Атырау, 22 қазан 13:26
 дождьВ Атырау +11.2
$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48

​«Қорғаста» киік мүйізін Қытайға заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

102 рет қаралды

20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 620 дана киік мүйізін Қытай Халық Республикасына заңсыз алып өтпек болғандар тоқтатылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, тәркіленген дериваттардың қара нарықтағы болжамды құны шамамен 180 миллион теңгені құрайды.

Шекарада тіркелген бұл заңбұзушылық фактісі бойынша барлық материал тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті тергеу органдарына тапсырылды.

Ведомство атап өткендей, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесі үшін іске қатысты өзге де детальдар жария етуге жатпайды.

Бүгін, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.