Атырау, 27 желтоқсан 08:28
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Медиация - бітістіру рәсімі

6 774 просмотра

Өзі өсірген қиярының барлық өнімін ұрлап кеткен ұрыға мемлекетке айыппұл төлеттіріп немесе бір жарым айға темір торға қаматудан саяжайшы-зейнеткерге қандай пайда? Бұзақыны сот арқылы жазалаудың орынына онымен бітімге келуді ұсынады. Айталық, бұл ұры келесі жылы көктемде оның бақшасын қазып береді, ал, әзірге қиярының орынына әжейге биылғы піскен картоптың бір қабын сыйға тартады.

Атырау облысында дау-дамайды кәсіби тұрғыдан шеше алатын бір ғана медиатор жұмыс жасайды. Өткен аптада «Медиация туралы» Заң күшіне енді. Ол көптеген дауларды біздің құқықтық жүйеден тыс, жариялылық пен қағазбастылықсыз, жүйке мен уақытты үнемдей отырып шешуге мүмкіндік береді.

Мәселен, бірінің үйіне суды жіберіп алған екі көрші немесе балалары мен мүліктерін бөлісуші бұрынғы ерлі-зайыптылар, біреуі екіншісі тонап алды дегенге сенімді екі кәсіпкерді алайық. Алдымен медиация бөлмесіне әңгімелесу (кокус) үшін бірінші тарап шақырылады, оның талаптарының мәні талқыланады, оның дауды реттеу үшін тілегі тыңдалады. Кейін екінші тарап бойынша да осы әрекет қайталанады.

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Кокус деген не?

Медиация идеясы  бізге Батыстан келді және ол өзімен бірге шетелдік лексиканы ала келді. Медиация үдерісінде түсінік-сіздеу келген  «кокус» деген термин сөзбен аталатын міндетті кезең бар.  Бұл сөздің қайдан алынғандығы белгісіз. Алайда, көптеген лингвистер алгонкиндер тайпасы  үндістерінің тілінен келген кірме сөз деп есептейді. Бұл сөз оларда «тайпалар кеңесі» дегенді білдіреді. Келіссөздер кезінде медиатор екі таптың әрқайсысымен кезекпен кокус, яғни, құпия әңгімелесу үшін жеке бөлмеде болады.

Тараптардың әрқайсысында бір-біріне айтпайтын жасырын ақпараттары болады, бірақ, оны медиаторға айта алады.

– Сотқа арызданғаннан медиатрға бару неліктен оңай?

– Өйткені, сот процесі – теледидардан көрсетіп жатқандай емес, кімде-кім бір рет болса да осынау қиындыққа қатысқан болса, оның «Сот сағаты» бағдарламасымен салыстырғанда мың есе ауыр жұмыс екендігін білер еді.  Уақытты (кейде жылдарға созылады), ақшаны жоғалту, үнемі жүйке жұқарып, алаңдаумен күн кешеді. Және соттың шешімі сіздің пайдаңызға шешілмейді, өйткені сотта тек бір ғана тарап жеңіске жетеді. Сіздің жеңімпаз болатындығыңыз белгісіз. Мейлі, тіпті, сіз жеңіске жеттіңіз делік, бірақ, одан кейін сізге соттың шешімін орындатуға күш жұмсауыңыз керек, - дейді кәсіби медиатр Марина МҰХТАРОВА.

Нақты бір мысал келтірейік, жаяу жүргінші және жүргізуші, шағын жол-көлік оқиғасы. Жәбірленуші сотқа шағымданады. Жүргізушінің кінәсін дәлелдеу үшін оған бірнеше сараптамадан өтуге, оқиғаның қалай болғандығын қай-қайта әңгімелеуге, іске көптеген адамдарды тарту, сондай-ақ, әрқайсысына істің мән-жайын қайта-қайта түсіндіруге тура келеді. Уақытты жоғалту жауапкерге де оңай тимейді. Жауапкер мен жәбірленуші маған келді. Және мәселе басқа бір қырынан туындай бастады. Ақыр аяғында олардың жедел түрде бітімге келу мүмкіндігі пайда болды. Және ешқандай да тәукелділікке барудың қажеттілігі болмады. Екі тараптың бірін бұл шешім қанағаттандырмайтын болса, онда ол ешқандай түсініктемесіз медиациядан бас тартуға құқылы  және сот процесін қайтадан қолына ала алады. Алайда, бұл оқиға сөзсіз екі сағаттың ішінде шешілді. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам өтемақысын төледі де, әйелді денесіндегі көгергендер және жарақаттарын емдету үшін шипажайға жіберді. Екі тарап та риза, бір-біріне қоятын талаптары жоқ.

Мұның бәрі оңай шешілді. Медиацияда екі тараптың қатысуы барысында біз жағдайдың неден басталғандығын, оқиғаның бүге-шігесін, барлық детальдарын анықтай бастаймыз. Жауласқан екі тарапқа олармен бірге прокурордың, хатшының, заң факультетінің  тәжірибеден өтуші студентінің  жоқтығы біраз жеңілдік сыйлайды. Тек мен ғана. Жағдайды түсіну барысында адамдар айқайға басып, бірінің сөзіне бірі құлақ аспайды. Ал мен сабыр сақтап отырамын. Мен бір адамның екіншісіне айтқысы келетіндігін және ойын сабырмен жеткізуді қалайтындығын түсінуге тиістімін. Менің міндетім- дауды көп дегенде бір айдың ішінде шешіп беру. Мұндай мерзім заңда бар. Тәжірибеде, мәселен, бұл жағдайда бітімге келу рекордты мерзімде жүзеге асты.

