Атырау, 26 желтоқсан 18:33
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Георгий Щербаков: «Біздің жерімізде бәрі де өседі»

6 628 просмотра

Бейбарыс даңғылын көгалдандырудың еш нәтиже бермегендігі туралы жарияланған мақалалар топтамасынан кейін шенеуніктердің бірі мені халық арасында кереғар пікір тудырды деп  кінәлауға асықты.  Көгалдандырушылардың шағын бір учаскедегі жеке бір сәтсіздігін бүкіл Атырауға телудің не қажеттілігі бар дейді. Мен де қаланың таза да жасыл болғанын қалаймын. Тек осынау иігілікті істі  қолға алған мердігер компаниялардың әдістері ғана көңілді көншітпейді.  Қандайма бір нәтиженің шықпайтындығы қынжылтады, ол аз дегендей жыл сайын оған аз ақша бөлініп жатқан жоқ. Мұның бәрі тек мені ғана емес, менің әңгімелесушім, гүл сатуға және ландшафт дизайнына маманданған Атырауға белгілі жеке кәсіпкер Георгий ЩЕРБАКОВТЫ (суретте) да мазалаған сыңайлы, ол да осы тақырыпқа орай өз ойын білдіргісі келді. Оның айтқысы келген ең басты  мәселесі мынау болды: Атырау топырағын жамандайтын мердігерлерге сенбеңдер. Құрғақ та құнарсыз жерімізде бәрі де өседі.  Бастысы – жан-тәнімен қалау. Оның үстіне көгалдандыруға жұмсалған  қаржы салық төлеушілердің ақшасы ғой.

- Мен қала көшелерін көгалдандыру жөніндегі кезеңді науқандар уақытын бақылаған сәтте кейде абыржып қаламын. Осыдан бірнеше жыл бұрын Азаттық-Әуезов қиылысында раушан гүлдерін қалай отырғызғандығын бақыладым. Оларды тамырын жоғары қаратып отырғызды! Ал, биылғы жылы Бейбарыс даңғылында көшеттерді отырғызу мерзімі өтіп кеткеннен соң, мамырда отырғызды,-деп әңгімелейді Георгий өзінің Сарыөзекте орналасқан шаруа қожалығына кетіп бара жатқан жолда. Оның шаруа қожалығының бір бөлігі тәлімбаққа айналған.

- Сырт пішіні өңсіздеу қақпа мен қарапайым ғана шаруашылық жайларының артында нағыз ландшафтты керемет бақ жасырынған екен. Біздің туған, сұрғылт та батпақты топырақта бозарша  мен аршаның ондаған түрі жайқалып тұр! Бозарша- үлкен-кіші, шар тәрізді, биігі де бар. Ондағы жайқала өскен гүлдерді айтпағанда маған таныс емес көптеген ағаш түрлері мен бұталарды көрдім. Ал, олардың қатарында жүзім мен жас алма ағаштары өздерін жақсы сезініп тұрғандай. Георгийдің айтуынша, әрбір алма ағашы 50 кг дейін алма бере алады екен.

Біз қаланы көріктендіруге қатысты өрбіген әңгімемізге қайта оралдық:

– Әрине, біздің климатымыз барынша қатты. Сондықтан да біз секілді гүл өсірушілерге қолайлы аймақтарда өскен тауарды сатып алған тиімді. Өзің өндіріп сату қымбатқа түседі және шығыны көп. Дегенмен, біз өнімнің бір бөлігін осы жерде өсіреміз немесе сату алдында өсімдікті бірнеше ай бойы, кейде жыл бойына жергілікті климатқа бейімдейміз. Неге? Өйткені, бізге осы жерде өмір сүру керек. Егер біреуден сатып алған өсімдік азғантай уақыттың ішінде өліп қалып жатса, клиент шағымын маған айтады. Шетелдіктердің не айтатынын сіз білесіз бе, олар: «мен ақшаны проблеманы тудыру үшін емес, оны шешу үшін төлеймін»,-дейді. Бізге сапалы тауар үшін ақы төлейді. Ал, мен өз кезегімде ешқашанда мықты деген өсімдікті арзан бермеймін. Сондықтан да біз үшін ландшафтты безендіретін өсімдіктің ашық алаңға отырғызылғаннан кейін қурап қалмай, көзді қуантуы үшін  алдымен оның жергілікті жағдайға бейімделгендігі маңызды. Міне, осыдан келіп, сәтті отырғызылудың басты элементтері сапалы отырғызу материалы болып табылады. Менің пікірімше, қаланы көгалдандыру барысында арзанқол оңтүстіктен әкелінген материалды емес, жергілікті отырғызу материалын қолдану маңызды. Байғұс өсімдіктерді ашық алаңда қысқа мерзім ішінде отырғызу олардың өмір сүруін қамтамасыз ететіндігіне қарамастан, бірнеше күн тамыры ашық күйінде қала кезіп жүреді. Сондай-ақ, біздің табиғатымызға өсу бейімділігін көрсете білген өсімдік түрлерін отырғызу да маңызды.

