Атырау, 27 қараша 23:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жергілікті операция

10 475 просмотра

Облыстық ауруханада алғаш рет өт шығатын түтіктен РХПГ (рентгенге түсіру арқылы тексеру жүргізе отырып, эндоскопия жасау) қолдана отырып, ЭПСТ (эндоскопиялық папиллосфинктеротомия) әдісімен тасты алу операциясы жасалды.

 

БЕЛОРУССИЯДАН ОТА ҮСТЕЛІНЕ

Бұрын ауруханада мұндай оталарды Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларынан арнайы шақыртылған мамандар жасайтын. Міне, жергілікті дәрігерлер Құлсары қаласының тұрғыны 25 жастағы Гүлзадаға операцияны өздері жасады. Гүлзаданың айтуынша, өзінің өтінде тас бар екенін кездейсоқ білген. Белоруссияда іссапарда жүргенде бірнеше күн бойы іші ауырып, дәрігерге қаралуды шешеді. Сол жерде ол өт түтігінде көптеген ұсақ тастар бар екенін біледі. Елге келгеннен соң, сарғыштық белгілерімен облыстық аурухананың ота үстелінен бір шықты.

Бұрын мұндай оталар оперативті шара қолдану (қуыстық) арқылы жасалатын, содан соң пациент ұзақ уақыт бойы тігістердің жазылуын күтіп, содан кейін ғана өт қабын алып тастайтын. Қазір бұл көп жарақаттамай-ақ жасалады. Эндоскопиялық аппарат көмегімен дәрігер өт шығару жолынан өт түтігі арқылы ұлтабарға өтіп, осы жерді сканерлейді, көлеңкелеріне қарап тастарды тауып, арнайы құралы – «кәрзеңкенің» көмегімен оларды жояды. Ал екі күннен кейін екінші ота жасалады – лапароскопиялық жолмен өт қабының өзін алып тастайды.

Бірінші ота науқастың жағдайына қарай жергілікті наркозбен де, жалпы нархозбен де жасала береді. Гүлзадаға операцияны жергілікті нархозбен жасаған. Әйел бірден аяғымен тұрып кетті, енді жақын әзірде оған өт қабын алып тастау үшін екінші ота жасалады.

 

«ОСЫ ЖЕРДЕ ҰЗАҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫН ДЕП ҮМІТТЕНЕМІН» 

Рүстем МЕДЕУБАЕВ.Рүстем МЕДЕУБАЕВ.Біз ота жасаған дәрігер – медицина ғылымдарының докторы, республикалық эндоскопист дәрігерлер мен эндохирургтар қауымдастығының вице-президенті Рүстем МЕДЕУБАЕВПЕН кездестік. Рүстем Қалимұлы Атырауда дүниеге келген, алайда бала күнінде ата-анасымен бірге Ақтөбе қаласына көшіп, медицина институтын бітіріп, Алматыдағы онкология және радиология ҒЗИ-де жұмыс жасаған. 90-шы жылдары Мәскеудегі Бүкілресейлік онкологиялық ғылыми орталықта оқып, жұмыс жасады, сол жерде кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғады. Қазақстанға оралғаннан кейін Алматыдағы ҒЗИ-де бөлім меңгерушісі болып жұмысқа тұрып, кейін Астана мен Ақтөбедегі онкология кафедраларын басқарды. Соңғы екі жылда Атырауға бірнеше рет келіп, күрделі операциялар жасады. Ал биыл облыстық әкімдіктің келісімімен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ пен облыстық аурухананың бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВТЫҢ шақыруымен туған жеріне оралды.

- Көшіп келуіңізге не себеп болды?

- Мен ғылыми-тәжірибелік медицинада 30 жылдан бері жұмыс жасап келемін, қиын операциялар жасауда тәжірибем көп. Мен шәкірттерім Алматы-Астана және Қазақстанның басқа да қалаларындағы ірі клиникаларда бөлімдерді басқарады. Атырауға келу себебім - бар іс-тәжірибемді әріптестеріммен бөлісіп, жерлестерімнің пайдасына жарату. Атырау тұрғындары ота жасату үшін арнайылап Ресейге, Алматы мен Астанаға барып жатады, ал бұл операцияларды осы жерде тегін жасауға болады (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында). Сырттан мамандар шақыру оңай емес, жолын, жатар жерін, гонорарын төлеуің керек. Өзіміздегі мамандарды үйретуге болады ғой.

- Сіз бізде шілде айынан бері жұмыс жасап жатырсыз. Қандай қорытындыларға келдіңіз? Жергілікті медицинаның қандай мәселелері бар – техникалық жабдықталуы нашар ма, әлде мамандар біліксіз бе?

- Мен еліміздің емдеу мекемелеріне медициналық жабдықтар жеткізетін «ҚазМедТех» АҚ-тың сарапшысы болып та жұмыс жасаймын. Бір байқағаным, соңғы екі жылда жабдықтарды унификациялау жүріп жатыр, яғни, орталыққа да, өңірлерге де бірдей жабдықтар жеткізіледі. Атырауда техникалық жабдықтаудан да, кадрлар тұрғысынан да проблема байқаған жоқпын.

- Атырау тұрғындары сол өттегі тастың пайда болуы ауруымен жиі ауыра ма?

- Бұл, негізінен, медициналық статистика қызметкерлеріне қойылатын сұрақ. Алайда, бұл ауру республика бойынша орта деңгейден біраз жоғары. Мұнда бірнеше факторлар болуы мүмкін: тұқымқуалаушылық, экологиялық, өндірістік. Тамақпен де, су сапасымен де байланысты болуы мүмкін. Қалай болғанда да, өтінде тасы бар, бауыры ауыратын адамдар көп келеді.

- Сіз стент салу бойынша операцияларыңыз арқылы онкологиялық аурулармен ауыратын адамдардың өмірін ұзартуға көмектеседі деп естігенмін.

- Иә, асқазан жолдары, кеңірдек, тоқ ішек немесе зәр шығару жолдары бұзылғанда, бұл учаскелер тарылады және сол жерлерге стент салынады. Оның көмегімен науқас өздігінен тамақ ішіп, дәретханаға бара алады. Яғни, ауру адамның өмір сапасы жақсарады. Стент салу операцияларын асқазан жолдарының, кеңірдектің күюі және операциядан кейінгі стриктура кезінде де жасаймын. Балаларды да емдеймін. Атырауда бір қыз осылай өмір сүріп жатыр.

- Тағы бір сұрақ: сіз бізге біржолата келдіңіз бе, әлде тек кадрлар дайындап, кері кетесіз бе?

- Атырау – менің туған жерім. Туыстарымның үміттері мен сенімдерін ақтағым келеді, жерлестеріме пайдамды тигізгім келеді. Құр даңғара сөз сияқты болғанымен, шындығында солай.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 желтоқсан 2014, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.