Атырау, 26 қараша 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Барлық күш құрылымдары бандыларды іздеуде

2 904 просмотра

Ақтөбе облысындағы қайғылы оқиғадан кейін («АЖ» 12-бетінен оқыңыздар) Атырау облысының күш құрылымдары күшейтілген қызмет атқару жүйесіне көшті.

1-шілдеге қараған түні Шұбаршы селосында белгісіз қылмыскерлердің қолынан екі патрульдік полицей қаза болған еді. Күндіз кейінірек оларды ұстау кезінде «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгері оққа ұшып, тағы үш жауынгер жараланды. Қарулы шабуылға және арнайы жасақ сарбаздарына тойтарыс бере алған бандылардың кәсіпқойлығын ескерген күш құрылымдары дүрлігісіп қалды.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, күдіктілердің аты-жөндері белгілі екен. Облыс полицейлері қара түнге дейін бағдар бойынша жұмыс істеуде. «Алайда ешқандай дүрбелең жоқ. Қызметкерлеріміз тапа-тал түсте қолдарына қару алып, сауыт киіп, қала ішінде жүрген жоқ», - деп атап өтті ол.

Бандалық топты іздеу және оларды залалсыздандыру операцияларына облысымыздағы әскери бөлімшелердің қатысуы жөнінде қойылған сұраққа Атырау гарнизонының әскери прокуроры Талғат БЕКБЕРГЕНОВ мұның жабық ақпарат екендігін айтты.

Лев ГУЗИКОВ

7 шілде 2011, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.