Атырау, 23 желтоқсан 14:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ет бағасын карантин құрықтай ма?

4 393 просмотра

  Дүйсенбі күні ветеринарлар Батыс Қазақстан облысынан Атыраудың мал сою цехтарына мал әкелуге рұқсаттарын берді.  Бұл ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау инспекциясының бастығы Нығмет ЖАҚБАЕВТЫҢ хатын негізге алып жасалынды.

Атырау қаласының бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы Жайжан БАЯМИРОВАНЫҢ айтуынша, үстіміздегі жылдың 24 маусымында мүйізді ірі қара малындағы аусыл белгілері табылған Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Лбищенск селосындағы карантинді алып тастау туралы шешім 26 шілдеде қабылданған екен. Ауылшаруашылығы министрлігі облыс аралығындағы шекарада індеттің тарап кетуінен қорқып, шекарадағы карантинді алуға асықпады.

18 шілдеде Халықаралық Эпизоотиялық Бюросының Жануарлардың санитарлық кодексін басшылыққа алған Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ осы індеттің ошағына (екі ауылдан бірдей шықты) айналған аумақты бөлу туралы шешім қабылдады.  Сөйтіп, Ақжайық ауданы індет ошағы және аралық аймақ, бақылау аймағына бөлінді. Тез таралатын, шаң аралас жел арқылы да алысқа жеткізілетін инфекцияның ошағын жою шаралары әрбір аймақтың жағдайын қаперге алып, ҚР ауылшаруашылық министрлігінің нұсқамалары бойынша жүргізілді.

Індет ошағында инфекция таратуы мүмкін адамдар мен дертті жұқтыруы ықтимал жануарлардың аймақтан тысқары шығуына тыйым салынды. Лбищенскде қазір 230 бас ірі қара мен 906 қой-ешкі жойылды. Жойылған мал үшін фермерлерге нарық құнының 80% көлемінде өтемақы төленді. Лбищенскідегі жалпы алаңы 42,9 мың шаршы метр болатын 35 аула залалсыздандырылды. Аралық аймақта 13035 сиырға және 37193 ұсақ малдарды  вакцинациялау  жүргізілді.  Бір қызығы, Ақжайық ауданының фермерлерінің басына ауыр күн туғанда, Атырау қаласының базарларындағы ет бағасы біраз төмендеді. Оралдан ет келмей қалған кезде жергілікті кәсіпкерлер Құрманғазы, Исатай, Индер және Махамбет аудандарының фермерлері ұсынған малға назар аударды. Ол, тіпті, оралдық еттен бірде-бір кем болмады және бағасы да аса жоғары болған жоқ. Күтпеген жерден туған бәсекелестік ет бағасының төмендеуіне жол бере ме? 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 тамыз 2011, 21:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.