- Ал, егер жәбірленуші тарап бітімге келуді қаламаса ше?

- Ол оның құқығы. Егер жәбірленуші ерікті бітімге келу дәйектерін қаламайтын болса, онда іс сот тәртібі бойынша қаралады. Медиацияда бір жақсысы адамдардың өздері бір-бірімен келісімге келіп, екі тараптың да көңілінен шығатын шешімдер қабылдайды. Мен әлі күнгі дейін шығарылған сот шешіміне риза болған адамдарды көргенім жоқ. Тіпті, мейлі шешім олардың пайдасына шешілсе де, ол бәрібір оларға жаққан емес. Бізде былай дейді: адам сотқа шағымданғанда даудың соңына көп нүкте қояды және достық қараым-қатынас осымен аяқталады. Ал, адам медиаторға келсе, достық қараым-қатынас сақталып қалады. Біз бейбітшілікке ұмтыламыз. Бізде жеңілетіндер жоқ. Біз «жеңіс-жеңіс» деген принцип бойынша жұмыс жасаймыз.

– Қарапайым тілмен айтқанда, енді заң бұзушының өз кінәсінен өркениетті түрде арылуына мүмкіндік болғаны ғой.

– Саяжай учаскесінде жұмысқа тарту моральдық шығынды өтеудің құралы болуы ғажап емес. Демек, оның бірнеше нұсқалары болуы мүмкін. Бір жағдайда – ақша, енді бір жағдайда – жұмыс, ал, үшінші бір жағдайда – қандай да бір қызмет. Ал, кейде медиацияны бастаған кезде, адамға тек қарапайым ғана «кешіріңіз» деп айтудың ғана жеткілікті екендігін түсінесің. Айталық, ерлі-зайыптылардың арасында даулы мәселе туындады. Бәрі бітті, айырылысу ғана қалды!  Алайда, бұған не себеп болды? Мәселен, әйелінің туысқандары тыныштық бермейді. Үнемі бірге тұруға тіленіп жүреді, ақша сұрайды. Медиацияда ерлі-зайыптылар жай ғана бір-бірімен келісімге келуіне болады. Туысқандарынан мазаламауларын сұрайды немесе отағасының жүйкесін тоздырмау үшін көрші ауданнан пәтер жалдайды. Күйеуі өз кезегінде жұдырығы үшін кешірім сұрайды және бір ай бойына өз еркімен еден жууға келіседі. Бұл айырылысу, балалар мен мүлікті бөлуден әлдеқайда жақсы емес пе?!

– Медиатр болу қиын ба?

-Ең қиыны екі жақты алаламай, баға бермеу болып саналады. Екі тарапты тыңдап, қандай құқықтық сәттері бар, кімде ұтымды жағдай, кімде ол жоқ соны таразыға саламыз. Психологтар әдетте әріден бастайды: «Бұл туралы сөйлескіңіз келе ме? Келіңіз оның себептерін ізделік, сіздің балалық шағыңызды еске түсірелік. Сізге қандай және қашан психологиялық жарақаттар салынғандығын анықталық». Яғни, олар даудың мәнін талқылауға салмайды, санасыздықты қазбалаудан бастайды.

- Бітімге келу үшін талаптардың орындалу барысы қалай? Олардың орындалатындығына кепілдік бар ма? 

– Екі тарап медиацияға бара жатқанда-ақ, олар екі тарапқа да тиімді болуы үшін бітімге келуді жоспарлайды. Медиация аяғында егер тараптар әлдебір келісімге келген болса, келісім-шартқа отырып, оны нотариус арқылы куәландырады.

– Медиатор қызметі қанша тұрады?

– Біз клиенттермен келісімге келеміз. Істің қиындығына қарай. Біз бастапқыда-ақ, аса қиын емес үдерістер 30 мың теңге тұрады деген шешімге келгенбіз.

– Кім төлейтін болады?

– Егер біздің қызметімізге жауласқан екі тарап бірдей жүгінсе, табысқа жеткен жағдайда бөліп төлейтін болады. Егер бір тарап қана болса, онда сол төлейді. Егер медиацияның нәтижесі болмаса, онда барлығы жан-жаққа тарайды, ешкім ешкімге төлемейді.

– Кім медиатор бола алады?

– Қазақстан медиаторлар тізілімінде тіркелген, серитификаты бар, Алматыда «Медиация және бітімгершілік бірыңғай орталығында» арнаулы курстан өткен  адам бола алады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

Қазір заң кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша да медиация жүргізуге рұқсат береді.  Олар бұзақылық, ұрлық және жол-көлік оқиғалары. Жасы кәмелетке толмағандар қылмысын да қарауға болады. Егер адамдар құқық қорғау органдарына медиативті келісіммен баратын болса, онда қылмыстық іс тоқтатылуы мүмкін. Медиацияда қаралған дау  медиация үдерісіне қатыспайтын үшінші бір тұлғаның мүддесіне қатысты болса мүмкін болмайды. Дау-дамай барысында тараптың бірі мемлекеттік орган болса да жүргізілмейді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары  туралы немесе мемлекеттік басқарма және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар  туралы қылмыстық істер де қаралмайды.

18 тамыз 2011, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.