Атырау, 26 қараша 08:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2015 жылдан бастап мектеп оқушылары «Ғылымға кіріспе» атты жаңа пән оқитын болады

7 573 просмотра

Фото: iport.kzФото: iport.kzАстана. 27 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. 2015 жылдан бастап Қазақстанның 63 мектебінде «Ғылымға кіріспе» атты жаңа пән оқитын болады, ал қалған барлық мектептерде 2016 жылдан бастайды, деп мәлім етті ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.

«2015 жылы бастапқы мектеп үшін «Ғылымға кіріспе» немесе «Әлемтану» жаңа мемлекеттік стандарты байқаудан өтеді. Ол балалардың инновациялық ойлауымен байланысты. 2015 жылы ол 63 мектептегі сынақтан өтеді, ал 2016 жылдан бастап барлық мектептердегі бірінші сыныпта аталған пән оқылатын болады», - деді Е. Иманғалиев дүйсенбі күні журналистерге «Корея Республикасының үлгісінде балаларды өнертапқыштық пен жаңашыл ойлауға оқыту әдістері» атты семинардың дәліздерінде.

Вице-министр бұрындары мемлекет басшысы өзінің жолдауында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін ҚР жалпы білім мектептеріне таратуды тапсырғанын еске салды.

Оның айтуынша, аталған курс Астана, Талдықорған және Көкшетаудағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бастапқы сыныптарында оқытылған және оқушыларға түсетін ауыртпалық та есепке алынған.

Вице-министр оқушылардың 27% «Назарбаев зияткерлік мектебінде» тиісті үш деңгейлік оқу курстарын тәмамдағанын айтты.

Бұл ретте Е. Иманғалиев, білім беру жүйесінің өзі тек білім ғана емес, кең ауқымды нақты машықты да үйретеді деді.

«Егер бұрындары біз жекелеген пәндерге оқытатын болсақ, қазір балалар мектепте кең ауқымды машыққа үйренуіне ерекше көңіл бөлінеді. Ондағы мақсат – олар мектепте алған білімдерін өмірмен ұштастырып, ел эконоимкасы мен дамуына пайдалануыды үйренуі үшін. Бұл барлық пән аясында. Мысалы, химия, физиканы алсақ. Егер бұрындары бұларды жеке пән ретінде оқытсақ, қазір олардың тоғысында келесідей ғылым дамып отыр: биофизика, биохимия», - деді ол.

«Мысалы, орыс тілін оқыту аясында бұрын біз оқушыдан жүгіртіп оқуды талап ететін болсақ, қазір біз одан оны талап етпейміз. Жүгіртіп оқу – ол тек басы ғана. Ол мәтін мағанасын түсініп, оған талдау жасай алуы, қорытуы, синтездей алуы керек. Егер қандай да үлкен шығарма болса, ол екі-үш сөйлеммен сол шығарма туралы қорытынды жасай алуы керек», - деп тұжырымдады Е. Иманғалиев. 

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қазан 2014, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.