Атырау, 12 қараша 07:33
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Жарықтың жыры жаңғырды

2 960 просмотра

Көшеде аптап ыстық, ал, Авангард-3 мөлтек ауданындағы №53 үйдің тұрғындары электр қуатын  қорқынышпен қолдануға мәжбүр: үй тек бір ғана фазаға қосулы және тұрмыстық электр құралдарын пайдалану өте қауіпті, олар бірден жанып кетуі мүмкін.

30 маусымнан 1 шілдеге қараған түнді тұрғындардың бір бөлігі салқындатқыштардың көмегінсіз өткізген, өйткені, электр энергиясын «шахмат тақтасының тәртібі» бойынша берді. «Түні бойы және таңертең біз «Атырау-Жарыққа» телефон шалдық. Алдымен бізге бұл үйішілік ажыратқыштардан болған жағдай, демек, оны ПИК шешуі керек, - деді. Жұма күні таңертең біздерге маман жіберуге уәде етті. Ал, кейін тіпті, үйдің «Атырау-Жарық» балансында еместігін мәлімдеді. Ал, бұған дейін электр жарығы үшін ақыны соларға төлеп келдік емес пе?!», - дейді үй тұрғыны Светлана Викторовна.

Жұма күні кешке қарай дегенмен жарықты берді, алайда, тұрғындар оны аса сақтана қолдануда, тек жарықтарын ғана қосып қойған. Салқындатқыш қондырғылары мен басқа да тұрмыстық электр құрал-жабдықтарын кезектестіре қосып отыр. Олар электр іркілістерінен істен шығып қалуы мүмкін. Тұрғындардың айтуынша, олардың көпшілігінің кір жуатын машиналары мен тоңазытқыштары бұзылып қалған, №31 пәтердегі тұрғынның сплит-жүйесі жанып кеткен, тұрғындардың бірі кір машинасын жөндету үшін 15 мың теңгесін жұмсаған. Электр қуатының іркілісі салдарынан тұрғындарға келтірілген шығынның жалпы көлемі қандай болды, ол әзірге белгісіз.

4 шілде, дүйсенбі күні тұрғындар электр қуатына қатысты мәселені кім шешетіндігін анықтау үшін өз үйлерінің жанына жиналды. Сол уақытта үйден алыс емес маңда ПИК қызметкерлері жалдап алған мамандармен бірлесе отырып ақауды табу үшін жерді қазып жатты. «Біздің үйлерімізге үш фазалы электр желісі жүргізілген, бейсенбі күні апат не болмаса желідегі ақаудан ба, екі фаза істен шығып қалды. Қазір үй бір ғана фазаға қосулы. Бұрын электр қуаты әуе желісі бойынша келетін, осыдан бірнеше жыл бұрын аудандағы барлық кабельдерді ауыстыру барысында біздің үйге жерасты желісін тартқан еді. Ал, үйдің ішіндегі жертөледе электр сымдарын сумен жабдықтау тұрбасына жалғап қойған! Соның кесірінен біз жертөлелерге әзер дегенде кіреміз, тұрғындарды кейде су алған кездері ток соғып жатады»,-дейді ПИК шебері Ибрай  АТАНИЯЗОВ.

Тұрғындардың пікірінше, бүгінгі жағдайдың орын алуының себебі тереңде: ескі үй, тозығы жеткен электр жүйелері, үнемі болып тұратын қуатты көтермей қалады. Трансформаторлық стансадан жаңа кабель тартылғанымен де үйішілік ажыратқыштар баяғыда-ақ, тозып біткен. Ол аз дегендей, тұрмыстағы қолданылатын құралдар жиі пайдаланылады және олардың қуаттылығы да бұрынғыға қарағанда артты. Ал, олардың үйлеріне келетін болсақ, бұл жағдай сол үйлердің бірінші қабатындағы бірнеше ойын-сауық және саунаның болуымен ушығып тұр. «Оларға жұмыс істеуге рұқсат бергендер кім? Әрбір мейрамхана электр қуатын көп жұмсайды ғой. Бәрінен бұрын менің жолым болмады, менің пәтерімнің астында сауна орналасқан. Пәтерімнің едені үнемі ыссы болып тұрады, ал, подъездердің қабырғалары үнемі дымқыл. Мынадай ыстықта бұл дегеніңіз азап қой!», -деп шағымданады Галина ВЕРБОВА.  

