Атырау, 23 желтоқсан 22:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Кембридждің түлегі ретінде айтарым...»

2 441 просмотра

Таяуда түлектермен болған кездесуде облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ өз өмірбаянының қызықты қырларымен бөлісті.

Облыстық білім беру басқармасының таяуда ғана тағайындалған бастығы Киікбай ЖАУЛИННІҢ басшылығымен ұйымдастырылған әкіммен болған кездесуге таяу және алыс шетелдегі жоғарғы оқу орындарынан шақырту алған халықтың әлеуметтік тұрмысы төмен тобынан - жетім, толық емес және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқу озаттары мен республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарын шақырулары тиіс болатын.

Естеріңізге салсақ, соңғы үш жылда Атырауда облыстық әкімдіктің қолдауымен жоғарғы оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін қаржылай көмек бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Бағдарлама 2009 жылы облыс әкімінің бастамасымен халық қысқартуларға ұшырап, студенттердің туысқандары жоғарғы оқу орындарының төлемақысын төлей алмаған экономикадағы дағдарыс құбылысына байланысты іске қосылған болатын. 2009 жылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 119 млн. теңге, 2010 жылы 123 млн. теңге бөлінген. Биыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВ хабарлағандай, қаржылық көмектің көлемі «дағдарыстың аяқталуына байланысты» әжептәуір қысқарған. Ол енді тек ең мұқтаж жандарға ғана қол ұшын беретін болады.

Тағы бір жайт: егер өткен жылдары бағдарламаға облыстық бюджеттен (облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы) қаржылар бөлінген болса, биылғы жылы бюджет қаржыларын үнемдеу мақсатында 15 компанияның демеушілік қаржысымен «Атырау-Болашақ» қоры құрылған. Түлектермен кездесуде айтылғандай, қордан облыстық білім басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бекіткен тізім бойынша студенттерге қаржы бөлінетін болады. Б. Рысқалиев президенттік «Болашақ» бағдарламасының сәтсіз аяқталған тәжірибесі бастапқы келісім-шарттарға түзетулер енгізуге мәжбүр еткенін айтты. Атап айтқанда, енді студенттер (және олардың ата-аналары) жастарды оқу бітірген соң үйлеріне оралып, мамандықтары бойынша Атырау облысында жұмыс істеуге міндеттейтін келісім-шартқа қол қоятын болады. Әйтпесе, ақшаны қайтарулары қажет.

Кездесу барысында көмекке мұқтаж үздіктер мен олимпиада жеңімпаздарының қатарында осы мәртебеге мүлдем лайық еместер де бар екендігі анықталды. Мәселен, қыз балалардың бірі Ұлыбританиядағы оқу орындарының біріне бармақшы екендігін, бірақ үздіктерге де, олимпиадаға қатысушыға да жатпайтынын айтып қойды. Қор оқу шығынын ғана жабатындықтан, қыз бала толыққанды емес отбасынан шыққандықтан және өмір сүру шығындары жеткіліксіз болғандықтан, өзге елде кімнің есебімен өмір сүретінін сұрады.

«Алтын белгі» мәртебесін қорғап шыққан жас жігіт Канададағы жоғарғы оқу орнына түскен. Ондағы қаржыгерлік оқу ақысы жылына 40 000 доллар құрайды екен. Жас жігіттің әкесінің айтуынша, бозбалаға шақырту қағазы келіпті, ата-аналары алдын ала 5 000 доллар төлеп қойған.

Облыс әкімі бұл цифрдан (40 000) шошып кетті:

- Неге сондай қымбат? Мен өзім Кембриджде оқыдым, ұлым да сонда оқып жатыр. Ол жердегі оқу ақысы жылына 27-28 мың доллар тұрады. Сіздің ұлыңыз одан аз қаржыға басқа беделді оқу орнында оқи алады. Біз басқа аз қамтылған отбасының балаларына білім алуларына қол ұшын беруге тиіспіз. Егер сізде алдын ала төлеуге ақша табылса, демек, ұлыңызды оқуын ішінара болса да төлейтін жағдайыңыз бар болғаны ғой. Өз балаларының білім алуына ақы төлеу ата-аналардың міндеті.

Әрі қарай Б.Рысқалиев тек жетімдер мен толыққанды емес отбасынан шыққан балаларға ғана толық көлемде және екі ата-анасы медик немесе педагог боп келген толыққанды отбасынан шыққандарға 50 пайыз көлемде жәрдем көрсетілетінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ, олимпиада жеңімпаздарына жеңілдіктер берудің негізді екендігіне күмән келтірді.

- Бір пән бойынша олимпиадаларда жеңіске жету жақсы оқу үлгерімінің көрсеткіші емес. Мен де мектепте оқып жүргенде осындай олимпиадаларға бір-екі рет қатыстым. Бірақ, жасыратыны жоқ, үздік оқыған емеспін.

Б. Рысқалиев түлектердің бірі ресейлік жоғарғы оқу орнына грант бойынша түсіп, енді ата-анасы «Атырау-Болашақ» қорынан 7 000 доллар қаржыны негізсіз сұрап отырғаны анықталғаннан кейін, түлектермен әңгімесін үзді.

Бұдан басқа жеңілдіктерді қарайтын комиссияның құрамында тек 3 адам бар екендігі анықталды. Әкім облыстық білім беру басқармасынан және жұмыспен қамту басқармасынан комиссия құрамын 15 адамға дейін көбейтіп, жеңілдіктер алатын тізімді қайта қарап шығуды талап етті.

Әкім кеткеннен кейін сиықсыз көріністі бақылауға тура келді. Ата-аналар өз балаларын айтып қойдыңдар деп жазғырса, Жаулин ата-аналарға жалған ақпарат бергендері үшін ашулы болды. Ересек өмірді жалғандықпен бастаған жақсы болғаны ма? Қаржылық көмек шынымен де мұқтаж жандарға жетер ме екен?

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 маусым 2011, 00:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.