Атырау, 16 маусым 23:25
 ашықВ Атырау +26
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Оқиғалар тізбегі

650 рет қаралды

Қызылқоға ауданының Қоныстану ауылында 20 мамырда ішімдікке тойған екі жас жігіттің арасында төбелес орын алып, бірі екіншісін ағашпен ұрған. Төбелестің соңы кісі өлімімен аяқталды. ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бабының «и» тармақшасы («Бұзақылық ниетпен адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

 

Мамырдың 23-нде кешкі сағат жетіде «Дина» базарында 52 жастағы кәсіпкердің сөмкесінен күндізгі түсім ақшалар ұрланған. Полиция ұрының жеке басын анықтады, ол 35 жастағы Атырау тұрғыны болып шықты. Ол әйелге іздеу жарияланды.

***

 

Полицияға  ЖШС-лердің бірінің директоры хабарласты. 23 мамырда КамАЗ жүргізушісі 40 тонна қиыршық тасты иемденіп, сатып жіберген. Жүргізуші ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Мамырдың 24-іне қараған түні белгісіз біреулер Авангард 3-ші ықшамаудандағыкөппәтерлі төрт үйдің шатырынан телефон сымдарын ұрлап кеткен. Келесі күні полиция екі күдікті - Атыраудың 22 жастағы тұрғындарын ұстады. Заттай айғақ – сымдар орамы алынды.

***

 

Мамырдың 25-нде күндіз СМП-136 ықшамауданындағы жалдамалы пәтерде колледж оқушысы бөлмелес көршісінің 15 мың теңгесін ұрлап алған. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Жылыой ауданының Майкөмген елді мекенінде 25 мамырда полицейлер Маңғыстау облысының екі тұрғынын ұстады. Олардың сөмкесінен қойдың еті табылған. Олардыңмалды Бейнеу поселкесінде ұрлап алып, сойғандығы, ал етті сатуға әкелгендігі анықталды. Олардың осы секілді қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

***

 

Мамырдың 25-нде күндіз Атырау – Орал тас жолында «Нива» көлігі аударылып қалды. Нәтижесінде 26 жастағы жолаушы алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.

***

 

Құлсары қаласында 26 мамырда «Жигули» көлігінің 49 жастағы жүргізушісі велосипед мінген 7 жасар баланы қағып кетті. Аяғы сынған бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Құлсары қаласында 26 мамырда жедел шаралар барысында полицейлер 30 жастағы ер адамды ұстады. Оның шалбарының қалтасынан 20 грамммарихуана табылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

 

Полицияға Құрманғазы ауданының Кудряшово ауылынан 58 жастағы кәсіпкер хабарласты. 26 мамырға қараған түні белгісіз біреулер өзіне тиесілі көлік орынжайына кіріп, 23 мың теңге болатын азық-түлікті ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Заттай айғақ алынды.

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.