Атырау, 23 желтоқсан 18:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Туристік сапарлар тұсауын қыркүйекте кеседі

4 323 просмотра

  Итальяндық ғалымдар «Жайық өзенінің сағасы» деп аталатын жоба бойынша болашақтағы туристік бағыттармен танысты.

Біз бұрын Каспий өңірінің аймағында, соның ішінде «Ақ жайық» табиғи резерваты аумағында экологиялық туризм қалыптастыру жобасы туралы жазған едік. Болонья университетінің мамандарын зерттеу жасап жатқан бұл жобаға қаржыны итальяндық «Eni» компаниясы бөліп отыр.  Алайда мұның қашағандық кеніштің игерілуіне қаншалықты байланысты екендігі туралы итальяндық меймандар жақ ашпайды. Қалай дегенмен де, жоба директоры профессор Луиджи КАНТЕЛЛИ (суретте) Жайық өзенінің экоқұрылымына ұқсас По өзенінің сағасының маңында 20 жылдан бері еш қиындықсыз мұнай өндіру кәсіпшілігі жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бірақ бұл оларда солай ғой, ал бізде, егер Мексика бұғазындағыдай апат бола қалса, ешқандай экотуризм туралы әңгіменің болуы да мүмкін емес. Ал әзірге...

«Жобаны жасақтаушылар мен қаржыгерлер таяу уақыттарда экологиялық бағыттардың инфрақұрылымымен айналыспақ, - дейді «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Елемес РАХМЕТОВ. – Мәселен, бұлар сынақ алаңы мен мұнаралар құрылысы. Дамбадан бастап Пешнойға қарай Приморск каналына дейін мұнай төгіндісіне қарсы әрекет ету базасын салуға байланысты жолдар тазартылған, бірақ асфальт жоқ. Совдептіктер атылған Пешнойдағы ескерткішке жол саламыз. Ал ескерткіштің өзін су басқан, оны да ретке келтіру керек. Оған қоса меймандарды ұлттық тағамдармен сыйлап, атпен серуендеулеріне мүмкіндік беріп, сыйкәделер ұсынып және т.б.  ұлттық нақыштарды көрсету үшін жергілікті халықты тартқымыз келеді. Бастысы бұған қызығушылық танытып отырғандар бар».

Жайықтың сағасына таяу аралдарда - Зюйдвестовая шалыгасында қарабасөгіз шағала мен үлкен қарқылдақтар мекендеп, ұя салады екен. Су айдыны арқылы өтетін жол (егер аялдамаса) жарты сағаттан аспайтын уақыт алады. Әрине, жылдың осы мезгілінде көп мекен ететін құстарды мазаламау үшін ешкім де аралдарға киіз үй тігуді ойға алып отырған жоқ.

Әрбір бірнеше метр сайын кездесетін өлі шағалалардың көптігіне алаңдаймын. «Өлі құстар көп боп тұр, - деп мойындайды «Ақ жайық» МТР мониторинг және ғылыми бөлімнің бастығы Александр ИВАСЕНКО. – Ешқандай да жаппай қырылу орын алып жатқан жоқ. Бұл табиғи іріктелу, яғни, кәрі және науқас құстар өліп жатыр».

Қыркүйек айында туристік бағыттар алғашқы экологиялық туристерге таныстырылмақ.

Лев ГУЗИКОВ


Суретті түсірген автор

28 шілде 2011, 21:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.