Нұрлан Оразалин. Фото: NUR.KZҚазақ тіліне сапасыз аударылған шетел сөзі сөздік қорымызға зиянын тигізеді. ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин осындай пікір білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Мемлекет басшысы жекелеген ұғымдарды орынсыз қазақшалауға қатысты сын айтқан болатын. Президенттің пікірінше, шетел тілінен аударылған кей сөздер өз мағынансын ашпайды. Бүгін ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Парламенті жоғарғы палатасының депутаты Нұрлан Оразалин осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.
«Бұл өзекті мәселе. Бұл туралы қоғамда ашық пікірлер айтылуда. Мен де мұндай пікірге қосыламын. Сөздік қорымызды байытып емес, керісінше, кесірін тигізетін жөнсіз аудармалар жасаудың, толықтырулар енгізудің қажетіжоқ. Мысалы: «интернационализм». Сондай-ақ Елбасы «композитор» сөзін де мысалға келтіріп өтті. Композитор бүкіл әлемде композитор. Сондай-ақ орыс тілді сөздер де жиі қолданылып жүр», - деп есептейі сенатор.
Сондай-ақ Сенат депутаты сәтті аудармаларды да атап өтті.
«Мысалы «самолет» сөзінің аудармасы «ұшақ» сөздік қорымызға сәтті сіңісті. Бұл құптарлық. Ал композиторға келетін болсақ, оны аудармалау шынымен артықтау деп ойлаймын», - деп қосты Н.Оразалин.
Сөзін қорытындылай келе ел ағасы қазақ тіліне бірқатар шетел сөздерін енгізу «тілді байытпаса, кемсітпейтінін» алға тартты.
Дереккөз: bnews.kz