Атырау, 28 қараша 01:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қондырғы 560: кері жүктеу

2 190 просмотра

Солтүстік Каспий жобасының «Болашақ» зауытындағы жер қыртысы суларын тазалау қондырғысын «ҚазСтройСервис МГҚК» АҚ салады.

ЖЕР ҚЫРТЫСЫ СУЛАРЫН ҚАЙДА АҒЫЗДЫ?

Тек ағылшын тіліндегі нұсқасы ғана жұмыс жасайтын «ҚазСтройСервис» МГҚК АҚ сайтынан біз осы компания мен Аджип ҚКО арасында жұмыстардың толық цикліне (жабдықтарды сатып алу, құрылыс және қосу-өңдеу жұмыстары) жасалған келісімшарт туралы ақпарат таптық. Келісімшарт сомасы көрсетілмепті. Тек 2012 жылы жоба құны $65 млн-ды құрады деп көрсетілген. 

Естеріңізге салсақ, бірнеше жыл бұрын облыстық экология департаменті Аджип ҚКО-ның «Болашақ» зауытындағы қалдық суларды 9 булану алаңына жіберуді қарастыратын жобасына келісім беруден бас тартқан еді («АЖ», 18.10.12 күнгі №42 «Тамұқтан келген улы су» мақаласын қараңыз).  Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) өзінің қорытындысында құрамында күкіртсутегі бар технологиялық қалдық суларды буландыру алаңдарына жіберуге рұқсат етілмейді, олар өңделіп, мұқият тұмшаланған ыдыстарда сақталуы тиіс деп атап өткен, өйткені, Қашаған мұнайынан алынған жер қыртысы суларының құрамында шектік рұқсат ету нормаларынан бірнеше есе асатын улы заттар бар. Атап айтсақ, өлшенген заттар – 17 есеге, минералдау бойынша – 13 есеге, метанол 815 есеге, күкіртсутек 1 366 және мұнай өнімдері 34 есеге асып кеткен.

Тимур ҚҰЛЫБАЕВТимур ҚҰЛЫБАЕВАлғашқы жобада 4 су бұру жүйесі, соның ішінде, 560-қондырғы – мұнайды жер қыртысы суларынан ажырату және осы суларды қауіпсіз деңгейге дейін күкіртсутегіден тазалау, жасанды мүйіске ағызу жүйелері қарастырылған. Тағы үш қондырғы – 570 (тұрмыстық қалдық суларды тазарту), 540 (жабдықтарды шайғаннан, өрт сөндіруден кейін және т.б. мұнай өнімдерімен ластанған қалдық суларға өндірістік-жауын кәріз жүйесі) және 590 (технологиялық процестерге қатыспаған қалдық суларды сұйық технологиялық қалдықтарды орналастыру алаңына бұру) жобаға салынды.

Алайда, қандайма бір себептермен 560-қондырғы кезінде салынбады. Мүмкін, бір кездері Солтүстік Каспий жобасында жер қыртысы суларын жер асты қабаттарына кері жіберуді шешкен болар. Бірақ кейін бұл идеядан да бас тартты. Себептерінің екі нұсқасы бар. Олардың бірі бойынша, жер асты қабаттарын зерттеу жер асты суларының жоғары деңгейлігінен қыртыс суларын осы учаскелерге айдауға болмайтындығын көрсетті және бұл Каспийдегі мұнай өнімдеріне түсу қаупін тудырады. Екінші нұсқа – алғашқы кезеңдегі мұнай құрамындағы судың аз болуы. Мамандардың бағалауынша, жобада айдауға қажетті су деңгейіне өндіріс басталғаннан 4-5 жылдан кейін ғана шығуы керек.

Қалай болғанда да, 560-қондырғы әлі салынған жоқ. Бейресми ақпарат көздері хабарлағандай, осыған байланысты, «Болашақ» зауытында тестілік сынақ кезінде технологиялық мақсаттарда пайдаланылған су қалалық кәріз жүйесіне тасылып құйылған. Сонымен қатар, Қашағанда өндіріс жұмыстары жүргізілген айға жуық уақыттағы жер қыртысы суларының қайда кеткенін, техникалық сулар қазір қайда айдалып жатқанын білген қызықты болар еді. Үстіміздегі жылдың қазан айында NCOC өкілдері 2015 жылға арналған табиғат қорғау іс-шаралары жоспарын талқылау кезінде жобадағы барлық жабдықтардың жұмыс жағдайын сақтап тұру үшін кезеңдермен тестілеу жұмыстары жүргізіледі деген болатын.

 

«ҚҰЖАТТАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР»

Лакшми МИТТАЛЛакшми МИТТАЛЕнді 560-қондырғы құрылысы «қайта жанданып», тендер өткізілді, оны «ҚазСтройСервис» МГҚК ұтып алды, алайда, көп уақыт босқа кетті. Өйткені, бастапқыда ТЭН және ЖСҚ әзірлеуді 2012 жылға қойып, ал, сол жылдың қарашасында құрылыс-монтаждау жұмыстарына жабдықтар сатып алу, 2015 жылдың мамырында қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған еді. Бүгінгі жағдай қалай? NCOC-ге жіберген сұранысымызға нысан жобалау кезеңінде тұр деген жауап келді: «Қазіргі уақытта сәйкесінше мемлекеттік органдардың келісімін алу үшін қажетті техникалық құжаттар әзірленіп жатыр. Қондырғыны жобалау суды тазалау және өңдеу бойынша міндеттерді шешуге қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды есепке ала отырып орындалады. Жұмыстық жобалау кезеңінде қондырғының кейбір бөлшектері өзгертілуі мүмкін, ал, бұл ақырғы бағаға әсер етеді».

«ҚазСтройСервис МГҚК» АҚ-ның жалғыз акционері болып Нидерландыда тіркелген KazStroyService Global B.V компаниясы табылады. Оның иелерінің ішінен Тимур ҚҰЛЫБАЕВ пен $300 млн-ға КСС-тің 35% үлесін сатып алған-мыс үнді миллиардері Лакшми МИТТАЛЛ аталады.Ол осылайша Үндістандағы өз бизнесін кеңейтіп, қазақстандық мұнай-сервистік қызметтер нарығында белсенді ойыншыға айналған. Мәмілелер бойынша ақпараттарға қарап, КСС тобының мүдделері Қазақстан мен Үндістан аймағымен шектелетінін көреміз. Басқару құрамындағы үнді азаматтарының саны жартысына жуықтаған.

КСС-тің еншілес және бағынышты компаниялары: «Engineering and Procurement Services» ЖШС, «Piling and Infrastructure Services» ЖШС, «ПСН КазСтрой» ЖШС, «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС (бұрын Keppel Kazakhstan атымен белгілі), «ISKER КазСтройСервис» ЖШС, «Service Pipes Holding» ЖШС, «Сары-Арка БК», «Golden Steppe J.V. LLP» ЖШС.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА  

31 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.