Атырау, 28 қараша 00:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Электронды есепшот фактурасының артықшылықтары туралы

1 984 просмотра

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде электронды есепшот фактурасын енгізу мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Атырау облыстық мемлекет-тік кірістер департаменті басқармасының бастығы Батырбек ЮСУПОВТЫҢ айтуынша, 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда есепшот фактураларын электронды түрде жазып шығару (ЭЕФ) мүмкіндігі пайда болды. ЭЕФ шығарып беру (тегін түрде) электронды есепшот фактураларының ақпараттық жүйесінде (ЭЕФ АЖ) жүзеге асырылады. Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті оның әкімшісі болып табылады. Электронды есепшот фактурасы ақпараттық жүйеде салық заңнамасы бекіткен қуыну мерзімі ішінде сақталады және рұқсатсыз кіруден қорғайды.

- ЭЕФ-ға көшу компанияның құжат айналымын едәуір жеңілдетеді. Қазіргі кезде салық есептілігі электронды түрде тапсырылатындығын ескере отырып, Қазақстанда бизнес-құрылымдар ЭЕФ енгізілуге әзір деуге болады, - дейді Батырбек Юсупов. – Олар еске салған электронды есепшот-фактурасының артықшылығы қатарында - өз жұмысшыларына есепшот фактурасын шығарып беру құқығын табыстау мүмкіндігі; егер компания бүкіл есепшот фактураларын электронды түрде шығаратын болса, өткізілген, сондай-ақ, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі; қай жерде екеніне қарамастан алушыға ЭЕФ-ны жылдам жеткізу; сондай-ақ, сатып алушы мен жеткізуші арасындағы ЭЕФ АЖ-да тез хабарлама алмасу мүмкіндігі.

Бүгінде Атырауда есепшот фактурасын шығаратын электронды түрде бар болғаны 6 компания бар.

- Біздің компания электронды есепшот фактураларын шығарады, бірақ сонымен қатар қағаз түрінде де қайта жазады. Өйткені, біздің серіктестеріміздің бәрі бірдей ЭЕФ-мен жұмыс жасамайды. Біз оларға электронды пошта арқылы есепшот фактураларын жібереміз, олар бізде жіберілген, бірақ қабылданбаған болып белгіленеді. Сондықтан біз бұрынғыша өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді (300.07) және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді (300.08) ұсынамыз, алайда заң бойынша біздің мұны жасамауымызға болады, - дейді «Жігермұнайсервис» компаниясы бас есепшісінің орынбасары Гүлнәр ӘБДРАХМАНОВА.

Түрлі бағдарламалары, мәселен, 1С бағдарламасы бар жүйелерді біріктіру де сұрақтар туындатып отыр. Әзірге біздің кәсіпорындар біріктірусіз жұмыс жасауда. Электронды кілттері бар есепшілер құжаттарды қолдан жасайды. Бірақ, тәжірибелі есепшілердің пікірінше, жаңа жүйелер мен бағдарламаларды енгізу әрдайым да бастапқыда көптеген сұрақтар тудырады, ал әрі қарай бәрі өз орнына келеді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Мөлдір ДОСҚАЛИЕВА ҚҚС төлеушілерді тіркеудегі өзгерістер туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті бірінші басшы ғана жеке басын анықтайтын құжатын көрсетіп, өз қолын қойып, алуға тиіс. Оның үстіне, салық органдарының осы құжатты берген кезде куәлікті алған азаматты суретке түсіріп алуға құқығы белгіленген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.