Атырау, 25 қараша 18:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жекеменшікке өтетін нысандардың тізімі белгілі болды

2 217 просмотра

Үкімет әзірге ұзын-саны  782 ғимаратты  сату жөнінде құжатты бекітіп, олардың тізімін жариялады. Алайда шенеуніктер бұл нақты емес, жыл аяғына дейін сатылымға кететін нысандар саны тағы да көбеюі мүмкін деп отыр.

Осылайша, Үкімет алдағы екі жылда жүздеген нысанды кәсіпкерлер қолына табыс етеді. Мемлекеттің дүние-мүлкін жекешелендіру тізіміне  облыстық газеттер, вагон құрастыратын зауыттар, «Қайрат» футбол клубы, тіпті Сыртқы істер министрлігінің 3 шипажайы, Денсаулық сақтау министрлігінің 4 институты, Қаржы министрлігінің Қаржы академиясы мен "Қазақ энциклопедиясы" енген. Мұнан өзге Республика сарайы мен «Қазақфильмнің» де жекеге өтетінін бұрын да айтқанбыз. Бұл өнер адамдарының наразылығын тудырған болатын. Алайда атқамінерлер Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңін өткізу арқылы бәсекелестікті арттырып, кәсіпкерлікті дамытамыз деп отыр. Олар тіпті бұл 90-ыншы жылдардағы жекешелендіруден өзгеше болады деп сендіруде. Сондықтан болар, «Қазақфильм» ғимаратын 60. млн долларға сатып алушылар табылатынына сенімдері мол. Бұған капиталды кезекті заңдастыру шарасы да демеу болады екен. Осы жолы 10-12 млрд. доллардың мүлкі заңдастырылады деген болжам бар. 

Дереккөз: ktk.kz

5 тамыз 2014, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.