Қалалық әкімдікте «Жолаушылар тасымалын диспетчерлендіру жүйесінің» таныстырылымы өтті.
«АДАМ ФАКТОРЫН» ТҮЗЕТУСІЗ
Облыс орталығының тұрғындары тасымалдаушы-лардың жұмыс сапасына үнемі наразы. Ал, олар өз кезегінде, бұл сапаны тарифті өсірмейінше көтеру мүмкін емес дегенді алға тартады. Осы ахуалдан шығу жолын іздеп, Атырау қаласының делегациясы таяуда Астанада болып қайтты. Ол жерде диспетчерлендіру жүйесі басқа да бірқатар қалалар секілді 2011 жылдан бері жұмыс жасайды.
«Жолаушылар тасымалын диспетчерлендіру жүйесін» әзірлеуші болып табылатын «KazInterSoft» компаниясының директоры Әділбек НҰҒМАНОВ (суретте) Астанада, Ақтауда, Көкшетауда, Қостанайда, Семейде, Талдықорғанда, Оралда «...жүйесін» енгізу тәжірибесі туралы әңгімеледі. Бұл барлық өңірлер үшін ортақ болып табылатын: автобустар мен маршруткалардың қозғалыс арақашықтығын сақтамауы, тасымал көлігінің кешкісін ерте кетіп қалуы, бір-бірінен жолаушыларды алып кетуге тырысатын жүргізушілердің «жарысы» және т.б. бірқатар проблемаларды шешуге арналған автоматты бағдарлама. Қазіргі жаңа технология заманында адамдардың әлі күнге дейін қоғамдық көлік қозғалысы туралы ақпаратты қолайлы түрде, мәселен, телефондарындағы интернет арқылы алуға мүмкіндіктері жоқ.
- Базалық сызба күрделі емес. Автобусқа онлайн ақпаратты серверге беретін терминал орнатылады. Ол жерде бұл ақпараттар автоматты түрде өңделіп, тасымалдаушы үшін және қаладағы салалық қызметтер үшін есептемелер жасалады. Жинақталған мәліметтер қорында жүйе ақпаратты қала тұрғындарына интернет-портал немесе мобильді қосымшалар арқылы бере алады, - дейді Ә.Нұғманов. – Осы жүйенің веб-интерфейсі арқылы қандай маршруткамен бір нүктеден екіншісіне: базарға, кеңсеге, дүкенге дейін қалай жетуге болатындығын білуге болады. Жүйе автоматты түрде маршруттарды сапқа тұрғызуға, таяу маңдағы аялдама қай жерде екендігін, қандай маршрутқа міну керектігін, қанша аялдамадан өту керектігін, басқа маршрутқа отыру керек пе және т.б. ойға салуға мүмкіндік береді. Жұмыс тәжірибем бойынша айтарым, бұрын қоғамдық көлікке мінбейтіндердің көпшілігі енді ұялы телефон арқылы ақпарат ала отырып, өз көліктерін жиі қалдырып, автобуспен жүретін болған.
Бұрын тасымалдаушы үшін есептеме мүлдем жасалмайтын немесе қолдан жасалатын еді. Демек, адам факторы болды. Енді тасымалды басқару орталығының диспетчерлері жүргізушілердің жұмысына бақылау жасап, олардың тарапынан ереже бұзушылықтар болған жағдайда қоңырау шалып, әрекеттерді түзете алады. Әділбек Нұғманов жиналғандарға Астана бойынша есептеме үлгілерін ұсынды: жылдамдық режимінің, қозғалыс арақашықтығының бұзылуы және т.б. Атырауда, басқа да тез бой көтеріп жатқан қалалар секілді, әзірге картаға түспеген елдімекендер бар. Нұғмановтың айтуынша, олардың картографы жаңа елдімекендерді енгізе отырып, картаны жетілдіре алады. Бағдарламаның кімнің есебінен орнатылып жатқандығы туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол Ақтауда, мәселен, оған қалалық бюджеттің, Астанада ішінара әкімдіктің, ішінара тасымалдаушының ақша төлегенін айтты. Бағдарлама құны қала ауқымына, маршруттардың, автобустардың санына және т.б. байланысты болады.
БІЗДІ ҚАЛАЙ САНАУҒА БОЛАДЫ?
Жүйені Атырауда сынап көру үшін қарашаның аяғында №4 маршрутқа пилотты жоба енгізіліп, жүйеге 12 автобус кірді. Бұл оның қалай жұмыс істейтіндігін нақты көруге мүмкіндік берді. Мамандар бағдарлама операторы кім болатындығы туралы мәселені талқылады. Басқа қалаларда тәуелсіз компанияның осындай оператор болған тәжірибесі бар. Олай болмаған жағдайда мүдделер дауы болуы мүмкін екен.
Тағы бір өзекті мәселе – жүйенің көмегімен маршруттағы жолаушылар санын есептеуге бола ма? Нұғмановтың айтуынша, диспетчерлендіру жүйесінің шеңберінде бұл мәселені олқылықтары бар бірнеше тәсілдермен шешуге болады. Мәселен, қосымша жабдық – есіктерге орнатылатын жолаушылар дүрмегін тіркеу датчигі. Олқылық 10 пайызды құрайды. Астана басқа жолды таңдаған – салондарға фотофиксаторлар орнатқан. Бұл жабдық автобустың толу пайызын визуалды анықтауға көмектеседі. Яғни, бұл жүйе ұлғайтылмалы, қажет болған жағдайда белгілі бір міндеттерді шешу үшін жаңа опциялар орнатуға мүмкіндік береді. Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметтері бойынша, Атыраудағы ахуалды қалыпты ету үшін 444 автобус қажет. Ал, жергілікті тасымалдаушылардың паркі бүгінгі күні бар болғаны 210 автобус пен маршрутты құрайды. Атырау - салыстырмалы түрде шағын қала. Тасымалдаушылардың қымбат тұратын автобустарды сатып алғылары келмейтіндігі түсінікті. Олар салған ақшаларын ақтамайды. Арзан маршруттарды да сатып алу тиімсіз – олар жергілікті ауа-райы жағдайына төзімсіз болып келеді. Қалай болғанда да, егер жаңа жүйе қазір енгізілсе, ол тасымалдаушылардың көптеген ереже бұзушылықтарын анықтамақ. Қалалық билік қоғамдық көліктерге байланысты проблемаларды ақырында шешу үшін оны сатып алып, енгізбек ниетте.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор