Атырау, 23 желтоқсан 14:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тағы бір ардагер өмірден озды

3 229 просмотра

20 шілдеде 95 жасқа қараған шағында Ұлы Отан соғысының ардагері Шафхат ИНГИЛЬДИЕВ көз жұмды.

Шафхат Әлиұлы біздің мақалаларымыздың басты кейіпкерлерінің бірі болған еді. Соңғы рет 12 мамырда жарияланған мақаланы Шафхат Әлиұлы өзі оқып шықты, ол сол кезде аурухананың төсегіне таңулы болатын, екі ай өткен соң өмірмен қош айтысты. 

Жеңіс күнінің қарсаңында ол редакцияға өзінің басынан кешкен өмір тарихын жариялауды өтініп хабарласқан болатын. Сол тұста бұл естеліктердің бортмеханик Ингильдиевтің соғыс жөніндегі өз аузынан айтқан соңғы әңгімесі екендігін ешкім де білген жоқ. Сол сұрапыл күндер туралы, өзінің аспандағы қалықтаған кездерін әңгімелей бастағанда оның көздерінде жарқыл пайда болатын. Сонау 1935 жылы шағын ғана Гурьев қаласына ғайыптан-тайып ұшып келген «Крокодил» үгіт эскадрильясының «кукурузник» бортына тап болғанда Шафхат жасы жиырмаға жаңа ғана толған өрімдей жас еді. Содан бастап оның арманы аспанда қалықтап ұшу болды. 1939 жылы үш жыл қатарынан жолы болмаған Шафхат кіші әуе құрылысшыларының Читинск әскери мектебіне оқуға түседі. «Ұшқыш болмай-ақ қояйын, бәрібір аспанмен байланысты ғой», - дейді ол. Ал, 41-ші жылы 22-ші маусымда соғыс басталды. Курсант Ингильдиев өз полкінің құрамымен Краснодон қаласындағы әскер орналасқан жерге қозғалды. Ол кезде ол өз казармасына дәл төрт жылдан соң қайта оралатынын білген жоқ еді. Өзі және бірге оқыған тағы да бес адам оралды. ТБ-3 (ауыр бомбылаушы) ұшағында бортмеханик болып жұмыс жасай жүріп, ол 46 жауынгерлік тапсырмамен  және 200-ден аса жедел әскери тапсырмалармен ұшты.

Мен осынау керемет адаммен болған әңгімені еш есімнен шығарған емеспін. Артта қалған жылдарға қарамастан естеліктерінің қыр-сырын ол егжей-тегжейлі баяндайтын, ал сұхбат алушы журналистке бұдан артық не керек?! Біздің әңгімеміздің бір сәтінде ол кенет үнсіз қалды да, былай деді: «Жеңістің жүз жылдығын қарсы ала алмайтындығым өкінішті... Мен қартайдым, сен болсаң жассың. Сен менің өтінішімді есіңде сақтайсың ба? 2045 жылы 9 мамырда мені есіңе аларсың. Ештеңенің керегі жоқ, тек жай ғана Шафхат Ингильдиев деген жауынгердің болғанын есіңе алсаң жетіп жатыр».

Анастасия ПАСТУХОВА

«Ақ  Жайық» газетінің редакциясы  Шафхат Әлиұлының туғандары мен туысқандарына көңіл білдіреді.

28 шілде 2011, 23:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.