Атырау, 9 қараша 02:00
 бұлттыВ Атырау +1
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Жайыққа жұтылған жандар...

5 818 просмотра

Жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, суға кетіп жатқандар саны күн өткен сайын артуда. Қатты ыстық адамдарды өздерін қайткенде де сергіту үшін су қоймаларында шомылуға мәжбүрлеп отырса, бұл уақытта төтенше жағдайлар министрлігі дабыл қағуда. Өткен аптада қалалық судан құтқару станциясында осы тақарыпта кезекті брифинг болып өтті.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 7 айдың ішінде облыстағы су қоймаларында 29 адам суға кеткен. Оның 16-сы шомылу маусымында cуға батып кетіпті. Тағы 16 адам құтқарушылар көмегімен аман қалған. Өлімнің негізгі себептері – мас күйінде шомылу, тексерілмеген, жабдықталмаған жерлерде суға түсу, жүзе білмеу, сондай-ақ, балаларды дұрыс қадағаламау. 

Жиналғандарға сүңгуірлер костюмдерін, құтқарылатын адамға арналған шлангісі бөлек оттегі аппараттарын, желісіз байланыс көзін және басқа да  әбзелдерді таныстырды. Кейін суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. 

Қарапайым қауіпсіздік ережелеріне тағы бір тоқталып өтейік:

- суға құлап кетуге болатын жерлерде тұрмаңыз және ойнамаңыз;

- таныс емес жерлерде сүңгімеңіз – су түбінде не болатыны белгісіз;

- қолдан жасалған құрылғыларды (камералар, доптар, тақтайлар, салдар) қолданбаңыз, олар сіздің салмағыңызды көтермей қалып, аударылып түсуіңіз мүмкін;

- өтіп бара жатқан катерлер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз;

- лайланған, балдырлар өскен жермен жүрмеңіз;

- қоршалған белгілерден аспай, рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша, шомылу маусымының басынан (1 маусым) еліміздің аумағында 265 адам суға кеткен.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

18 тамыз 2011, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.