Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қолыңнан келсе, алдап көр

3 409 просмотра

Атырау облысының ішкі істер департаментінде жақын әзірден бері жұмысқа қабылдау кезінде жалғандық детекторы қолданылады.

СІЗДІКІ ДҰРЫС, МЕН АНАСТАСИЯМЫН

Кадр қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қайрат ШОНАЕВ белгілі бір халықаралық дәрежедегі суперагент жасап көрмесе, былай адамға полиграфты алдау мүмкін еместігіне сенімді. Алайда мұндай шеберді де әшкерелейтін өз мамандары табылады екен. Бұл – жаңадан оқып келген инспектор-полиграфолог Ардақ СӘДУАҚАСОВА.

Полиграф – адамның сұраққа жауап беру барысында өзгеретін эмоцианалдық жағдайын тіркеуге мүмкіндік беретін техникалық құрылғы. Эмоционалдық жағдай қарқыны негізгі тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтерден (тыныс алу, терлеу, жүректің жұмысы және т.б.) қалыптасады. Сырт қарағанда қарапайым компьютер сияқты. Сынақ алынатын адам екі саусағына компьютермен байланысқан қысқышты тағады. Біріншісі тері-гальваникалық әсерді (терлеу) анықтаса, екіншісі плетизмограмды (қан айналымының өзгеруі) көрсетеді. Кеуде мен ішке белдіктер – жоғары және төменгі тыныс алуды анықтайтын датчиктер, ал сол қолдың қарына артериалдық қысымды анықтайтын тонометр салынады.

...Әрине, мен жалғандық детекторын алдағым келді. Полиция қызметкерлері сәл жымиып, келісім берді. Бірінші сынақ – «Сіздің атыңыз...» деп басталатын есімге байланысты тест. Менің міндетім – Полиграфичке білдірмей, сенімдірек өтірік айту. Полиграфолог ішінде менің атым да бар бірнеше есімді атап жатыр. Сенімді түрде өтірік айттым. Менің үстімнен барлық қысқыштар мен белдіктерді шешіп, қорытындысын көрсетті. Мониторда аталған есімдердің тізімі берілген, әрқайсысының жанында сызықтар мен пайыздық көрсеткішті сандар берілген.

- Міне қараңыз, сіз менің атым Анастасия емес деген жерде өтірік айттыңыз, - деді монторды көрсетіп А. Сәдуақасова. Шынында да менің атымның тұсында сызық басқалаларға қарағанда ұзынырақ екен.

- Есімге байланысты тест полиграфта жауап алудың бірінші кезеңі, - деп түсіндірді инспектор. – Ол сынақтан өтіп жатқан адамға психологиялық тұрғыда әсер етеді және бағдарламаны әр адамға қатысты жеке икемдейді: әрі қарай тест барысында біз оның қашан өтірік айтқанын, қашан шын айтқанын дәл біліп отырамыз.

НАҚТЫЛЫҚ – 98 ПАЙЫЗ

ІІД-ға 2014 жылдың соңынан бері екі осындай аппарат келген. Бір таңғаларлығы, фильмдерден көретініміздей, қылмыскердің кінәсін дәлелдеу үшін бұл қолданылмайды екен. Тек ішкі қолданыс үшін ғана. Детектор сынағынан алдын ала дайындалған барлық сұрақтарға (сауалдар аз емес) шын жауап берген жағдайда ғана өткен болып саналады.

- Полиграфологтың барлық жұмысы сұралатын адамға ашық және жария түрде өтеді, - дейді Сәдуақасова.– Ол барлық сұрақтармен алдын ала танысып, жазбаша келісім береді.

- Мұны кездейсоқ жасаған жақсы емес пе?

- Ереже солай. Тест алдында әңгімелесу адамның көңілін жайландырып, детектор алдында қорықпауын қамтамасыз ету үшін қажет. Алайда, егер сынақтан өтушіні барлық сұрақтар ішінен біреуі мазасыздандырса, тестілеу осы «ауыр» тақырып бойынша жүргізіледі, біз шындықты бәрібір анықтаймыз. Яғни, көптақырыпты тест бір тақырыптыға айналады. Бұлармен қатар бейтарап, бақылау және тексеру сұрақтары бар.

- Полиграфты алдауға бола ма? Мәселен, дәрі-дәрмек ішіп, немесе ішіңнен жүзден кері қарай санау арқылы...

- Аппарат шын немесе жалған айтып тұрғаныңызды 98 пайыз дәлдікпен көрсете алады. Ал егер сіз жайландыратын дәрі ішсеңіз, сынақ алды әңгімелесу кезінде белгілі бір тежелуді анықтаймыз. Физиологияны алдай алмайсың...

Биыл полиция қызметкерлерін кері аттестациялау жүргізіледі – бұл жолы полиграф қолдану арқылы.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

6 ақпан 2015, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.