Атырау, 28 қараша 02:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ПИК төрағалары: «Бәлкім біз кетерміз?»

3 188 просмотра

Атырау қаласының ПИК Қауымдастығында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес 10 қаңтарда күшіне енген жаңа өзгерістер талқыға салынды. Қауымдастық төрағасы Гүлнар САЛИХОВА баяндама жасады.

«ӘР ПӘТЕР БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ – ҚОНЫМСЫЗ»

Заңның 2-бабына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алу, орнату, пайдалану және салыстырып тексеру, күрделі жөндеуге ақша жинақтау толықтырылған.

- ПИК 15 күн ішінде күрделі жөндеу жүргізуге қаржыларды шоғырландыру үшін әр үйге жинақ шотын ашуға міндетті. Бұрын мұндай есепшоттар тек үйде терможаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін ғана ашылатын еді. Әзірге күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындардан қандай тариф бойынша ақша алатынымызды шешкен жоқпыз. Бұл мәселе 2015 жылдың шығыстар сметалары бекітілген кезде тұрғындардың жиналысында талқыға салынатын болады. Бұрынғыша үйдегі желілер мен жүйелерді жөндеуге мақсатты түрде жинау жойылады. Терможаңғырту жүргізілген үйлерге күрделі жөндеудің қатысы болмауы тиіс деп ойлаймын. Назар аударыңыз, ПИК-тің шығыстар бабына енді үйге ортақ есептегіштерді күтіп-ұстау қаржылары енгізілген. Көктем мен жазда тұрғындар ПИК-терге үйлеріне жылу есептегіштер орнатып беру өтінішімен шығатын болар деп ойлаймын. Бұған жылыту тарифінің қымбат болуы және қыстың аномальды жылылығы себеп болып отыр.

31-бапта жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау жалпы жиналыстың осы кондоминиум объектісінің пәтерлер меншік иелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған және жиналыстың хаттамасында бекітілген шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады деп көрсетілген.

50-бапқа сәйкес күрделі жөндеуге ақша жинау пәтер иелерінің жазбаша келісімімен жүргізілуі тиіс.

41-1 бапқа сәйкес, тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау әкімдіктер жанынан қызмет көрсететін тұрғын үй инспекциясының тексеру жүр­гізуі арқылы жүзеге асырылады.
- Тұрғын үй инспекциясының инспекторына заң бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырып, айыппұлдар салуға құқық берілген. Тұрғын үй инспекциясы жылына бір рет әрбір ПИК-те тексеру жүргізуге тиіс. Инспекцияларға тұрғындар үшін егер ПИК өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда, сонымен қатар жаңа және «иесіз» үйлер үшін қызмет көрсететін мекемелерді белгілеуге құқық берілген. Егер тұрғын оларға ПИК жасалған жұмыстар туралы тоқсан сайынғы жазбаша есептемені үйіне жеткізбеді деп шағымданса, инспекторлар тексеру жүргізуге құқылы, - дейді Г.Салихова.– Бұған қатысты дауым бар. Атырауда тұрғындардың 40 пайызы ПИК алдында борышкерлер болып табылады. Ал оның үстіне біз олардың алдында есеп беруге тиіспіз. (Залда: «Бізге енді ПИК-ті тарату жөнінде мәлімдеп, кетуіміз ғана қалды!» деген айқай-шу шығып жатты). Алайда заң талабын орындау керек. Әр азамат алдында есеп беру үшін қазіргі уақытта ПИК-тердің шығын сметасына кірмеген шығыстар жұмсалмақ. Бұлар - қағазға, көшірме аппаратына, мекен-жай бойынша хаттарды жеткізу үшін курьерлер қызметіне жұмсалатын шығындар. Мен бүгінгі отырысымызда ағымдағы жылы тоқсан сайынғы есептерді пәтерлерге тасымалдамай, оларды ПИК кеңсесіндегі хабарландыру тақтасына ілу туралы шешім қабылдауды ұсынамын. Өз шешіміміз туралы айыппұл салмас үшін тұрғын үй инспекциясына жазбаша түрде хабардар етеміз.

 

«ПИК-ТЕН АРТЫҒЫ ЖОҚ»

42-бапта КСК-нің сервистік немесе басқа кондоминиум нысанына жатпайтын қызметтерді жүзеге асыруына тыйым салынғандығы көрсетілген.

- Тұрғын үйді күтіп-ұстау, желілер мен жүйелерді жөндеуден басқа, ПИК-тің басқа қызмет көрсетуге құқығы жоқ. Жақын күндері бізге кеңес алу үшін Құманғазы ауданындағы ПИК төрағалары хабарласқан еді. Олар өздерінде тұрғын үйлердің жағдайына бақылау жасайды, оның үстіне қоқыс шығарумен және кәріздік құдықтардағы лас суларды тартып шығарумен айналысады. Мен оларға ЖШС болып қайта тіркелген жақсы деп кеңес бердім.

42-1-бапта сервистік компаниялардың қызметтерін таңдау немесе бас тарту туралы жиналыс кондоминиум объектісін басқару органының бастамасымен немесе пәтердің меншік иелерінің оннан бір бөлігінің талаптары бойынша өткізіледі деп көрсетілген.

- Үйге ПИК немесе сервистік компания қызмет көрсете ме, әрине, таңдау тұрғындарда. Бірақ бұл идеяны қате деп есептеймін. Біздің ПИК-тер 20 жыл ішінде азды-кемді Атыраудың тұрғын үй қорын сақтап қалды. Терможаңғырту бойынша қаламызда сервистік компаниялардың қандай екенін көрдік. Олар 25 теңгеге тең біздің тариф үшін жұмыс істемейді, олар он есе көп сұрайды. Олар бізге өздерінің материалдық-техникалық базасымен, техникасымен, қосымша шығындары мен жоспарлы жинақтарымен келеді. Мен қаламыздың тұрғындары үшін бұл ауыр тиеді деп есептеймін, - дейді сеніммен Г.Салихова. –Қазір біз ПИК-ге бір шаршы метр үшін 25-тен 30 теңгеге дейін пайдалану шығындары бойынша тарифті көтеруді ұсынып отырмыз. «Тату» ПИК-і бұл тарифті бекітіп қойды. «Жаңаша» ПИК-і кооператив мүшелеріне «тарифті 33 теңгеге дейін көтеруді қолдайсыз ба? деген сауалнама парағын таратыпты. «Восток» ПИК-і де 28 теңгеге дейін көтеру туралы мониторинг жүргізуде. Әрбір кооперативтің мүшелері өз тағдырларын өздері шешеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

16 қаңтар 2015, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.