Нұржан ҒАНИМҰРАТАтырау облыстық кәсіби-техникалық колледждердің 40 шебері мен оқытушысы «YKK» (Ескерткіш Қызмет Қазақстан) ЖШС-де техникалық қауіпсіздік бойынша тегін оқу курстарынан өтті.
– Шетелдік компания қызмет-керлеріне арналған мұндай курстар орташа алғанда 5 мың доллар тұрады, ал, ҮКК емтихан да өткізіп, колледж шеберлеріне сертификат берді, - дейді Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан ҒАНИМҰРАТ. – Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы шеңберінде оқытуды өз мойнына алды. Меншік түріне қарамастан облыстағы бүкіл колледждің шеберлері, ҚТ мен арнайы пәндердің оқытушылары, инженерлік-техникалық қызметкерлер оқыту курсынан өтті.
Бұл курстар КТЛ оқытушылары үшін кәсіби-техникалық білімге қатысты ахуал тұрғысында анағұрлым өзекті. Көптеген жұмыс берушілер білім деңгейлері төмен деген қынжылыспен кәсіби-техникалық лицейлер мен колледждердің түлектерін қабылдаудан бас тартады. Бұған жауап ретінде кәсіпкерлер палатасы облыстық білім беру басқармасымен бірге студенттерді дуальды тәжірибеге алуды ұсынады. Олар екі күн оқу орындарында теорияны оқып, үш күн тәжірибе арқылы алған білімдерін бекітеді. Осылайша, кәсіпорын болашақ жұмысшыларын өздері дайындайтын болады. Автомеханик мамандығына оқытылатын студенттерге қатысты мәселе шешіліп қойды, олар түрлі кәсіпорындарға бекітілді.
Дегенмен, түлектердің өздері де жұмыс орындарын таңдауды үлкен талғаммен жасайды.
– Жақында бізге ірі кәсіпорындарда электр монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын «ЭЛМО» АҚ жүгінді. Оларға 30 шақты электр монтаждаушы қажет екен. Біз студенттерді дуальды тәжірибеге алу жөнінде кәсіпорынмен келісім жасадық, олар тәжірибе кезінде жалақы төлейтін болды, ал үш айдан соң олардың үздігін жұмысқа алмақ, - деп әңгімелейді Н.Ғанимұрат. – Біз кәсіптік-техникалық колледждердің 60 студенті мен түлектерін шақырып, оларға кәсіпорынның ұсынысын: бастапқы жалақы 46 мың теңге, оған қоса КТУ (еңбекке қатысу коэффициенті) болады деп айтқан едік. Егер үш айдан кейін үміткер дәрежеге тапсырса, онда оның жалақысын көтеріп, «көлемге қояды». Яғни, түрлі тапсырыстарды орындауға жібереді. 60 адамның ішінде тек төртеуі ғана келісім берген. Олар жұмыстың өте ауыр және жалақысының да төмендігін айтады.
Басқа елдерде жастар кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітіргеннен кейін бірнеше жыл өндірісте жұмыс істеп, жоғары оқу орындарына тек жұмыс мансабы бойынша көтерілген кезде ғана барады. Ал, бізде жоғары оқу орындарына орта оқу орнын бітірген бойда барады. Осылайша, олар жұмысқа орналасуға деген өз мүмкіндіктерін азайтады екен.
Зульфия ИСКАЛИЕВА