Атырау, 26 желтоқсан 17:49
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тастанды бала табылды

3 930 просмотра

Өткен бейсенбі күні түнге қарай Атырау қаласының шеткі аудандарының бірінен жаңа туған сәби табылды. Кіндігі кесілмеген күйі, жолдасымен бірге бала көшедегі шалшық судың үстінде жатқан. Баланың жылаған дауысын естіген көшедегі жүргіншілер полицияға хабарлаған. 

Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Жансая ИМАНҒАЗИЕВАНЫҢ хабарлағанындай, шарананы 7 шілде күні сағат 22.30-да Коттедж (СМП-163 ауданы) көшесінен тапқан. Жүргіншілердің қоңырауынан кейін оқиға орын алған жерге кезекші прокурор  және тергеу-жедел топ қызметкерлері келген. Бүгінгі күні бала облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерінің бақылауында. Ал, облыстық ІІД ҚР ҚК 119-бабы, 1-бөлімі, яғни, қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Облыстық балалар ауруханасында бізге бүгінгі күні баланың денсаулығының қанағаттанарлық екендігін хабарлады. Бас дәрігер Нұрғабыл АЙТМҰХАМБЕТОВТІҢ айтуынша, бейсенбі күні ауруханаға әкелінген бала күні жетіп туылған және салмағы 2 900 кг. Дәрігерлердің болжамы бойынша сәби дүниеге өзін тауып алғанға дейінгі бір сағаттың ішінде келген.

- Бізге Рүстем (балаға ауруханада оны тауып алған полиция қызметкерінің есімін қойған) кіндігі кесілген күйде түсті. Қазір сәби жалпы бөлімшеде жатыр, оны тексеріп, емдеуде. Сәбидің жалпы денсаулығы жақсы, дегенмен, емдеуді қажет етеді. Толық тексеріліп және емделіп болғаннан соң біз баланы сәбилер үйіне жіберетін боламыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

14 шілде 2011, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.