлік рубльдің девальвациясы мен теңгенің жұмсақ айырбас бағамына тезірек ауысу қажеттілігіне байланысты қаржы нарығындағы ахуал бойынша үкімет маңындағы құрылымдардың бірінің басшылығына келген қаржыгерлер хатының жобасы ҚазТАГ агенттігінің қолына түсті.

Хат мәтініне сүйенсек, қазіргі таңда бизнес-қауымдастық пен халықтың девальвациялық болжалдарымен дағдарысты жағдай пайда болды. Шетелдік валютаға сұраныс артып, банктердің валютадағы міндеттемелері мен теңгедегі активтерінің арасында дисбаланс өсуде. ҚР Ұлттық банкі (ҚРҰБ) беретін валюталық айырбасы тек 1 күнге ғана қолжетімді, бұл қаржы мекемелерінің жайын шиеленістіріп отыр.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) АҚ депозиттерін орналастыруға, сондай-ақ БЖЗҚ тарапынан банк құнды қағаздарын сатып алуға аукциондар тоқтатылған; банкілердің теңгелік өтімділігі кеміген; банкілердің теңгемен несиелеуді тоқтату жайттары жиілеген, сонымен қатар валюталық несиелерге сұраныс өте әлсіз; банк клиенттерінің айналма капиталы шайылуда.

«Қаржылық жөнділік тұрғысынан девальвация дереу арада қажет, нақтырақ айтқанда, енді кештеу де. Ортамерзімді және ұзақмерзімдік жоспарда ол жалпыэкономикалық себептер бойынша да қажет-ақ. Шешім қабылданбай, теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамын сақтап тұра берген жағдайда бірқатар жайсыз салдар туындайды», - делінген хатта.

Бірінші болып, банкирлердің ойынша, елден валютаның, яғни АҚШ доллары мен ресейлік рубльдің кері ағыны орын алады, негізінен РФ-ға, сондай-ақ жақын шет елдерге. Себебі соңғы екі жылдағы көрсеткіш шетелдік екі валютаның сатылымы артып келгенін аңғартып отыр.

Мұнымен қатар РФ-мен шекаралас облыстарда шаруашылық өмірдің шырқы бұзылуы орын алады (сауданың, азық-түлік өнімдерін өндірудің, әрі қарай – бірқатар өнеркәсіптік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін шығарудың тоқтауы).

Одан өзге, бұл жағдай отандық өндірістің бәсекеге қабілетсіздігін және жұмыссыздықтың жаппай өсуін, елдің өңдеуші өнеркәсіпті және жалпы алғанда тиімді өнеркәсіптік базаны құруға арналған негізді жоғалтуын туғызады.

Сонымен бірге өтелмеген төлемнің жаңа дағдарыс ықтималдығы жоғары. Егер жағдай жақсармайтын болса, шынайы сектордың кәсіпорындары арасындағы төлемақыларды жүзеге асыруда жүйелік проблемалардың пайда болуына қауіп-қатер өршімек.

Хат мәтінінде атап көрсетілгендей, елдің алтын валюталық резервінің (АВР) төмендеуі де ықтимал, оның көлемі соңғы үш жылда біртіндеп азайып келген.

«Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қазір теңге бағамын рубльге қатысты жоғары күйде сақтап тұру Ресеймен іргелес облыстардың халқы үшін тұтынуда жағымды эффекті болып отыр. Алайда оңтүстік облыстардың халқы, яғни ел халқының 60%-дан астамы ол эффектіні сезінбейді. Әрине, ұлттық валютаның жедел құнсыздануы бүкіл ел үшін келеңсіз әлеуметтік салдарын әкелуі мүмкін. Дегенмен, әлеуметтік эффектіні талдау кезінде бастапқыда халық шығының жалпы мөлшерін санап алу жөн», - деп санайды банкирлер.

Есептеулер бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі өзінің ай сайынғы бюджетінің 75%-ын азық-түлік өнімдеріне жұмсайды. Хат авторлары АҚШ-тағы «азық-түлік маркалары» мен Венесуэладағы әлеуметтік дүкендер мысалдарының негізінде, халыққа азық-түлік сатып алуға 90%-дық субсидия бере отырып, теңге бағамын бірқалыпты түрде біртіндеп түсіретін болса, онда ҚР көп тұрғындарының арасындағы наразылықты жақсылап төмендетуге болады деп сеніп отыр.

Хат авторларының ойынша, алдағы уақытта бағам саясаты бойынша шешім қабылдау қажет. Сондай-ақ банктердің теңгелік өтімділігін толтыру, бизнес субъектілерін қаржыландыру мақсатында Ұлттық қордан қаржы бөлу аясында, жаңа ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігінің жоқтығы себебінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы толық көлемде жаңа транштар бағыттау, ипотекалық қарызгерлердің проблемаларын шешу үшін қаражат бөлу, БЖЗҚ-дағы аукциондарды жандандыру, ШОБ қолдау бағдарламалары бойынша халықаралық қаржы инсти туттарымен келісімдерге қол қоюды жеделдету ұсынылып, теңгенің айырбас бағамын түзетуден келетін кері эффектіні кеміту үшін халықтың әлеуметтік осал қабаттарына арналған жәрдем көрсету амал-шараларын жасап шығару қажеттілігі мен мұнай және ресейлік рубль бағамына байланысты теңге бағамын ай сайын 5%-ға дейін бірқалыпты түсіріп отыру арқылы теңгенің жұмсақ айырбас бағамына көшу мүмкіндігі айтылған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

6 ақпан 2015, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.