Атырау, 23 желтоқсан 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Кәсіпкерлерге заттай гранттар ұсынылуда

2 704 просмотра

5 тамыз күні облыстық әкімдікте кәсіпкерлікті қолдау  бойынша биылғы жылғы басталған бағдарламаның жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Бұл бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан және жаңа «Өнімділік-2020» өндірісін құру, «Экспортер-2020» экспортты дамыту және «Инвестор-2020»  тікелей шетелдік инвестицияға қолдау көрсететін жетілдіру бағдарламасы. Бұлар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен бірге 2011-2014 жылдарға арналған серпінді индустриальды-инновациялық дамудың (СИИД) мемлекеттік бағдарламасы болып табылады және үкіметтің бақылауында болады. «Өнімділік-2020»: жоба серпінді индустриальды-инновациялық дамудың басымдық салаларына жатуға тиіс, кәсіпорын қаржылық жағынан тұрақты болуы керек. Жеңілдіктер көп: инвестициялық жобаның кешенді жоспарын жасақтау шығындарының жартысын өтейді (7,5 млн. теңгеден кем емес), ұзақ мерзімді лизинг және жобалау ұйымдарының қызметі шығынының үштен бір бөлігін бірлесе қаржыландыру (30 млн. теңгеден кем емес), инновациялық технология құнының жартысы көлемінде гранттар (200 млн. теңгеден кем емес), бір шетелдік маманды бір жылға шақыру шығынының жартысын төлеу (9 млн. теңгеден кем емес) қарастырылған. Облыс бойынша бағдарлама операторы – «Атырау» ӘКК. Бағдарламаға қатысуға «Биас Тек», «Әдемi үй», «Қағазов» және «Тұз» компаниялары ниет білдірді.

«Экспортер-2020» бағдарламасы бойынша 6 айдан бір жылға дейін 1 млн. доллар көлемінде Эксперттік-несиелік агенттік (ЭНА) тарапынан қаржыландыру, несиелеу және сақтандыру ұсынылады. Артықшылықтары: құрал-жабдықтар, шикізат пен материалдарға салынатын кедендік баж салығынан босатылады; мемлекеттік заттай гранттар (жер учаскелері, ғимараттар, машиналар мен құрал-жабдықтар және т.б.) ұсынылады. Әңгіме экономиканың басымдық салаларындағы – ауылшаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, транспорт, туризм, электр энергиясын өндіру және тарату, инвестиция салу қызметі туралы болып отыр. Бұл бағдарламаға Қазақстанның барлық заңды тұлғалары, оның ішінде шетелдік қатысушылар да қатыса алады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша биылғы жылы республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді. Несиелердің пайыздық мөлшерлемесі субсидиялары бойынша 11 жоба мақұлданды, оның ішінде «Медстарэкспорт» ЖШС (бір рет қолданылатын медициналық саусақты қолғап және инфузиялық ерітінді құюға арналған жүйелер шығару, несие мөлшері 870 млн. теңге),  «Brando» ЖШС (бір рет қолданылатын шприцтер шығару, несие көлемі 378 млн. теңге), «Жұмағалиев» ЖК (жылыжай кешенінің құрылысы, несие мөлшері 300 млн. теңге), «Тұз» ЖШС (натрий гипохлорид өндірісі, несие мөлшері 290,3 млн. теңге) ұсынылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 тамыз 2011, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.