Атырау, 26 желтоқсан 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Келісім-шарттағы кемшін тұстар

3 724 просмотра

«Менің әкем (Сақтанушы) «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (Сақтандырушы) Сақтанушыдан сақтандырушыға зейнетақы жинақтарын беру туралы келісім-шартқа отырды. Өз кезегінде Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды міндетіне алды. Келісім-шартқа сәйкесті алғашқы сақтандыру төлемдері жүзеге асырылды, екінші төлемдер үш жылдан кейін төленуге, ал одан кейінгі төлемдер жыл сайын төленуге тиісті болды. Сақтандыру төлемдерінің кепілдік кезеңі бес жылды құрайды. 2011 жылдың мамырында әкем қайғылы жағдайда қаза тапты. Жасалған келісім-шарт талаптары бойынша ақшаның қалған бөлігі МАК-да қалмақшы. Әкемнің отбасында бір өзінің ғана асыраушы болғандығын және анамыздың жұмыс істемейтіндігін ескере отырып, оның қалған ақшасын немесе оның қандай да бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі бар ма? Бұл анамыз үшін үлкен материалдық көмек болар еді. Әңгіме әкеміздің зейнетақы жинағы, яғни, маңдай терімен тапқан ақшасы болғандықтан мемлекет тарапынан қолдау таба ала ма? Мемлекет сақтанушылардың және олардың мұрагерлерінің мүддесін  қорғай ала ма?

www.azh.kz сайтынан

Өмірлік ауыр жағдайға тап болған оқырманның осы жағдайды реттеуші мемлекеттік машинадан көмек сұраған хаты, тіптен орынсыз – оның атауындағы «мемлекеттік» деген сөз тегіннен-тегін жүрген жоқ. Компания мемлекеттің қолдауымен құрылды, бұл іс жүзінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі-гінің ведомствалық ұйымы. Алайда, біздегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлімшесі ме-нің сауалыма жауап беруден бас тартты. Жалпы жауапкер мүлдем өзгеріп кетті. Мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті-нің бастығы Темір ЕСТЕБАЕВҚА хат жолдай отырып, астаналық ведомстваға дейін барады деп ойлағанмын, мұның өзі әдеттегі іс-тәжірибеде солай: филиал хаттағы мәселелерді шеше алмаған болса, онда оны бас кеңсесіне жолдайды. Алайда, хат Естебаевтың қарауындағы қызметкерге, яғни, облыстың бас мемлекеттік инспекторы Салават ИЩАЙҒА жолданады. Сөйтіп, ол «зейнетақы жинақтарын аннуитетті сақтандыру компанияларына бақылау жасау еңбек инспекциясының құзырына кірмей-тіндігін» көрсетіп жауабын берген.

 

«ҚАРЖЫНЫ ҚАЙТАРУ МҮМКІН ЕМЕС»

Мен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ  басқармасының төрағасы Нұржан ӘЛІМҰХАНБЕТОВТІҢ атынан келген жауапты алдым.

– Сіз атаған сақтанушы  (аннуитент) 2009 жылы шілдеде кепілдік мерзіммен 5 жылға зейнеткерлік аннуитет шартын жасады. Кепілдік мерзім зейнеткерлік аннуитет шарты бойынша көрсетілген кезеңде (жылдарда) сақтанушының тірі немесе қайтыс болғандығына қарамастан төлемақыны төлеуді қарастырады. Егер аннуитет қайтыс болған жағдайда аннуитеттік төлемдерді кепілдік кезең аяқталғанға дейін пайда алушы алуға тиісті, яғни, сол шарттың талаптары бойынша аннуитеттің зайыбы алады. Шарт жасау барысында сақтанушыдан алғашқы 2 млн. 400 мың теңге көлемінде төлемдер алынды, келесі төлемдер 2012 жылдың 2 шілдесінде жүзеге асырылатын болады, кейінгі төлемдер жыл сайын өмір бойына төленеді. Сақтанушының қайтыс болуына байланысты пайда алушы, яғни, зайыбы кепілдік кезеңге кіретін екі төлемді алады: 2012 жылдың шілдесінде және 2013 жылдың шілдесінде, әрбір төлем мөлшері 785 217 теңгені құрайды. Бұдан басқа, заңнамаға сәйкесті жұбайын жерлеуге 15 АЕК  (22 680 теңге) көлемінде қаржы аударылды.

Зейнеткерлік сақтандырудың ерекшелігі сол, зейнеткерлік аннуитет шарты жасалғаннан кейін сақтанушының қаржысына жауапкершілікті өмірді сақтандыру компаниясы мойнына алады. Аннуитет қайтыс болған жағдайда сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру компаниясында қалады және сол уақытта аннуитеттің өз жинақтары таусылған жағдайда, компания өз есебінен төлемдерді жүргізуді жалғастырады. Екі тарап та тең деңгейде белгілі бір тәуекелділікке барады.

Осыған байланысты «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ  шартта көрсетілген төлемдердің мерзімінде жүзеге асырылатындығын, ал, қалған ақшаны қайтару мүмкін еместігін хабарлады. Мемлекет қолдауына келетін болсақ, отбасының «мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан кеңес алуы үшін жолығуына болады.

Бұдан басқа, зейнетақы жинақтаушы қорларында зейнетақы жарналары бар (марқұмның 2009 жылдан бастап салған жинақтары- З. Б.) болса, аннуитет шарт жасалған сәттен бастап, аннуитет қайтыс болған кезеңге дейін мұрагерлер зейнетақы қорындағы осы жинақтарды алуға үміттене алады.  

