Атырау, 26 сәуір 01:57
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әуелі әкеңізге, сосын өзіңізге

2 511 просмотра

– Жыл басында әкем қайтыс болған еді. Енді мұралық істі рәсімдейтін кез келген кезде, оның 2009 жылы анасы тарту еткен пәтерді өзіне рәсімдемегені анық болды. Енді не істей аламын? Пәтерді өз атыма рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек? Әлде ол әлі әжемнің меншігінде ме?

 

«Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВАтүсінік береді:

– Сұрақтан белгілі болғандай, әжесі мен қайтыс болған әкесінің арасында пәтерді сыйға беру келісім-шарты жасалған екен. Бұл жағдайда пәтер әжесінің меншігінде қалмайды. Өйткені ол пәтерді сыйға тартқаннан кейін пәтерге деген өз құқығын жояды. Әкесі де пәтер меншігіне заңды құқығын рәсімдемеген екен. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес, әділет органдарында (халыққа қызмет көрсету орталығына) мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.  ҚР Азаматтық кодексінің 1040-бабына сәйкес, мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.

Осыған байланысты мәселеңізді шешу үшін, сізге алдымен осы пәтерді әкеңіздің атына тіркеуіңіз қажет. Ол үшін нотариусқа әкеңіз қайтыс болғаннан кейін мұраны өзіңізге рәсімдегіңіз келетіні туралы арыз жазып, нотариус қажет етіп отырған құжаттарды, соның ішінде әкеңіз меншік құқығын тіркетуге үлгермеген пәтерді сыйға тарту келісім-шартын ұсынуыңыз қажет. 

«Қазақстан Республикасындағы нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі туралы» Нұсқаунамасының 219-1 тармағына сәйкес, нотариус сізге мұрагер ретінде Әділет департаментіне (халыққа қызмет көрсету органына) қайтыс болған әкеңіздің пәтеріне меншік құқығын тіркету үшін жүгіну құқығына ие болатын куәлік беруі тиіс. Содан кейін тіркеу органдарына, яғни, әділет департаментіне нотариус берген аталмыш құжатты, сондай-ақ пәтердің заңды құжаттарын, сіздің әкеңіздің мүлкін мұраға алу құқығыңыз барын растайтын құжаттарды және басқа құжаттарды ұсынасыз. Солардың негізінде әкеңіз үшін меншік құқығын тіркейді.

Әкеңіздің атына пәтердің меншік құқығын тіркегеннен кейін ғана, сіз нотариустан осы пәтерді мұраға алу құқығы туралы куәлікті алып, оны өзіңіздің атыңызға рәсімдей аласыз.

21 шілде 2011, 01:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.