Атырау, 28 желтоқсан 00:36
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Саяжайдан сән кетті

2 873 просмотра

Редакцияға «Нефтепереработчик» бағбандық қоғамының  мүшелері хабарласты. Еңбек өтілдері көп саяжай егіншілері көздеріне жас алды: олардың суару сорғысының бұзылып қалғанына бір айдан астам уақыт өтті, ал, оның жаңасын сатып алуға қаржылары жоқ. Өйткені, олардың көпшілігі АМӨЗ зейнеткерлері. 

Саяжай иелерінің бірінің баласы Жасұланмен бірге біз Қайыршақты селолық округіне бара жатырмыз. Талғайран поселкесінен кейін жол кенет бұзылды, біз мінген пикап жан-жаққа ырғалумен болды. Жүргізуші бұл жерлерге 90-шы жылдары жол салмақшы болып, қиыршықтас төсегенін, бірақ кейін оның қалай-солай қалғандығын еске алды. Көліктері жоқ саяжай иелері бұл жерге №53 маршрутпен келіп, өз учаскелеріне дейін жаяу барады екен. Және бұл арақашықтық бір не екі шақырым емес. Адамдар бір кездері бұл жерлерге аптасына үш мезгіл АМӨЗ автобусының қатынап тұрғандығын сағынышпен еске алды. Бұрын саяжай қоғамының аумағы зауыттың қосалқы шаруашылығы болып есептелді. Зауыт бұл аумақтан өз жұмысшыларына учаскелер бөліп берді. Мәселен, менің әңгімелесушімнің әкесі саяжай қоғамы құрылғалы, яғни, 1968 жылдан бері жер қазып келеді. Алайда, АМӨЗ өз саяжай иелерін қамқорлауды баяғыда-ақ ұмытты. Бұл жерде ағаштар қурап семіп жатыр.

- Бәрі, бәрі өліп қалды. Құлпынай да, қауын, қияр да... таңқурайды егер жақсылап суарсақ,  әлі де болса құтқарып қалуға болады. Бірақ, оған су жоқ, - дейді «АМӨЗ» МҮ бұрынғы вахтері  Галина ХАИТОВА.

Зауыттың бұрынғы қызметкері  Келім МҰРЗАҒАЛИЕВ те оған қосылып қояды. Ол өз-өзін қанша ұстағысы келгенімен оның дауысы дірілдеп шығып жатты:

- Жыл сайын біз өз учаскемізден 50-60 келіден құлпынай, таңқурай жинайтынбыз. Тосап қайнатамыз, қалғанын қалада сатып та жүрдік. Сорғының бұзылып қалғандығынан бір ай болды суара алмай отырмыз. Жайықтан 5 литрлік баклажкамен суды қашанғы тасымақсың...

- Саяжай иелері істен шыққан суару сорғысының маңына жиналып алып, өздерінің реніштерін білдіре бастады. Сорғы бұл жерде 1968 жылдан бері тұрған көрінеді. Әбден жөнделе-жөнделе тозығы жеткен. Айтпақшы, оны біздің көзімізше де 15  мың теңгеге жалданған екі моторист жандандыруға тырысты. Бірақ, тозығы жеткен сорғы іске қосылудан мүлдем бас тартты. Екінші бір мәселе – бұрынғы да, қазіргі де саяжай қоғамы басшылығының жұмысы тек төлемақы жинаумен ғана шектеледі екен. Егер өткен жылы бір сотық жер үшін 500 теңге болса, биылғы жылы ол 1000 теңгеге жеткен. Адамдардың айтуынша, саяжай маусымының басталуы барысында «Нефтепереработчик» қоғамының есепшотында 750 мың теңге болған, ал, қазір неге екені белгісіз бір тиын да жоқ. Олар  АМӨЗ қоғамға материалдық жағынан көмек көрсетіп отыр деген алып-қашпа әңгімені аракідік естіп қалады. Алайда, саяжай қоғамының материалдық-техникалық базасынан ол көзге шалынатын емес. Менің басшылықты қайта сайлау жөніндегі сауалыма қарттар үндемей қалды.

- Осыдан екі апта бұрын жиналыс болды. Әдеттегідей, 12 егде тартқан адам қатысқан. Біз секілді зейнеткерлерден не алады. Ақша да энергия да жоқ демекші. Учаскелердің жартысы бос жатыр. Оларды жастарға беру керек, олардың қолынан істі ұйымдастыру келеді ғой, - дейді  Анатолий МАКЕЕВ.

Қалаға келгеннен соң мен қалалық әкімдікке және зауыт атына сауалнама жолдадым. Қалалық әкімдік «Нефтепереработчик» саяжай қоғамындағы 240 учаскенің 120 учаскесі игерілмей отырғандығын және саяжай шаруашылығына кең масштабты көмек аясында жүргізілетін негізгі шаралар келесі жылға жоспарланып отырғандығын хабарлаған. АМӨЗ-нан бұл саяжай қоғамының өз балансында жоқ екендігі айтылған жауап келді. Бірақ, зауыт қоғам мүшелерінің ресми хатын биылғы жылға бекітілген бюджетке сәйкес  қарайтындығын мәлім еткен. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

25 тамыз 2011, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.