 

ЗАҢГЕРДІҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ: «ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ДА САҚТАНДЫРУ КЕРЕК ЕДІ»

– Бұл шарт сақтандыру шарттарының бір түрі, оның ішінде ерікті сақтандыру, яғни, тараптардың өз еркін білдіру күшімен жасалған болып табылады. Осы мәселелерді шешу барысында міндетті түрде тек оның талаптарын басшылыққа алу көзделеді,-дейді «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің директоры Нұрлан ЖОЛБОЛОВ.

Шартқа сәйкесті марқұм сақтандыру компаниясына зейнетақы жинағының барлық сомасын аударды және сақтандыру төлемдерін өмір бойына алып тұруға тиісті болды. Төлемдердің алғашқы бөлігін ол алды, алайда, екі жылдан соң қайғылы жағдайда қаза болды. Хаттағы маңызды мәселе – марқұмның зайыбы қалған қаржыны  немесе оның бір бөлігін болса да қайтарып ала ала ма?

Естеріңзге сала кетейін, марқұм аударған барлық қаржы, бұл аз ақша емес, шарт жасалған күннен бастап бірден сақтандыру сыйақысы болды немесе сақтандыру компаниясының меншігіне айналды. Өкінішке орай, оның отбасы бұл ақшаны қайтарып ала алмайды. Зайыбы күйеуінің зейнетақы жинағының тек бір бөлігін ғана сақтандыру төлемдері ретінде көрсетілген кесте бойынша кепілдік кезең ішінде ала алады.

Оқырман, сондай-ақ, мемелкеттік органдардан көмек іздеген еді, алайда, бұл жағдайда мемлекет тараптардың шарттық құқықтық қатынасына араласа алмайды. Егер осы зейнетақы жинағының сомасы жинақтаушы зейнетақы қорларында болса, онда «ҚР зейнеткерлік-пен қамтамасыз ету туралы» заңының 6-бабына сәйкесті мемлекет олардың сақталуына кепілдік берген болар еді және зайыбы немесе басқа да мұрагерлері жинақ сомасын толық көлемде алар еді. Дегенмен, бұл жағдайда бұл отбасының құқы-ғы бұзылған жоқ, жасалған шарт ҚР заңнамаларына қай-шы келмейді. Жұбайы және әкесі шарт талаптарымен танысып, оған өзі қол қойған. Көп жыл өмір сүріп, қартайған шағында тек салынған зейнетақы жарналарын ғана емес, сақтандыру төлемдерін де алмақшы болған.

Алайда, бұл шартта бір ерекшеліктің бар екендігі материалды дайындау барысында су бетіне қалқып шықты деуге болады. Төлемдер сомасы бойынша, оларды беру уақыты сәйкес  келмей қалды.  Ммелекеттік аннуитетті компания тек екі төлемнің ғана берілуі керек екендігіне сендірген еді, шартқа қатысты түсінік берген заңгерлер төлемдердің үш рет берілетін-дігін айтып отыр. Біз олармен бірге шарт мәтінімен танысып, бірдей қорытындығы келдік. Біздің көзқарасымыз бойынша шарттың №1 жалғамасында көрсетілген кесте бойынша марқұмның зайыбы мына сомаларды ала алады:

2 шілде 2012 жыл – 785 217 теңге;

2 шілде 2013 жыл – 785 217 теңге;

2 шілде 2014 жыл – 785 217 теңге.

Нәтижесінде, ол мемлекеттік аннуитетті компаниядан 2 355 651 теңге сомасындағы төлемдерді алады. Барлық аннуитетті төлемдерден кейін кепілдік кезең ішінде 6,8 млн. теңге мемлекеттік аннуитетті компанияда қалады.

Бірақ, мемлекеттік аннуитетті компаниядағылар басқаша ойлайды – «Біз күнтізбелік жыл бойынша емес, шарт жасалған күннен бастап есептейміз. Егер солай есептелген болса, онда отбасы тағы да екі төлем алады және кепілдік кезең мерзімі  (бес жыл) аяқталады», - деп түсіндірді телефон арқылы маркетинг және даму департаментінің қызметкері Әлия ДЕМЕЙСЕНОВА. 

Демек, мемлекеттік аннуитетті компания жоғарыда көрсетілген 6,8 млн теңгені және тағы да 785 мың теңгені қалдыруды көздеп отыр. Шарттың өзінде төлемдерді есептеу барысында  жыл есебі болжамына ешқандай сілтеме жасалмаған. Марқұмның отбасына мәселенің анық-қанығына жету керек секілді. Алдымен мен қаржылық бақылау комитетіне шағымдануға кеңес беремін. Егер олардың жауабы қанағаттандырмаса, онда сотқа талап арыз беру керек.

Мұндай жағдайдан қалай құтылуға болады?

Н.Жолболов жауап береді:

- Мен зейнеткерлік аннуитет шартын жасаумен бірге өз өмірі мен денсаулығын да сақтандыруға кеңес берер едім. Күтпеген жағдайлар орын алған тұста жақын адамдары сақтандыру төлемдерінен басқа сақтандыру жағдайлары үшін белгіленген сақтандыру сомасын да ала алады. Немесе екінші жолмен жүруге болады – зейнеткерлік аннуитет шартын жасау барысында кепілдік кезеңін барынша ұзақ мерзімге (бұл жағдайда кепілдік кезеңі 5 жыл деп белгіленген) созып көрсету керек.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 шілде 2011, 01:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.