Болгария Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік агенттігінің бұрынғы басшысы Петко Сертовке 9 желтоқсанда Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады ТАСС.
Өткен аптада жоғалып кеткен экс-директорды болгария полициясы да іздестіруде.
Елдің ішкі істер министрі Веселин Вучконың хабарлауынша, Сертовті соңғы рет 5 желтоқсанда көрген. Кешкі сағат алтыда ол ұялы телефонын үйде қалдырып, өз пәтерінен шығып кеткен. Оны белсенді іздеу 6 желтоқсанда әйелінің өтініші бойынша басталған, бірақ та қазіргі кезде ешқандай нәтиже бермеген.
Жергілікті БАҚ оның жоғалып кетуін денсаулығына байланысты өзіне қол жұмсауы да мүмкін дегенді айтады.
Сертов Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік агенттігінің басшысы қызметінде 2008-2009 жылдары жұмыс жасаған.
Дереккөз: ҚазАқпарат