Сізге де бізде көптеген жақсы ағаш түрлерінің өсетіндігіне көз жеткізуіңізге болады.  Бастысы – ағаштарды отырғызу мерзімін сақтап, жеткілікті түрде суарып отыру. Суаруды біреудің белгілеген жоспары бойынша емес, өсімдікке қажетті су көлемі бойынша жасау керек. Ал, бізде қалай? Ақша бөлінді – суарамыз, ақша жоқ болса – суармаймыз. Ал, артынан келіп, бізде неге ештеңе өспейді деп таңданып жатамыз? Сондықтан да мен бізде көгалдандыру үшін климат жағдайы қиын деген сөз ойдан шығаралып айтыла салған деп есептеймін. Қиындығының бар екендігі шындық, алайда шешімі бар, - дейді Щербаков сеніммен.  

- Сіздің ойыңызша, Бейбарыс даңғылындағы кезекті көгалдандырудың сәтсіздігіне не себеп болды?

- Мен мамыр айының басында отырғызылған тұстағы көшеттердің көктеп тұрғандығын байқадым. Ал, кейін кеш болды. Бұдан басқа, даңғылда әлдебір бұталар, корнус немесе соған ұқсас көшеттер отырғызылған. Ағаштарды таңдауға да аса мән берілмеген... Білесіз бе, сын айту оңай. Егер қаланың бұл ауданында жоғары деңгейлі жер асты суларының проблемасы шынымен де орын алған болса, онда қаржы мен күшті қаланың басқа аудандарына қолданған жөн емес пе?! Бізде орын жеткілікті ғой. Өзеннің жағалауына жақын маңдағы барлық аудандар көгалдандыру үшін ешқандай алдын-ала дайындықсыз-ақ жарамды бола береді.

– Мердігер компания шағымданған жоғары деңгейлі жер асты сулары мен лас қалдық массалар не болмақ?

– Әрине, дренаждың жоқтығы үлкен бір проблема. Мұндай кең ауқымды жұмысты бастар алдында учаскені алдын-ала тексеріп алған дұрыс болатын еді...Осыдан бірнеше жыл бұрын «Дренаж» КМК болған кезде мейрамхана құрылысын салу барысында бізге төменгі қабатты дренажбен қамтуды міндеттеген болатын. Құдық қаздық, оған тұрбалар тартып, насос орнаттық. Ал, жер асты суымен аулада отырғызылған қара ағашты суардық. Сіз оларды өзіңіз көрдіңіз керемет болып өсіп тұр. Қазір біз оларды тіпті де суармаймыз, олардың тамыры суға жеткен секілді. Септиктерге келетін болсақ, біздегі бес қабатты үйлер суға толған  жертөлелерінің салдарынан сондай күйге жеткен. Және сол үйлердің айналасында ағаштар жайқалып өсіп тұр... Лас сулардың өзі құрамында азоты бар тыңайтқыш болып та табылады емес пе?! 

–Мені жергілікті тұрғын ретінде жыл сайынғы бөліне-тін көп ақшаға қарамастан әлі күнге қаланың жасыл желекке неліктен орана алмай отырғандығы мазалайды?  

– Бастысы, көгалдандырумен кездейсоқ адамдар айналыспауы керек, тәжірибесі мен жергі-лікті ерекшеліктерді білетін және өзіндік отырғызу материалдары бар мамандар айналысуы қажет. Ал, осының бәрі болу үшін мемлекеттің жұмыстың бұл түрін қаржыландыру жолы өзгеруі тиіс. Басты назар - тауар сапасы мен қызмет көрсету аясына аударылуы керек. Ал, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алулар заңы үнемдеуге басымдық танытып жатқанда, не арзан, сол сатылып алынуда. Оның үстіне біздің қолымызға өліп қалуға бейім арзан көшеттер тиюде және көгалдандыру ісімен одан бейхабар мердігерлер айналысуда.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

21 шілде 2011, 01:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.