Атырау, 13 желтоқсан 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Күрделі жөндеуге ақша ұсынып жатыр

2 339 просмотра

Махамбет көшесі бойындағы  118 а, б, в, г  бес қабатты  үйлердің тұрғындарына  үйдің әрқайсысын 8 млн. теңге қарызға жөндеп алуды ұсынуда. Халық оған алаңдаулы: ақшаны пайызбен беріп жатыр ма? Және ақырында оларға қанша қайтарға тура келеді?

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ойластырылған осы бір идеяға қатысты біздің газетіміздің бірнеше рет жазғанына қарамастан, бұған қатысты сауалдар азайған емес. Біз «махамбеттіктерді» мысалға ала отырып, есептеп көрмекшіміз.

ПИК Ассоциациясының төрағасы Асылбек МҮЛІКОВТІҢайтуынша, Махамбет көшесіндегі үйлердің тұрғындарына ұсынылып отырған ұсыныс термомодернизацияның екінші механизмі.

«Осы бағдарлама бойынша үйге ішінара күрделі жөндеу жүргізуге немесе жеке қасбетін, шатырын, коммуникацияны жөндетуге болады. Мемлекет ақша бөледі, бірақ бұл ақша кері қайтарылады. Пайызсыз, жеті жыл мерзімге беріледі».

Жөндеу жұмысына қаржыны алу үшін тұрғындардың 70 пайызының келісімі керек. Тек тұрғындар келісімін бергеннен кейін ғана смета жасалып, оған қосымша тұрғындарға тұрғын үй көмегін алу үшін үйді тексеру жүргізіледі. Бұл көмекті алуға зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, мүгедектер мен басқа да халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігі үміткер бола алады. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі белгілейтін болады.

Смета дайын болып, жөндеу жұмысының қаншаға шығатындығы белгілі болған кезде жиналыс арқылы бекітетін болады. Егер оларға шығатын қаржы көлемі ұнамаса, бас тарту кеш болмайды.

Сонымен есепке жүгінелік. А.Мүліковтің  айтуынша, үйдің жөндеу жұмысының сметалық құны әрбір жеке пәтерге бөлінген. Тұрғын үй алаңының жалпы шаршы метрі бойынша анықталатын болады және оған жалпы үй меншігінің (кондоминиум) пайызы қосылады. Мәселен, жалпы алаңы 52,4 ш. м. болатын екі бөлмелі пәтердің  жалпы алаңы 4742,2 ш.м. үйдегі үлесі жалпы құнының 1,1% құрайды. Егер бұл цифрды жөндеудің жалпы құнынан (Махамбет көшесіндегі үй тұрғындарының жағдайында бір үйге 8 млн теңге) шегеретін болсақ, онда екі бөлмелі пәтер иесінің шығыны 88000 теңгені құрамақ. Оны 7 жылға бөлсек, жылына 12571 теңгеден келеді. Бір айға – 1047 теңге.

Келісім-шарт мердігер мен пәтер иесінің арасында жеке жасалады. Әрбір үйге бір жинақтаушы есепшот ашылады. Қарызды төлегендігі туралы түбіртекті ай сайын ПИК таратып тұратын болады. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

21 шілде 2011, 00:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.