«№53 үйдің электр жүйесі ТКШ бөлімінің балансында. «Атырау энерго сату» үй тұрғындарынан заңды негізде төлемақыларын алып отыр, олар электр энергиясын сатады, оны тұрғындар пайдаланып келеді. Ал, желілерді пайдаланғаны үшін ПИК және ТКШ бөлімі жауап береді. Өйткені, трансформаторлық стансадан үйге дейінгі кабель коммуналшылардың меншігінде. Біз бұл жағдайдан хабардармыз, кабельдің жанып кеткенін білеміз, біз әзірге тұрғындар жарықсыз қалмасын деп үйді бір фазаға қосып қойдық және ТКШ бөлімін хабардар еттік»,- деп хабарлады бізге телефон арқылы «Атырау-Жарық» АҚ қалалық электр тарату жүйесі бөлімінің бастығы Ғабиден ҚАНАТОВ.

- Ал, сіздің ПИК қызметкерлері мен олардың тұрғындар арасынан жалданып алынған, яғни, біліктіліктерін ешкім тексермеген адамдар өз күштерімен (суретте) ақауды жою шараларын қолға  алып жатқандығынан хабарыңыз бар ма? Олардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп бар ма?

- Ережеге сәйкесті, олар мұндай жұмыстарды жүргізу үшін бізден рұқсат алулары керек. Әдетте, ПИК электриктерінің 1000 вольтқа дейінгі қуаттылығы бар желілерде жұмыс жасауға біліктіліктері болады. Ал, қазір олардың желілерінде 380 вольтқа дейін болуы тиіс. Демек, олар трансформатор стансасында электр энергиясын ажыратып, қайта қалпына келтіру жұмыстарын толығымен атқара алады. 

«Махамбет» ПИК төрағасы Махамбет ЖАНАХМЕТОВжелілердегі ақауды қалпына келтіру жұмыстарымен қалалық ТКШ бөлімі айналысуы тиіс дейді, өйткені, өз кезінде №53 үйдің иесіз қалған желілері осы бөлімнің балансына берілген еді. Ал, қалалық ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Серікбай ҚАЗИЕВ төрағамен келіспейді: «Біз бұрын біздің балансымызда болған бұл барлық желілерді акт бойынша «Облтрансгазға» бердік, енді біз тек көше жарығына ғана жауап береміз».

«Біздің кәсіпорынға бұл желілер әзірге беріле қойған жоқ. Желілерді беру мүмкіндігі туралы әңгімелер шын мәнінде қозғалып жатыр, алайда, ресми құжаттар мен желілерді қабылдау-беру актілері берілген жоқ»,-дейді «Облтрансгаз» КМК-ның  жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Мұрат АУДАНОВ.

Осынау барлық ресми тұлғалардан  түсінік алу үшін біздің екі күнгі уақытымыз кетті. Үй тұрғындары әрине, осыншама уақыт электр қуатынсыз отыра алмайды ғой, сөйтіп олар өз қалталарынан қаржы жинап, оған сол үйдің бірінші қабатында орналасқан мекеме иелері де қосылып, ақауды жоятын маман жалдап, 3-ші подъездегі басты электр қалқандарын ауыстыруды міндеттеріне алды. «Енді біз осы қаржы шығындарын ПИК-ның өндіріп беруін талап етеміз», -дейді Галина Вербова. Және тұрғындар өз үйлеріне тартылған электр желілерінің кімнің иелігінде екендігін білуді қалайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

7 шілде 2011, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.