13 шілдеде түн ортасына қарай Атырау футболы ардагерлері қозғалысының белсенділері бірге отырып әлем чемпионатының финалдық ойынын қарау үшін қала мейрамханаларының біріне жиналды.
Барлығы бірдей чемпионатта ең қызықты ойын өрнегін көрсеткен Германия құрамасына жанкүйер болды. Бұл команданың жеңісін ардагерлер үш рет «ура» деп ұрандатып, сыра бокалының сыңғырымен атап өтті.
Облыс футболы ардагерлері қозғалысының белсендісі Халит ЖАМАЛЕТДИНОВ: «Осы чемпионаттағы Коста-Рика мен Алжир құрамаларының ойынын айрықша атап өткім келеді. Немістер үшін де қуаныштымын, олар бұл жеңіске лайықты. Бразилиялықтарға, ресейліктерге және бізге футболымызды – балалар спорт мектебін, ойыншыларды іріктеу, басқару жүйесін қайта құруымыз керек. Бәрі жаңару керек. Атыраулық жаттықтырушыларды Германияға оқуға жіберіп алса да артық етпес еді...».
Атырау облысы ардагерлер лигасының 2014 жылғы «Алтын бутсы» сыйлығының иегері Сағи ДАНАБАЕВ: «Мен Бразилия құрамасының екі ойында, Германиядан 1:7, содан кейін Голландиядан 0:3 ірі есептерімен ұтылғанына қатты таңғалдым. Мен финалдық ойын өте тартысты өтеді, 1 доп айырмасымен Германия ұтады деп болжам жасап едім. Тап солай болды».
Дмитрий ЗЛАТЬЕВ: «Біз мұнда «Атырау» командасының өз алаңында «Қайсарды» қабылдап, 1:3 есебімен ұтылып қалған ойынынан кейін келдік. Менің қазіргі жергілікті футболға қатты жаным ашиды. Мен «Прикаспиец» құрамында ойнаған кезімде бізде алматылық «Қайраттан» шақыртылған екі-үш ойыншы ғана болды, қалғандары жергілікті жігіттер еді, олар өз туған командасы үшін жандарын аямай ойнайтын. Ал, қазір «Атырау» құрамында жергілікті ойыншылар жоқтың қасы. Жарайды, бірақ легионерлерді шақырту нәтиже берсе ғой, шіркін, еш ойын жоқ. Екінші айналымның аяғына дейін екі тур қалды, ал, командамыз сегізінші орында, биыл тағы да жүлденің ауылы алыс.
Мен «Прикаспиецте» қорғаушы болып ойнадым. Ол кезде футбол алаңында жаншылған топырақ пен шебін тастар болатын. Ойыннан кейін денемізде сау жер қалмайтын. Сонда да жеңіске жетіп жүрдік! Германияның керемет ойынына риза болдым. Тек қана алға, бундестим!»
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсіргенҚанат ЕЛЕУОВ