Фото: nalogikz.kzАстана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстанда арнайы заң жобаларымен 1598 мемлекеттік міндетті үкіметтен министрліктерге беру жоспарлануда.
«Үкіметтен министрліктерге 1598 мемміндетті беру, соның ішінде әлеуметтік салада - 98 міндет (2 кодекс пен 18 заң); ауыл шаруашылық саласында - 227 міндет (2 кодекс пен 15 заң); көлік, байланыс және коммуникация саласында - 225 міндет (14 заң); энергетика саласында - 83 міндет (8 заң) және т.б», - делінген сәрсенбіде парламент мәжілісінде «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасының, «Keйбip заңнамалық кесiмдерге мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттіктер ді ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы барысында таратылған материалда.
Аталмыш заң жобалары ағымдағы жылдың 6 тамызындағы үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҚР президентінің үкіметке берген тапсырмасы және мемлекет басшысының 25 тамыздағы «Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттіктерді ажырату бойынша шаралары туралы» жарлығы аясында әзірленді.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінуін қажет етпейді, және шағын үкіметтің қалыптасуына және орталық және жергілікті атқарушы органдарының жауапкершілігі мен өзбетінше жұмыс жасауына ықпал етеді.
Атап айтсақ, ҚР үкіметі құзырына кіреді: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамту және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырудың негізгі бағыттарын әзірлеу; мемлекеттің ішкі саясатын жүргізу бойынша шаралар әзірлеу; мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалды ресурстарын қалыптастыру және пайдалану барысында заңдылықтың сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету; еңбекақы, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемәлеуметтік қамту және әлеуметтік сақ тандыру жағдайы мен жүйесін қалыптастыру; азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғау және күзету, заңдылық пен құқықтық тәртіптің, қауіпсіздіктің, қорғаныс қабілеттілігінің және ҚР мемшекарасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру .
Орталық атқарушы органдар өкілдігі: стратегиялық, реттеуші, жүзеге асыру және бақылау-қадағалаушы функцияларының орындалуы, стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуы.
Атап айтсақ, мәселе 15 кодекске ( Жер, Орман, Су, Экологиялық, Еңбек, Бюджеттік, Азаматтық процессуалды, 2001 жылдың 30 қаңтарынан бастап 2014 жылғы 5 шілдеге дейінгі Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы, Салық, Халық денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі, ҚР-дағы кеден ісі, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы, Қылмыстық-процессуалды және қылмыстық-атқарушылық) және ҚР 125 заңына (Тұрғын үй қатынастары туралы, Өсімдікті қорғау туралы, ҚР-дағы банк және банк ісі туралы, Атом энериясын қолдану туралы, Нормативті құқықтық актілер туралы, Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы, Аудиторлық қызмет туралы, Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы, Теміржол транспорты туралы және т.б). өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Дереккөз: ҚазТАГ