Атырау, 28 қараша 01:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бағадан ұтқандар да, ұтылғандар да бар

1 973 просмотра

Көрнекі суретКөрнекі суретРесей рублінің әлсіреуі Астрахан облысымен шектесетін біздің өңірімізге тікелей әсер етті. Әзірге Ресейден шикізат пен жабдықтар сатып алатын жергілікті өндірушілер ұтып тұр. Дегенмен, олар мұның ұзаққа бармайтындығына сенімді.

- Керемет! – деп «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының басшысы Тамила РОЗМЕТОВА қазіргі ахуалға қатысты өз пікірін білдірді. – Бәрін дерлік, атап айтқанда, арнайы техника мен қосалқы бөлшектен бастап, жем-шөп пен дайын өнімдерге арналған ыдыстарға дейін Астраханнан сатып алатын тауарларымыз бізге Қазақстанға қарағанда 40-50 пайызға арзанға шығады. Әзірге бұл үрдіс өндірушілерден түсетін интернет-ұсыныстарда сақталып тұр.

- Ал сіз ресейлік өндірушілер тарапынан бәсекелестік болады деп қорықпайсыз ба? Олар қазақстандық сатып алушыларға осындай өнімдер үшін анағұрлым төмен баға ұсынуы мүмкін ғой.

- Бізде ондай өнім көлемі жоқ қой. Содан соң 11 қаңтардан кейін ахуал өзгереді деп ойлаймын. Ресейліктер бұрын өндірілген көлемді ескі баға мен келісімшарттар бойынша сатып болған шығар. Енді ол жақта барлық бағалар көтерілетін болар.

Оның сөзін басқа сүт өндіруші Аманжол ЕСҚАРАЕВ («Бірінші мамыр» АҚ) құптады:

- Ресейлік өндірушілердің басқа амалы жоқ: олар банкротқа ұшырайды немесе бағаны көтереді. Біздің шаруашылығымызға келер болсақ, әзірге ешқандай өзгерістерді сезген жоқпыз, өйткені алдын ала жарты жыл бұрын тек қазақстандық жем-азықтарды артығымен сатып аламыз.

Құлсары қаласындағы құс фабрикасының қожайыны Әлімжан БАЛЖІГІТОВТІҢ («Атырау Сауда» ЖШС) пікірінше, ресейліктердің жергілікті өндірушілерді «басып тастауға» күштері жеткілікті екен. Тек баға бойынша ғана емес, көлем бойынша да:

- Оларға өздерінде сатылмаған жұмыртқа қалдықтарын 10-12 фурадан әкеліп, оларды базарға 10 теңгеден беріп кету түк емес.

Ресейліктердің баға шабуылымен, атап айтқанда, отандық құрылыс материалдарын өндірушілер мен жеткізушілер бетпе-бет келген.

- Ақтөбелік газ блогының құны Атырауға дейін жеткізу бағасымен – бір текше метрі 19 мың теңге болады, ал ресейлік газ блогын 17-18 мыңнан әкеледі. Мұндай жағдайда жергілікті өндірушіге қиын тиеді. Өйткені, өндіріс үшін пайдаланатын біздің ресурстарымыздың бағасы төмендеген жоқ. Ресейлік құрылыс материалдарын өндірушілер мен жеткізушілер үшін біз керемет нарықпыз, олар жергілікті өндірушілерге қарағанда, сатып алушыға анағұрлым тартымды болу үшін бәрін жасайды, - деп есептейді «Экотон Атырау» тауарлы маркалы KPS компаниясының басшысы Әлібек МҰХИТ.

- Әзірге өңірлік нарықта кәсіпкерлерде дүдәмалдық сезіледі, - дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау филиалының директоры Асылбек ЖӘКИЕВ.

- Кейбір өңірлерде арзан рубльден ұтқан өндіруші компаниялар бар. Атап айтқанда, бұл РФ-да жинақталатын шикізатты сатып алатын компаниялар. Оған қоса, біздің кәсіпкерлерге жүргізген сауалнамамызға сәйкес, ахуалдан зардап шеккендер де бар – бұлар қазақстандық нарықта жинақталатын шикізатқа бейімделген кәсіпкерлер.

Соңғы айларда көптеген отандық кәсіпкерлер рубльге қатысты ахуалға бейімделе отырып, көрші Ресей облыстарынан тауарларды, өнімдерді, жылжымайтын мүліктерді жаппай сатып ала бастады. Алайда, екі мәрте ҚҚС мәселесі туындағанын айтады. Өйткені, ресейлік серіктестер өздерінің қосымша құн салығын ықылассыз алып тастайды екен. Осының салдарынан Ресейден сатып алынған тауарлар тиелген фуралармен кедендік шекарадан өту проблема болған. Дегенмен, Ресейде барлық заттардың бағалары жақын арада қайта көтерілетін шығар. Теңге де ауасыз кеңістікте емес, сондықтан біраз уақыттан соң ахуал біздің өндірушілер мен тұтынушылар үшін анағұрлым жоғары баға деңгейіндегі қазақстандық-ресейлік сауда кво мәртебесіне оралуы мүмкін.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.